Адамдардың ең абзалы кім?


Күндердің күнінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) мұсылмандар келіп былай сұрақ қойыпты:
— Адамдардың ішінде ең абзалы кім? Пайғамбар (с.а.у) сөз алып:
— Жүрегі таза және тілі шындықты сөйлейтін адам,-дейді. Мұсылмандар түсінбеген сыңай танытып:
— Ей, Алланың елшісі (с.а.у.) тілді түсіндік бірақ, жүректің тазалығын қалай түсінеміз,-деп қайта сұрайды.
Сонда Пайғамбар (с.а.у.):
— Алладан шынайы қорқатын, дақ түспеген, күнәға батпаған, арсыздыққа бой алдырмаған, дұшпандық тұтпаған әрі көреалмаушылық пен қызғаншақтық сезімін татпаған жүрек – таза жүрек,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы
Дереккөз: http://kazislam.kz/