Дұғадан кейін неліктен бет сипаймыз?

0

Әлемдердің Раббысы, Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар болғай! Әуелгілер мен соңғылардың мырзасы Пайғамбарымыз Мұхаммадке (ﷺ) оның отбасы мен сахабаларының барлығына және қиямет күніне дейін игілікте оларға ергендерге Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын!

Бұл шағын зерттеу жұмысында дұға жасағаннан кейін екі қолмен бет сипаудың үкімі төрт мазһаб ғалымдарының сөздері мен дәлелдеріне сүйене отырып келтірілген.

Жалпы төрт мәзһаб ғұламалары дұғаның соңында екі қолмен бет сипаудың мұстахаб амал екендігіне бір ауыздан келіскен. Алайда ханбали мәзһабы және де басқа кейбір ғалымдар шафиғи мазһабының пікіріне қарама-қайшы көзқарас білдіріп, намаздың ішінде «құныт» дұғасынан кейін екі қолмен бет сипауды да шариғат құптайтындығын жеткізген.

Тек шафиғи мәзһабының ұстанымында намаз барысында оқылатын «құныт» дұғасынан кейін ғана бет сипауды құптамаған.

Шафиғи мәзһабының ғалымы әл-Из ибн Абдуссәләм мен ханбали мазһабының өкілі Тақиюддин ибн Таймия секілді жекелеген ғалымдар дұғадан кейін екі қолмен бет сипау амалы шариғатта жоқ деген пікірді ұстанған. Алайда бұл екі ғұламаның көзқарасы әлсіз саналады.

Осы мәселеге қатысты ғалымдардың көзқарастарын кеңірек баяндайтын болсақ:

Ханафи мазһабының пікірі:

فيشرحالحصكفي 1/507 🙁وأما (عندالصفاوالمروةوعرفاتف (يرفعهماكالدعاءوالرفعفيهوفيالاستسقاءمستحب(فيبسطيديهحذاءصدره (نحوالسماء)لأنهاقبلةالدعاءويكونبينهمافرجةوالإشارةبمسبحتهلعذركبرديكفيوالمسحبعدهعلىوجههسنةفيالأصحشرنبلالية). اه

Имам Хаскафидің түсіндірмесінде (шархында): «Сафа, Маруа және Арафатта әдеттегі дұғадан соң істелгендей екі қол көтеріліп дұға жасалады. Сол сияқты жаңбыр тілеу дұғасында да екі қол көкірек тұсына дейін көтеріліп, екі қолдың арасы алшақ ұсталады да алақандар аспанға қаратылып жайылады. Себебі аспан дұғаның құбласы. Сонымен қатар салқын күндері үзір ретінде сұқ саусақпен ишарат етудің өзі де жеткілікті. Дұға жасалып болған соң екі қолмен бет сипау имам Шурунбулалидің ең дұрыс пікірі бойынша сүннет болып табылады»,- деп келген.

وفيالفتاوىالهندية 5/318 : (مسحالوجهباليدينإذافرغمنالدعاءقيل : ليسبشيءوكثيرمنمشايخنا — رحمهالله تعالى —اعتبرواذلكوهوالصحيحوبهوردالخبركذافيالغياثية.) اه

«Әл-Фатауа әл-Һиндия» атты ханафи мазһабы ғұламаларының пәтуалар жинағында: «Дұға жасалып болған соң екі қолмен бет сипауда тұрған еш ағаттық жоқ. Ұстаздардың (р.а.) (шейхтер) көбі бұл пікірдің дұрыс болғандығы үшін, оған басымдық берген. Себебі дұғадан кейін екі қолмен бет сипауды растайтын нақты деректер жеткен. Сонымен қатар «әл-Ғиясия» еңбегінде де дәл осылай айтылған».

Мәлики мазһабының пікірі:

فيالفواكهالدواني 2/330: (واختلفهليرفعيديهعندالدعاءأولا؟وعلىالرفعفهليمسحوجههبهماعقبهأملا؟والذيفيالترمذيعنعمربنالخطابرضياللهعنه: (كَانَرَسُولُاللَّهِصَلَّىاللَّهُعَلَيْهِوَسَلَّمَإِذَارَفَعَيَدَيْهِفِيالدُّعَاءِ،لَمْيَحُطَّهُمَاحَتَّىيَمْسَحَبِهِمَاوَجْهَهُ)  .فيفيدأنهكانيرفعهماويمسحبهماوجههاه.

