Ашкөздік

0

Ашкөздік-арыстанды тышқанға айналдыратын қақпан. Оған түскен оңайлықпен құтыла алмайды…

Ашкөздік-ең мықтымын дегендердің жауырынын жерге тигізетін құбыжық. Ашкөзділіктен арыла алған кісіге уақыт өте келе бәрі қызыға қарайтын болады.

Іші тар адамдардың бойындағы қызғаншақтық, ашкөзділердің бойындағы тойымсыздық-олардың қанына сіңген –жәһаннамы.

Ашкөздік-адамның құлдық қамыты.

Мұқтаждық-адамның ұялу сезімін кеміретін құрт іспетті, әсіресе, оған ашкөзділік серік болса..!

Адам неге құмар болса соның құшағында жантәсілім етеді.

Хазіреті Әли айтуда: Алла елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған  бірде былай деді: «Саған бес мыңқой берейін бе, жоқәлде, бұл дүниеңе де, о дүниеңе де пайдалы бес ауыз сөз айтайын ба?». Мен: «Уа, Алланың елшісі, бес мың қой аз байлық саналмасы рас, дегенмен сіз маған бес ауыз сөзіңізді үйретіңіз»,-дедім. Алла елшісі «(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Алла Тағалам, күнәларымды кешіре гөр, кеңпейілділік нәсіп ет, табысымды адал ете гөр, берген несібе-ризықтарыңа қанағат етуді нәсіп ете гөр, жүрегімді өзің тиым салған нәрселерге қарай бейімдетпе» (әл-Хинди, Кәнзул Ұммал, 2/332 (3834)

 


Тегтер:Ашкөздік