БАӘ полицейлері Қазақстанда тәжірибе алмасады

0
71

Дипломат 2019 жылға елшіліктің ерекше жоспары туралы бөлісті. Айтуынша, ол басқаратын ұжым жұмысы екі ел арасындағы келісімдермен шектелмейді.

«Осы күнге  дейін  БАӘ-нің Қазақстандағы елшілері өте жақсы жұмыс істеді. Бәлкім, менен де жақсы жұмыс істеген шығар. Ал, мен елші болған екі жылдың ішінде ұжымыз Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту саласында бірқатар жұмысты атқарды. Бірқатар келісімге қол қойылды. Сот істері, инвестиция тарту, визасыз режим мәселесі сынды ауқымды, маңызды  істер тындырылды. Бұл жұмыстар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарады. Екі ел арасындағы келісімдермен шектелмейміз. Одан да тыс жұмыс істейміз. Қауіпсіздік саласында да ынтымақтастықты дамыту жоспарда бар. Елшілік тарапынан биылғы жаңа ұсыныс БАӘ полиция қызметкерлерін ҚР-ға алып келіп, ІІМ-мен байланыс негізінде тәжірибе алмасуды ойластырып отыр», — деді елші.

«Неге полицейлер? Басқа сала мамандары емес» деген сұраққа елші былай деп жауап берді:

«БАӘ-да   полиция қызметі өте дамыған, мүмкіндіктері мол. Бірақ, оларға тәжірибе жетіспейді. Ал біз ҚР полиция қызметкерлерінің жұмысын бақыладық, олардың тәжірибелері жоғары. Сондықтан да полицейлердің осы жақтан тәжірибе алмасқанын жөн көріп отырмыз».

Елші Қазақстаннан медицина қызметкерлерін де БАӘ-ге апару жағын ойластырған. Бірақ біздің елдегі медбикелердің ағылшын тілін не араб тілін білмеуі кедергі болып отыр.

«Медицина саласына қатысты да зерттеулер жасадық. Медбикелерді тәжірибе алмасуға, жұмысқа тарту бойынша ұсыныстар түсіп жатады. Алайда, Қазақстандағы медбикелердің тілді білмеуі проблема болып отыр. Сол себепті де барынша барлық саланы қамтуға тырысып жатырмыз. Астанадағы Кардихирургиялық ғылыми орталыққа БАӘ мамандары келіп, тәжірибе көрсетті», — дейді дипломат.

Дереккөзі: baq.kz порталы

Дереккөз: http://kazislam.kz/