Вакцинациялаудың электронды паспорты әзірленді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы екпе Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электронды паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізуге қатысты дерек министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта жүргізіледі», – деді ол үкімет отырысында.
Алексей Цойдың сөзінше, пациент және медицина қызметкері ақпаратты m-gov мобильді қосымшасындағы веб-қосымшаға енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцинация алған барлық адамдарға талап етілетін жерде ұсыну үшін ақпарат беруге және еркін қозғалуға мүмкіндік береді.
«Коронавирусқа қарсы екпені Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне енгізу туралы үкімет қаулысы әзірленді. Вакцина жүргізу бойынша әдістемелік жоспар әзірленіп, вакцинация жүргізудің жоспары бекітілді», – деді министр.