Петропавлда монополист компанияларға қатысты тексеріс басталды

0
27 Қараша 2018, 15:58 251 0

Астана, BAQ.KZ. Петропавлда су мен жылуға жауапты монополист компанияларға қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды, деп мәлімдейді «Хабар 24»

Оған тұрғындардың шағымы себеп болған. Қазір қалада коммуналдық тарифтерге қатысты қоғамдық қабылдау өтіп жатыр. Енді тұтынушылар апта сайын белгіленген күні табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне келіп, өздерін мазалаған мәселелерін айта алады. Бүгінгі күнге дейін қабылдауға 20 шақты адам жазылып, ұсыныс-тілегін білдірді. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың сұрақтары су, жылу, жарық және газ бағаларына байланысты болды.

«Қазір су мен жылуға байланысты «Қызылжар су» және «СевКазЭнерго» кәсіпорындарында тексеріс жүріп жатыр. Оның қорытындысы кейінірек белгілі болады. Егер монополистер қандай да бір заң бұзушылыққа жол берсе, оларға қатысты шара қолданылады», — дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы, Жандос Ермағамбетов.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