Ердоған Трампты кездесуге шақырды

0

Астана. 25 желтоқсан. KAZISLAM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы тілдесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трампты Анкараға шақырды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Екі елдің басшылары тілдесу барысында Анкара террорист деп таныған Сирияда қарулы соғысқа қатысып жатқан күрділердің «Халықтық өзін-өзі қорғау күші» мен «Демократиялық одақ» партияласының құрылуы төңірегіндегі мәселелерді талқылады.

Ал Ақүй өз кезегінде Трамптың Ердоғанмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен бұған байланысты әзірге АҚШ тарапы ісшара ұйымдастыруды жоспарға алмаған.

Айта кетсек, осы аптада Сириядан АҚШ әскерін шығару бойынша талқылау жасауға америкалық әскери делегация Түркияға келеді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/