«Өзімді өлтірем»: Алматыда бір млн тауып алған жігіттің өтірігі әшкереленді (фото, видео)

0

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдан ішінде бір млн теңгесі бар әмиян тауып алдым деп жарияға жар салған жігіттің сөздері жалған болып шықты. Ол өзінің қатесін халық алдында мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

https://www.instagram.com/p/Bs-6JJkhBEZ/?utm_source=ig_embed

Жас жігіттің ақша тауып алғаны жайында көпшілікке «Жаным баклажаным» лақап атымен танылған Айдын Тоқсанбаева жариялаған болатын.

Алайда блогер бүгін Instagram парақшасында жігіттің видеосын жариялап, «Айтарға сөзім жоқ», — деген жазба жариялады.

«Мен Бакеров Ролан істеген ісіме өкіндім. Бұл нәрсені не үшін жасағанымды білмеймін. Өтірік алдадым. Бұл әпкемнің ақшасы болды. Сондықтан Айдын ханымнан, 31 арнадан, «Өз ойым» бағдарламасынан кешірім сұраймын! Халықтан кешірім сұраймын», — дейді видео-үндеу жолдаған жігіт.

Айта кетейік, Айдын Тоқсанбаева жігіттің сөзінің жалған екенін аңғарып, оны сұрақтың астына алған көрінеді.

Ал ақшаны тапқан жігіт өзін өлтіретінін айтып, блогерді қорқытыпты.

«Көз алдымда иманды, намаз оқитын жігіт болып, млн теңгені алып келген жігіт енді «Егер сіз осыны парақшаңызға салсаңыз, мен өзіме істейтін нәрсені істеймін» деп өмірмен қош айтысуға дайын болып жүр.

Баланың өтірік айтқаны кеше байқалды. 31 арна түсіргеннен кейін басқа да телеарналар шақыра бастағанда, «қауіпсіздік үшін түрімді көрсетпеңізші» деп өтінген жігіт «Көрсете беремін. Сізге сөз келді. Мен бетімді ашамын» деп пост салуымды өтінген», — дейді Айдын.

Ал артынша жас жігіт ақшаның иесі табылғанын, оның әйел кісі екенін мәлім етіпті.

«Бүгін xабарласып «иесі табылды, табыстадым» дейді. Содан кейін, табыстаған әйелге xабарласып «күмән туғандықтан, қиын болмаса кездессек» дедік. Әйел адам «Ақшам жоғалып кетсе де, қатты қайғырмас едім. Табылды. Алдым! Мені жарты Алматы таниды. Маған ол керек емес» деп орысша жауап берді.

Бұл баланың не мақсаты болғанын білмеймін. Бірақ өзім сеніп, жазба жариялағаннан кейін, шындықты біле тұра тыныш отыра алмадым. Өліп кетіп жатса, өз ісі. Мені олай қорқытудың керегі жоқ», — деп жазба қалдырды блогер Instagram парақшасында.

https://www.instagram.com/p/BtBAOJIhhVe/?utm_source=ig_embed