Пайдалы дұғалар

0

• Иа АЛЛА, Сен біріншісің, сенің алдында ештеңе жоқ және сен соңғысын, сенен кейін де ештеңе жоқ. Сенің құдыретті патшалығыңның алдында бәрі бас иеді, жердегілер мен көктегі бар нәрселер сенің қалауыңмен әрекет жасайды, сенің қалауыңмен жан тапсырады. Бар болмыс өзіңнің қалауыңмен болады, оған ешкім кедергі келтіре алмайды!

• Иа АЛЛА, мені жаман жолдан, жаман ойдан, өсекшілердің тілінен сақтағайсың, адам мен шайтанның ызасынан сақтағайсың. Өзіңнен басқа пана тілейтін ешкімім жоқ!

• Иа АЛЛА, мені жазылмайтын дерттен сақта, әрі денемдегі оған апаратын сырқаулардан алшақ еткейсің. Расында шипа беретін Өзің ғана!

• Иа АЛЛА, мені өзіме зұлымдық жасаудан және жасаған күнәларымнан келетін кесапаттардан сақта.

• Иа АЛЛА сенің шексіз болған мейіріміңнен пана сұраймын, мен жасаған күнәларымды мойындаймын, күнәмді кешіріп, күнәсі кешірілген құлдарыңның қатарына қоса гөр!

• Иа АЛЛА, мені шайтанның уәсуәсінан, тозақ отынан, қабір азабынан сақта!

• Иа АЛЛА, мені тура жолға бастай гөр, мені жақсы адамдармен жолықтырғайсың, олар арқылы жұмыс тауып, жеке ісімді бастауға және өзімді, отбасымды қанағаттандыратындай, мұсылман үмметіне пайдам тиетіндей азамат қылғайсың!

• Иа АЛЛА, менің білімімді арттырып, есте сақтау қабілетімді жақсарта гөр. Жақсы мен жаманды айыратындай қасиет беріп, дұрыс шешім қабылдауға көмектескейсің. Менің бойымдағы еріншектіктен, шешімсіздіктен, батылсыздықтан және пайдасыз ойдан өзің сақтағайсың!

• Иа АЛЛА, маған жігер, күш қайрат бер өзім өзгерте алмайтын нәрселерге сабырлалық пен сана бер!

• Иа АЛЛА, маған берген мүмкіншіліктермен және маған ұнайтын нәрселермен, Сен жақсы көретіндей амал жасауға күш қуат бергейсің және менен айырған нәрселерің, маған ұнайтын нәрселер Саған ұнайтындай амал жасауға кедергі келтірмесін!

• Иа РӘББАНА! Менің күнәларымды кешір. Санамды тазалап, Өзіңнің сүйікті болған құлдарыңнынң қатарына қоса гөр!

Аумин! Аллаһу Әкбар!