Home Ислам нұры 30 күнәні жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре

30 күнәні жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре

0
1504

Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.):

«Менің қалауым осы сүренің, яғни Әл-Мүлктің әрбір мүміннің жүрегінде болғанын қалаймын (яғни бұл сүрені әрбір мұсылман жатқа білуін меңзеп тұр)». 

«Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің Қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Әл-Мүлк сүресі». 

«Кімде-кім Әл-Мүлк сүресін ұйқыға жатардан бұрын оқыса, 30 сауап жазылып, 30 күнәсі кешіріледі, дәрежесі 30 есе өседі. Алла Тағала ол адамға бір періштені жібереді. Ол өзінің қанаттарын сол адамның үстіне жайып, тұрғанға дейін оны барлық жамандықтан қорғайды». 

«Марқұмды қабірге жатқызғаннан кейін азап періштелері оның аяқ жағынан келеді. Сонда аяқтары айтады: «Мұнда жол жоқ. Бұл адам түнде ұйқысынан тұрып, Әл-Мүлк сүресін оқыды». Періштелер басына келгенде, тілі айтады: «Сендер бұл жерге тиісе алмайсындар. Ол менімен бірге Әл-Мүлк сүресін оқыды».

islam.kz