«Әл-Фауакиһу әд-Дауани» атты еңбекте: «Дұға жасаған уақытта қол көтеріле ме әлде жоқ па? деген мәселеге қатысты қарама-қайшы көзқарастар бар. Дұғада екі қол көтерілсе, кейін сол екі қолмен дұғаның соңында бет сипау дұрыс па жоқ па? деген сұрақ туындайды. Бұған қатысты имам Тирмизидің хадис жинағында Омар ибн Хаттабтан (р.а.) келген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұға жасаған уақытта екі қолын көтеретін және сол екі қолдың алақандарымен бетін сипамайынша қолдарын түсірмейтін еді» деп келген. Осы хадистен Алла Елшісінің (ﷺ) дұға жасаған уақытта, екі қолын көтеріп, дұғаның соңында алақандарымен бетін де сипағандығы түсініледі».

وفيالفواكهالدوانيأيضا 2/335 : (واختلففيبسطاليدولابأسمنهلانهأمارةالذلوالسكينةويستحبأنيمسحوجههبيديهعقبهكماكانيفعلهعليهالصلاةوالسلام ) اه

Сол секілді аталған еңбекте: «Дұға жасаған кезде екі қолды жайып тұру мәселесіне де қатысты қарама-қайшылық туындаған. Алайда олай істеудің де еш әбестігі жоқ. Себебі дұға жасаған уақытта қолды жаю, бойұсынушылық пен жан тыныштығының белгісі. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) жасағандай, дұғаның соңында алақандарымен бетті сипау мустахаб амалға жатады».

وفيالفواكهالدوانيأيضا 1/281 : (ويرفعيديهفيحالالدعاءوبطونهماإلىالأرضوقيلإلىالسماءووردأنهبعدالدعاءيضعيديهعلىوجههويمسحهبهمالكنمنغيرتقبيل )اه

Еңбектің басқа бір жерінде: «Дұға жасалғанда екі қол көтеріледі де алақандардың ішкі жағы жерге қаратылады, сол секілді аспанға да қаратылады деп айтылған. Дұға жасалған соң, екі қолмен бет сипалып, алақанды сүйместен бет сипалады».

Шафиғи мазһабының пікірі:

فتاوىابنحجر 1/137 : ( وسئل— رضياللهعنهوحشرنيفيزمرته —عنتقبيلاليدينبعدكلدعاءخارجالصلاةهللهأصلكمسحالوجهبهماأملا؟وإذاكانلهأصلفهلهوصحيح , أوخبرهضعيف؟( (فأجاب —فسحاللهفيمدته — : بأنيلمأرلهأصلاصحيحاولاضعيفابعدمزيدالبحثوالتفتيش ; فلاينبغيفعلهاه.

Хафиз Ибн Хажардың пәтуалар жинағында: «Хафиз Ибн Хажарға (р.а.): «Намаздан тыс бетті сипау мәселесі сияқты, барлық дұғадан кейін екі қолмен бетті сипамастан бұрын, алақанды сүюге де негіз, дәлел бар ма, әлде жоқ па? Ал егер алақандарды сүюге қатысты негіз бар болса, онда ол дұрыс (сахих) па, әлде әлсіз (дағиф) дерек пе?» – деп сұрақ қойылған. Бұл сұраққа Ибн Хажар (Алла одан разы болсын): «Бұл мәселеге қатысты толыққанды зерттеу жұмысын жүргізген соң, оған дұрыс (сахих) та әлсіз (дағиф) де негіз, дәйек таппадым. Сол үшін дұға жасағаннан кейін екі алақанды сүймеген жақсы», –деп жауап берген.

وفيمغنيالمحتاج 1/370: (وأمامسحغيرالوجهكالصدرفلايسنمسحهقطعابلنصجماعةعلىكراهته.وأمامسحالوجهعقبالدعاءخارجالصلاةفقالابنعبدالسلامبعدنهيهعنهلايفعلهإلاجاهلاهـ.وقدوردفيالمسحبهماأخباربعضهاغريبوبعضهاضعيفومعهذاجزمفيالتحقيقباستحبابهاه.

