Абдулла ибн Ансаридің таң қаларлық қазасы

0

Жабир ибн Абдулладан жеткен риуаят бойынша, күндердің күнінде Абдулла ибн Ансари Ухуд соғысына қатысу үшін сахабалармен жолға шықпақ болады. Сол уақытта әкесі оны шақыртып:

— Ей, балам, мен сені ертеңгі болатын соғыста ең алғаш болып қаза табатыныңды сезіп тұрмын.Сен менің жолымды жалғаушы жалғыз ізбасарымсың. Сенің орның мен үшін өте айрықша.Сол үшін сен отбасыңа барынша жақсылық көрсетіп, өсиет айтып шық әрі дініңе берік бол, дейді.

Содан таң атып мұсылмандар Ухуд жотасына келіп шайқасқа түседі. Расында да ең алғаш болып Абдулла ибн Ансари шаһид болып көз жұмады. Соғыс аяқталып әкесі ұлының денесін алып өзге сахабалармен бір қабірге жерлейді. Алайда, бұған көңілі көншімей: жеке жерлеуім керек еді, деп күрсінеді. Содан айлар бойы әкесінің көңілінен әлгі ой кетпей, маза бермейді. 6 айт өткеннен соң әкесі көңіліне тыныштық табу үшін баласын жеке жерлеуге бел буады. Ертесіне қабірді қазып ашса баласының денесі енді көмілген секілді кейіпте жатады. Бұған таң қалған бойда әкесі жеке қабірге жерлеген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы








Дереккөз: http://kazislam.kz/