Жеңілмеген қазақ боксшы канадалық промоутерлермен келісімшартын үзді » Vesti.kz

0
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО) Eye of Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартын үзді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы BoxRec қызметінің канадалық филиалына жауапты Филлип Сент-Мартин твиттер желісінде жазды. Оның сөзінше, келісімшарт екі жақты мақұлдаумен тоқтатылды, ал Құсайынов келесі жекпе-жегін 16 желтоқсан Қазақстанды өткізеді.

Айта кетейік, кәсіпқойдағы карьерасын Құсайынов 2015 жылы желтоқсанда Қытайда бастаған. Алайда кейінгі жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізді. Eye Of Tiger Managment промоутерлік компаниясы Батыр Жүкембаев, Нұрзат Сабыров пен Садриддин Ахмедовтың да ісін жүргізіп келеді.

27 жастағы Хұсайынов тоғыз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, оның алтауы нокаутпен. Қазіргі таңда ол BoxRec рейтингінің 96-шы сатысында орналасқан.