Бұл мәселеге қатысты «Муғни әл-мухтаж» кітабында: «Дұға жасаған соң екі қолды жүзден басқа, кеуде сияқты дененің басқа жерлерін сипау кесімді түрде сүннет амалына жатпайды, керісінше олай істеу шафиғи мазһабының көпшілік ғалымдарының айтуы бойынша макруһ амалына жатады. Ал енді намаздың сыртында дұға жасағаннан кейін бет сипау мәселесіне тоқталар болсақ, Ибн Абдуссалам: «Олай (дұғадан соң бет сипау) тек надан адам ғана жасайды» деп, одан тыйған. Алайда дұға жасағаннан кейін екі қолдың алақандарымен бет сипауға қатысты, кейбірі ғариб (сирек), ал кейбірі әлсіз хабарлардың келіп жеткендігі анық. Сондықтан шафиғи мәзһабының ғұламалары бұл мәселеге қатысты терең зерттеу жасай отырып, дұғадан кейін бет сипау – мустахаб амал деп үкім берген».

وفيحاشيةالبجيرميعلىشرحالمنهج 1/208 : (قوله : (لامسحأي : فيالصلاةأي : لايندبفالأولىتركهحلويسنخارجهامرأي :يسنأنيمسحوجههبيديهبعدهاه.

«Хашия Бужайрами ала шарх әл-Манһаж» 1/208 атты кітапта дұғадан кейін бет сипау мәселесіне қатысты былай делінген: «Намаздың ішінде дұға жасағаннан кейін екі қолдың алақандарымен бет сипау мандуб амалына жатпағандықтан оны тәрк еткен дұрыс. Ал намаздың сыртында жасалған дұғадан кейін екі қолдың алақандарымен бет сипау – сүннет.

Ханбали мазһабының пікірі:

فيالمغنيلابنقدامة 1/449 : (ولناقولالنبي صَلَّىاللَّهُعَلَيْهِوَسَلَّمَ : (إِذَادَعَوْتَاللَّهَ , فَادْعُبِبُطُونِكَفَّيْكَوَلَاتَدْعُبِظُهُورِهِمَافَإِذَافَرَغْتَ,فَامْسَحْبِهِمَاوَجْهَكَ) .رواهأبوداودوابنماجهولأنهفعلمنسمينامنالصحابةوإذافرغمنالقنوتفهليمسحوجههبيده؟فيهروايتان:إحداهمالايفعللأنهرويعنأحمدأنهقاللمأسمعفيهبشيءولأنهدعاءفيالصلاةفلميستحبمسحوجههفيهكسائردعائها .الثانية:يستحبللخبرالذيرويناهوروىالسائببنيزيد ,(أَنَّالنَّبِيَّصَلَّىاللَّهُعَلَيْهِوَسَلَّمَكَانَإِذَادَعَافَرَفَعَيَدَيْهِمَسَحَوَجْهَهُبِيَدَيْهِ) .ولأنهدعاءيرفعيديهفيهفيمسحبهماوجهه,كمالوكانخارجاعنالصلاةاه

Ибн Қудаманың «әл-Муғни» 1/449 кітабында: «Бізге Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Егер Алла Тағалаға дұға қылатын болсаң, екі қолдың сыртқы бетімен емес, алақаныңмен жаса. Ал енді дұғаны жасап болғаннан кейін, сол екі қолдың алақандарымен бетіңді сипа»,-дегені жеткен (Әбу Дауд пен Ибн Мәжә риуаят еткен). Себебі сахабалардың осылай жасағандығы жеткен. Ал енді құныт дұғасынан кейін де бет сипау қажет пе, әлде жоқ па деген мәселеге тоқталар болсақ, бұл мәселеге қатысты ханбали мәзһабында екі көзқарас бар. Бірінші көзқарас бойынша құныт дұғасы жасалған соң бет сипалмайды. Себебі имам Ахмадтан: «Бұл мәселеге қатысты бірде-бір риуаят естіген емеспін»,-дегені риуаят етілген. Сонымен қатар «құныт» – намаздың ішінде оқылатын дұға. Сондықтан намаздың ішінде оқылатын басқа да дұғалар секілді, құныт дұғасынан кейін де екі қолдың алақанымен бет сипау, ұнамды (мустахаб) істерден емес». Ал енді екінші көзқарас бойынша құныт дұғасынан кейін бет сипау – мустахаб. Бұл істің мустахаб болуының себебі, бізге әс-Сәйб ибн Язидтен жеткен мына деркете былай деп риуаят етілген: «Алланың Елшісі () дұға жасағанда екі қолын көтеретін және дұғасын аяқтағаннан кейін екі қолының алақандарымен бетін сипайтын». Ал енді намазда құныт дұғасы жасалғанда екі қолдың көтерілетіндігі белгілі. Сондықтан хадистің мәтініне сай, дұға жасаған кезде екі қол көтерілгеннен кейін, намаздың сыртында жасалатын дұғалардағы секілді соңында бет сипалады».

