Алтыннан да құны жоғары хадис

0
299

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», – деді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», – деді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегі жауапты берді:

– Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді.

– Алладан шынайы қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

– Адамдардың ең байы болғым келеді.

– Алланың бергеніне шүкіршілік ет, адамдардың ең байы боласың.

– Еңәділетті адам болғым келеді.

– Өзіңе қалаған нәрсені өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

– Адамдардың ең жомарты болғым келеді.

– Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

– Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді.

– Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.

– Иманымныңқуатты болғанын қалаймын.

– Мінезіңді көркемде, иманың қуатты болады.

– Алладан шын қорқатын адам болғым келеді.

– Құлшылықтарыңды Алланы көріп тұрғандай жаса, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көреді.

– Аллаға бойұсынушы құл болғым келеді?

– Бұйырғандарын орында, тыйғандарынан аулақ бол, бойсұнушылардан боласың.

Қиямет күні Алланыңқұзырында дәрежемнің көтерілгенін қалаймын.

– Ешкімге қиянат жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.

Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын.

– Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.

– Күнәларымның азайғанын қалаймын?

– Көп тәубе ет, күнәларың азаяды.

– Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?

– Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.

– Барлығынан күшті, қуатты болғым келеді?

– Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті, қуатты боласың.

– Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?

– Үнемі дәретпен жүр.

Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді.

–  Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.

– Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын.

– Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.

Қиямет күні Алланыңқұзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын.

– Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.

– Күнә мен қателіктерден не нәрсе сақтай алады?

– Көз жасы, итағат ету және ауру.

– Алла Тағала қандай амалды жақсы көреді?

– Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.

– Алла Тағалаға ұнамсыз амалдар қандай?

– Жаман мінез бен сараңдық.

– Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?

– Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.

Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?

– Қайғы-мұңда сабыр ету.

– Алла мен Оның елшісініңған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.) сүйіктісі болғым келеді?

– Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр! 

(Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етілген)