Тест 5 рет сау екенін көрсеткен ер адам коронавирустан көз жұмды

0

Британ штамын жұқтырған америкалықтардың біріне 6-рет тест тапсырғаннан кейін ғана дұрыс диагноз қойған.

Әйелінің айтуынша, Алабама штатында тұратын 35 жастағы Альфонсия Джексон көпшілік жүрген жерге бармауға тырысқан. Күнделікті тек үй мен жұмыс арасында қатынаған. Бұған қарамастан қаңтар айында оның жағдайы күрт нашарлай бастайды. Ер адамның тынысы тарылып, дене қызуы көтеріледі.

WBMA-LD мәліметінше, Джексонға алдымен жасаған 5 тест оның коронавирус жұқтырмағанын көрсеткен. Тек алтыншы тестіден кейін ғана оның B.1.1.7 деп аталатын британ штамын жұқтырғаны анықталды.

Алдын ала болжам бойынша, ол тез таралады әрі көп жағдайда жұқтырған науқас көз жұмады.

Джексон 22 қаңтар күні ауруханаға келіп түсті. Оған дәрігерлер ота жасағанымен, 2 ақпан күні қайтыс болды.