وفيغذاءالألباب 2/516: (وأنيسألمايصلحويمسحوجههبيديهبعدفراغهاه.

Сондай-ақ «Ғизаул-Әлбәб» 2/516 кітабында дұға жасау әдебіне қатысты: «Дұғада тек, жақсылық атаулы ғана сұралады. Ал дұға жасалып болған соң, екі қолдың алақандарымен бет сипалады»,-деп келген.

وفيالفتاوىالكبرىلابنتيمية 2/219: (وأمارفعالنبي صَلَّىاللَّهُعَلَيْهِوَسَلَّمَ يديهفيالدعاءفقدجاءفيهأحاديثكثيرةصحيحة,وأمامسحهوجههبيديهفليسعنهفيهإلاحديثأوحديثانلايقومبهماحجةواللهأعلماه.

Ибн Таймияның «Фатауа әл-Кубра» 2/219 еңбегінде бұл мәселеге қатысты былай деп келген: «Пайғамбарымыз (ﷺ) дұға жасағанда қолдарын көтерген әрі бұл мәселеге қатысты көптеген сахих хадистер жеткен. Алайда дұғадан кейін бет сипау мәселесіне қатысты бір не екі хадис ғана жеткен. Сондықтан бұл бір-екі хадисті дәлел ретінде қолдану жеткіліксіз болып табылады. Дұрысын Алла біледі!»

Дұғадан кейін бет сипау мәселесіне байланысты дәлелдер:

Ғұламалардың көпшілігі дұғадан кейін бет сипаудың шариғатта құпталғандығын, осы мәселеге қатысты негіз-дәйек болып келетін бірнеше хадистерге сүйене отырып дәлелдеген. Алайда бұл хадистердің әрқайсысын жеке алғанда әлсіз хадистер қатарына жатады. Бірақ олардың барлығы бір-бірін қуаттайды. Себебі бұл хадистер, көптеген жолдармен бір адамнан ғана емес, Омар (р.а.), Ибн Аббас (р.а.), Сәйб ибн Язид (р.а.) пен оның әкесінен (р.а.) және мурсәл түрінде Зухри (р.а.) сияқты бірнеше сахаба табиғиндерден жеткен. Сол сияқты ғұламалар хадистен бөлек кейінгі ғасырларда келген ғалымдардың сөздеріне жүгінген.

1-2- حديثعمروابنعباس رضىاللهعنهماقالالحافظفيبلوغالمرام: (عنعمررضياللهتعالىعنهقال: (كَانَرَسُولُاللهِصَلَّىاللهُعَلَيهِوَسَلَّمَإِذَامَدَّيَدَيهِفِيالدُّعَاءِلَمْيَرُدَهُمَاحَتَّىيَمْسَحَبِهِمَاوَجْهَهُ). أخرجهالترمذي.ولهشواهدمنهاعندأبيداودمنحديثابنعباسوغيرهومجموعهايقضيبأنهحديثحسناهوحديثعمرصححهالترمذي 5/131 فقالصحيحغريب.

1-2. Омар (р.а.) мен Ибн Аббастан (р.а) жеткен хадис: Хафиз ибн Хажар өзінің «Булуғул-Марам» еңбегінде: «Бұл хадис Омардан (р.а) риуаят етілді. Ол: «Алланың Елшісі () дұға жасау үшін екі қолын жаятын және алақандарымен бетін сипамай түсірмейтін» деген. (Имам Тирмизи риуаят еткен). Аталмыш хадисті қуаттайтын имам Әбу Дауіттің хадис жинағында Ибн Аббастан (р.а.) және басқа да хадис ғалымдарының хадис жинақтарында т.б. сахабалардан бірнеше жолдармен жеткен қуаттаушы (шауаһид) хадистер бар. Сондықтан осы хадистер бір-бірін қуаттап «хасан» дәрежесіне жетеді. Жалпы имам Тирмизи өзінің «әс-Сунан» жинағында, Омардан (р.а.) жеткен хадистің дәрежесін «сахих ғариб» деген».

