Астанадағы Кубрин көшесі осы жылы толығымен жарықтандырылады

0

Халық алдында есеп берген аудан әкімі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Кубрин көшесін осы жылы толығымен жарықтандыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Кездесу № 60 мектеп-лицейде өтті.

Аудан басшысы округтерді абаттандыру мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Оның айтуына қарағанда, 2018 жылы Бөгенбай батыр көшесі, 6/3; Кубрин көшесі, 20/1, 22/1; Сейфуллин к-сі, 3; Күмісбеков көшесі, 9/1; Жамбыл к-сі, 8 үйлерінің квартал ішіндегі аумақтары мен аулалары абаттандырылған. Аулаларда 42 шағын сәулет нысандары орнатылып, екі футбол алаңында жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тағы бір футбол мен 24 құрылғымен жабдықталған үш жаттығу алаңы құрылған болатын 2018 жылы Сарыарқа даңғылы бойындағы №27 үйдің жанында жаттықтырғыштары бар гүл бағы ашылды.

Осы жылы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Сарыарқа даңғылы бойындағы №23 үйдің жанына тағы бір гүл бағын салуды жоспарлап отыр. «Өткен жылы Сейфуллин көшесі мен Сарыарқа даңғылының бойында Күмісбеков көшесіне дейін 100 ағаш егілді. Күмісбеков көшесіне 60 ағаш егілді. Әр ағашты күтіп баптау керек. Күмісбеков көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты ағаштарды қайта отырғызу шаралары жүргізілді»,– деді аудан әкімі.

Дереккөз: http://egemen.kz/