Астанада әйел ваннада босанып, тірі сәбиін тұншықтырып өлтірді

0

Елордада жаңа туған нәрестесін тұншықтырған әйелге үкім шықты.

Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында хабарлағандай, өткен жылдың 22 тамызында сотталушы пәтерде сәби туып, оны тұншықтырған.

Сот С.-ға үкім шығарар кезде оның ваннада босанып, психикалық тұрғыдан қатты травма алғанын және қатты қорқып қалғанын ескерді. Ол босанып жатқан кезде ағасы мен жеңгесі, анасы көрші бөлмеде болған. Сотталушы орташа ауыр қылмысы ҚР ҚК 100-бабы бойынша екі жылға бас бостандығы шектелді.

Мұнымен қатар, оның өз әрекеті үшін өкінетіні және денсаулық жағдайы ескерілген.

ҚР ҚК 100-бабының санкциясы төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қылмыстың салмағын жеңілдететін мән-жайлар болғандықтан сот ең жоғары мерзімнің жартысынан астамын, яғни 2 жылдан астам жаза тағайындай алмады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.