قالالصنعانيفيسبلالسلام 4/427: وفيهدليلعلىمشروعيةمسحالوجهباليدينبعدالفراغمنالدعاء.قيلوكأنالمناسبةأنهتعالىلماكانلايردهماصفرافكأنالرحمةأصابتهمافناسبإفاضةذلكعلىالوجهالذيهوأشرفالأعضاءوأحقهابالتكريم)اه.

Мухаммад ибн Исмаиыл әс-Санғани «Субулус-Сәлам» атты кітабында Ибн Хажардың келтірілген сөздерінен кейін былай деген: «Бұл жерде дұғадан кейін бет сипаудың шариғатта құпталғандығына дәлелдің бар екенін көреміз. Дұғадан кейін бет сипау мәселесіне қатысты былай деп те айтылған: «Жалпы осы дұға жасау мен бет сипаудың арасында ерекше бір байланыстың бар екендігі байқалады. Өйткені риуаяттардан Алла Тағаланың дұға жасаған пендесінің алақанын бос қайтармай, оны рақым-шарапатқа толтыратындығы белгілі. Олай болса бұндай мейрім-шарапатқа толы алақанды, адам баласы жүзіне төгіп сипаса ғана жарасады. Себебі адамның жүзі, дене мүшелердің ішіндегі ең шарапаттысы әрі құрметке ең лайықтысы».

3- حديثالسائببنيزيدعنأبيهوفيسننأبيدواد 2/79: (حَدَّثَنَاقُتَيْبَةُبْنُسَعِيدٍ،حَدَّثَنَاابْنُلَهِيعَةَ،عَنْحَفْصِبْنِهَاشِمِبْنِعُتْبَةَبْنِأَبِيوَقَّاصٍ،عَنِالسَّائِبِبْنِيَزِيدَ،عَنْأَبِيهِ:أَنَّالنَّبِيَّصَلَّىاللهُعَلَيْهِوَسَلَّمَ،كَانَإِذَادَعَافَرَفَعَيَدَيْهِمَسَحَوَجْهَهُبِيَدَيْهِ ) حكمالعلامةشعيبالارنؤوطإسنادهقوياه.

3. Сәйб ибн Язидтің әкесінен риуаят еткен хадисте: «Құтайба ибн Сағидтен, ол Ибн Лаһиғадан, ол Хафс ибн Һашим ибн Утайба ибн Әби Уаққастан, ол Сәйб ибн Язидтен, ол әкесінің былай деп айтқанын жеткізеді: «Пайғамбарымыз () егер дұға жасайтын болса, бірден екі қолын көтеретін, кейін алақандарымен жүзін сипайтын».

4-حديثابنعمررضياللهعنه :روىالطبراني 12/323 : عنابنعمرقال : قالرسولالله صَلَّىاللهُعَلَيْهِوَسَلَّمَ» :إنربكمحَيّكريميستحيأَنيرفعالعَبْديَدَيْهِفَيَرُدهُمَاصفراًلَاخيرفيهمَافَإِذارفعأحدكُميَدَيْهِفَلْيقل:يَاحَيّيَاقيوملَاإِلَهإِلَّاأَنْتيَاأرْحمالرَّاحِمِينَثَلَاثمَرَّاتثمَّإِذاأَرَادَرديَدَيْهِفليفرغالْخَيْرعلىوَجهه. «) اهقالالهيثميفيمجمعالزوائد10/263 : وفيهالجارودبنيزيدوهومتروك .

4. Ибн Омардан риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (ﷺ): «Расында Раббыларың асқан жомарттық иесі болған соң, құлы екі қолын көтеріп жалбарынған уақытта, алақандарын қайыр-жақсылықсыз бос қайтарудан ұялады. Егер сендердің біреулерің қолдарын көтерсе, үш мәрте былай деп айтсын: «Я, Тірі әрі мәңгі Бар болушы! Сенен басқа Құдай жоқ. Ей, рақымдылардың Рақымдысы!». Ал аяқтаған соң, әлгі қайыр-жақсылықты жүзіне төксін».

Имам әл-Һайсами «Мажмағу әз-Зәуайд» еңбегінде жоғарда келтірілген хадистің тізбегіндегі Жаруд ибн Язид есімді кісіге қатысты: ол кісі «мәтрук» (тәрк етілген – тізбегінде жалғандықпен айыпталған рауиі бар хадис) деген пікір айтады.

