Афинаның алғашқы мешітіне имам қажет
Астана. 20 желтоқсан. KAZISLAM – Грекия астанасы Афина қаласында 2019 жылдың наурыз айында ашылатын жаңа мешітке имам керек.
Республиканың Білім министрлігі жаңа мешіт істері бойынша комитет құрды. Ведомство жергілікті мұсылмандардан болашақ Афина мешітіне имамдық қызметке өтініштер қабылдайды.
Өтініштерді қабылдау 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Білім министрлігі ғимаратында жүргізіледі, деп жазады Greek Reporter.
Бір мың шаршы метр аумақтағы мешіт жобасы ұзақ жылдар Грекиядағы әсіреұлтшыл топтар мен православтықтардың өшпенділігін тудырды. Ақырында Афинада мұсылмандардың алғашқы мешіті салынатын болды. Мешітте бір мезетте 350 адам намаз оқи алады.
Дереккөз: http://kazislam.kz/