Қытай 1500 адамға арналған аурухананы 5 күнде тұрғызды

0

Аспан асты елі небәрі бес күннің ішінде Covid-19 жұқтырғандарға арналаған 1 500 орындық жаңа аурухана тұрғызды.

Науқастарға арналған денсаулық кешені Хэбэй провинциясының Наньгун қалалық уезінде салынды. Алдағы аптада тағы осындай 6 мың 500 палаталық 6 емдеу орталығының құрылысы аяқталуы тиіс. Әр бөлменің аумағы 18 шаршы метр.

Бір ғана Хэбэй провинциясында 28 миллион адам тұрады. Олардың барлығы қазір карантинге жабылған.