5- مرسلالزهري :وفيمصنفعبدالرزاق 2/247: (عنمعمرعنالزهريقال:كانرسولالله صَلَّىاللهُعَلَيْهِوَسَلَّمَ يرفعيديهعندصدرهفيالدعاءثميمسحبهماوجههقالعبدالرزاقوربمارأيتمعمرايفعلهوأناأفعله)اهوهذامرسلصحيحوالمرسلحجةعندالجمهوروغيرحجةعندالشافعيوبعضأهلالحديثإلاأنيعتضدبهمايقويهوهوهناكذلك

5. Имам Абдурраззақтың «Мусаннаф» атты еңбегінде: Мағмардан ол әз-Зуһриден: «Алла Елшісі (ﷺ) екі қолын кеуде тұсына көтеріп, дұға жасайтын, кейін екі қолының алақандарымен бетін сипайтын»,-деп келеді. Имам Абдурраззақ: «Мағмардың жиі осылай жасағанын көргендіктен, мен де солай жасайтынмын»,– дейді. Бұл риуаят «мурсәл сахих» хадистердің қатарына жатады. Ал мурсәл хадис көпшілік ғұламалардың көзқарасы бойынша дәлел бола алады. Бірақ имам Шафиғидің және кейбір мухаддистердің көзқарасында, екінші бір мурсал хадиспен немесе пайғамбардан жеткен басқа хадистермен қуатталуы секілді бірқатар шарттармен ғана қабылданады. Алайда, жоғардағы келтірілген мурсәл хадис, пайғамбардан (ﷺ) жеткен басқа тізбекпен риуаят етілген бірнеше хадистермен қуатталғандықтан дәлел бола алады».

Сондай-ақ, егер де дұғадан кейін бет сипау мәселесіне қатысты бір ғана әлсіз хадис бар деп есептеген күннің өзінде де, жақсылыққа, тақуалыққа жетелейтін амалдарда әлсіз хадистерді қолдануға болатындығы белгілі мәселе.

Сахабалар (р.а.) мен имамдарымыздан (р.а.) жеткен руаяттар (әсәрлар):

روىالبخاريفيالأدبالمفردص 214: (حَدَّثَنَا إِبْرَاهِيمُبْنُالْمُنْذِر،قَالَحَدَّثَنَا مُحَمَّدُبْنُفُلَيْحٍ،قَالَ :أَخْبَرَنِي أَبِي،عَنْ أَبِينُعَيْمٍوَهُوَوَهْبٌ،قَالَرَأَيْتُ ابْنَعُمَرَ، وَابْنَالزُّبَيْرِ يَدْعُوَانِ، يُدِيرَانِبِالرَّاحَتَيْنِعَلَىالْوَجْهِ)وحسَّنإسنادهالحافظابنحجرفيأماليالأذكاراه.

Имам Бухаридің «Әдәбул-Муфрад» атты еңбегінде: «Бізге Ибраһим ибн Мунзир, ол: бізге Мухаммад ибн Фулайх жеткізіп, маған әкем, Әбу Нуғаймнан, ол Уаһбтан, ол: «Мен Ибн Омар мен Ибн Зубайрдың дұға жасап болған соң, қолдарымен бет сипағандарын көрдім», – деген.

وفيمصنفعبدالرزاق 2/252: (بابمسحالرجلوجههبيدهإذادعاعنبنجريجعنيحيىبنسعيدأنبنعمركانيبسطيديهمعالعاص,وذكرواأنمنمضىكانوايدعونثميردونأيديهمعلىوجوههمليردواالدعاءوالبركة .قالعبدالرزاق:رأيتأنامعمرايدعوبيديهعندصدرهثميرديديهفيمسحوجهه ) اه

Имам Абдурраззақтың «Мусаннаф» атты еңбегінде: «Ер кісінің дұғадан кейін қолымен бет сипау тақырыбында, ол Ибн Журейжден, ол Яхия ибн Сағидтен: Ибн Омар (р.а.) Аспен (р.а.) бірге қолдарын жаятын. Олар зікір етіп болған соң дұға жасайтын, кейін қолдарымен жүздеріне қайыратын. Яғни, дұға мен берекетті жүздеріне сипап қайтаратын». Имам Абдурраззақ айтты: «Мағмардың екі қолын кеуде тұсына ұстап, дұға қылғанын және кейін екі қолымен бетін сипап қайырғанын көрдім».

Бұл мәселеге қатысты сөзімізді аяқтай келе, Әлемдердің Раббысы, Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар болғай! Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (ﷺ) оның отбасы мен сахабаларының барлығына және оларға ергендерге Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі жаусын!

Сыздықов Дархан Манарбекұлы