Араб мектептерінде әдеп тесті өтеді


Астана. 4 ақпан. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігі әлемде тұңғыш рет ел аумағында тәрбие құндылықтарын бағалауға арналған тест өткізеді.
UAE Moral Education Programme өкілдері Абу-Дабиде өткен профильді конференция барысында дұрыс тәрбиені бағалау стандарттарын ұсынды.
Тәрбие тесті әмірліктің шамамен 70 мектебінде 3,5,7 және 9 сыныптардың 10 мыңға жуық оқушысына сынақ түрінде өткізіледі. Бағдарлама жетекшісі Мұхаммед әл Неаими жаңа бастама оқушылардың материалды түсіну деңгейін және оқу бағдарламасының тиімділігін анықтайтын психометриялық тестен құралғанын атап өтті.
Дереккөз: http://kazislam.kz/