Имам жаназаны үш тәкбірмен аяқтаса, не істейді?

0
170

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жаназа намазының рүкні екеу: Қиям тік тұру және төрт тәкбір алу.

Осыған орай, жаназа тәкбірлерін кем орындап қойған жағдайда не істемек керек?

1. Имам жаназа намазын ұмытып үшінші тәкбірден сәлем беріп қойса, бірден сол сәтте төртінші тәкбірді айтып, екі жаққа сәлем беріп жаназаны аяқтайды[1]. «Сахих Бұхаридегі» риуаяттың бірінде сахаба Әнәс ибн Мәлик жаназа намазын өткізіп тұрып, үшінші тәкбірден кейін сәлем беріп қояды. Жамағат шатасқанын айтқаннан кейін, құбылаға бет бұрып, төртінші тәкбірді айтып, сәлем береді.

2. Имам тәкбірді кем орындағанын мәйіт жер қойнауына тапсырылғаннан соң білген болса не істеуі керек? Ондайда жаназаны қабіріне барып оқиды құбылаға беттеп. Жалғыз өзі оқыса да болады. Жамағат шарт емес. Бірақ, ол үшін жер қойнауына тапсырылған мәйіттің денесі бұзылатындай уақыт өтпеген болуы керек. Жерленгеннен соң денесі бұзылатындай уақыт өткен болса, қабіріне барып жаназасы оқылмайды.

Ал, имам тәкбірді артығымен орындаса не істеу керек? Имам бесінші тәкбір алған болса, арттағы жамағат бесіншісін орындамай, имамның сәлем беруін күтіп тұрады. Имам сәлем бергеннен кейін бәрі имамға ілесіп сәлем беріп, аяқтайды[2].  Жаназа намаз есептеледі.

Абдусамат Қасым