АҚШ Сирияға 600 әскериді түсірді

0

Астана. 29 қаңтар. KAZISLAM – Пентагон Сирияға тағы 600-ге жуық америкалық әскериді түсірді. АҚШ тарапы мұны Сириядан америкалық әскерді эвакуациялау мақсатында жібердік деп түсіндірді.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, жуырда жүздеген америкалық әскерилер Сирияның Ефрат өзенінің шығысындағы Хараб Ишк және Сыррин аудардарында орналасқан АҚШ әскери базасына жеткізілген. Әскери база алдағы уақытта америкалық әскерді «эвакуациялайтын негізгі орталық» ретінде қолданылады. Ал Румейлан және Таль-Бейдер ауданындағы америкалық база ауыр әскери техникаларды әуе жолы арқылы шығаруға жұмыстанбақ.

Еске салсақ, Пентагон 24 қаңтар күні Сирияға америкалық әскерилерді шығару операциясына қосымша күш жіберетінін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылдың желтоқсан айында Сирияда террористерге қарсы күрес аяқталғанын хабарлаған еді, осыған байланысты елден америкалық әскерді шығару жұмыстары басталған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/