Сан сүйегі сынықтарының емі | KazMedic

0

Сан сүйегі мойнының консолидациясы үшін сынықтарды жақсы жанастыру және мықты фиксациялау қажет, ал бұған тек хирургиялық жолмен қол жеткізуге болады. Сан сүйегі мойнының остеосинтезінің хирургиялық емде екі жолын қарастырады: ашық және жабық.

Ашық түрінде жамбас-сан буынының артротомиясын жасайды, жалаңаштап сынықтарды репонирлейді. Содан кейін ұршық асты аймағынан штифт қағып, осы штифт көмегімен визуальды сынықтарды біріктіреді. Жараны тігеді.Ашық және сүйекішілік әдіс сирек қолданылады, өйткені артынан айқын косаартроз, сан сүйегі мойнының жалған буыны, сан сүйегі мойнының басының асептикалық некрозы дамиды. Әдіс жарақатты.

Сан сүйегі мойнының жабық немесе буыннан тыс остеосинтез әдісі кеңінен қолданылады. Науқасты ортопедиялық столға жатқызып, жергілікті немесе жалпы анестезия көмегімен жансыздандырыпсынықтардың Уитмен бойынша репозициясын жасайды.

Сан сүйегі мойнының сынықтарының Уитмен бойынша репозициясы: аяқты 15-200-қа әкетеді, табанның қалыпты қалпына осі бойынша тракция жасап 30-400-қа ішкі ротация жасайды.

Сан сүйегі сынықтарының еміСан сүйегі сынықтарының емі

 

Ұршық асты аймағынан сүйеккке дейін жұмсақ тіндерді тіледі және осы нүктеден сан сүйегі мойнынан кетпей сынықтард бекіту үшін 3 лопастты штифт + дератационды винт немесе 3 спонгиозды винт салынады. 4 аптадан кейін науқас операция жасалған аяққа жүктеме түсірмей таяқ көмегімен жүруіне болады. Операциядан кейін 6 айдан соң ғана жүктемеге рұқсат. Еңбек қабылеттілігі 8-12 айдан соң қалпына келеді.

Қазіргі кезде егде адамдардағы сан сүйегі мойнының сынықтарын эндопротез көмегімен емдеу кең қолданылуда. Ол бір полюсті сан сүйегінің тек басын алмастыру, екі полюсті – басы мен ұршық ойығын алмастыру болып екіге бөлінеді.

Сан сүйегі мойнының буынішілік варусты сынықтарын тек қана, егер  қосымша ауыр сырқаттары болса немесе науқас травмаға дейін де жүрмесе, консервативті ем тағайындалады.

Бұл емнің мақсаты – сынық бітіспейтін жағдайда науқас өмірін сақтап қалу, яғни ерте мобилизация әдісі.Сынық анестезиясынан кейін науқасты кереуетке тізе астына валик салып жатқызып, ағына дератационды етік салады. Қаңқадан тарту жасалынбайды. Бірінші күннен бастап науқастарды төсекте елсенді қалыпқа ауыстырады. Науқастар тыныс алу гимнастикасымен шұғылданады, жиі бүйіріне ауысып жатады және түсірілген аяқпен отырады. Бірінші аптасында науқастар балдақпен манежде жүре бастайды. Науқастарға анальгетиктер тағайындалады. Тромбоэмболиялардың алдын – алу шараларын жүргізеді, қосымша ауруларын емдейді.

Емдеудің бұл әдісінде сынықтардың бітісуі болмайды. Науқастар өмірінің аяғына дейін манежде, балдақпен жүруге немесе кресло көмегімен қозғалуға мәжбүр.

Субкапитальды енбеген сынықтары бар науқастар ауыр топ қатарына кіреді. Бұл сынықтың бекіту қиындықтары мен сан сүйегі басының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары оперативті аяқтың ұзақ уақыт (айлап) жүктемеде жатуына әкеледі. Дұрыс емдегеннің өзінде де 20 % науқастарда асептикалық некроз дамуы мүмкін.

Сан сүйегі сынықтарының емі

Сондықтан,  сан сүйегі басының субкапитальды сынықтары бар кәрі адамдарда сынық остеосинтезінің орнына буынды эндопротезбен алмастырған жөн. 70 жастан асқан адамдар араында эндопротездеу кең таралуда. Оның тиімділігі – операция жасалған аяққа ерте күш түсіру мүмкіндігінде (3-4 аптадан соң), ал эндопротезді бекітуге сүйек цементін қолданған жағдайда  операциядан соң 3-4 күн өткеннен соң.

Сан сүйегінің мойнының енген (вальгусты) сынықтарын емдеу. Сан сүйегі мойнының енген сынықтары енбеген сынықтардан қарағанда жақсы бітіседі. Сынық «ыдырауы» (жарғақшалардың бекітілуінің бұзылысы) асқсыну болып саналғандықтан оның алдын –алу керек.Емдеу тактикасы сынықтың жазықтықтағы бағытына байланысты. Емдеуді тек қана оперативті жолмен ғана емес, сонымен қатар консервативті жолмен де жүргізуге болады. Консервативті ем кезінде сынық «ыдырауының» және сан сүйегі басының асептикалық некрозының алдын –алу  қажет. Ол үшін жас науқастарға қысқартылған ( тізе буынына дейін) жамбассандық гипстік таңу 3-4 айға салынады және зақымдалған аяқпен балдақ көмегімен тірексіз жүруге рұқсат беріледі: кәрі адамдарға – Белер шинасымен аяқ иммобилизациясы жүргізіледі: үлкен сан сүйегінің төмпешігіне  аз салмақты жүк (2-3 кг) салып қаңқадан тарту салады. Үлкен салмақты жүкті салуға болмайды, себебі ол сынық «ыдырауына» әкеледі. Бірінші күндерден бастап ЕДШ тағайындалады. 1.5-2 айдан соң қаңқадан тарту алынады. Науқастарға сынған аяққа тірексіз балдақтар көмегімен жүруге рұқсат етіледі. Жарақаттан кейін 3-4 айдан соң аяққа дозирленген жүктеме түсіруге болады. Сан сүйегі басының асептикалық некрозын алдын-алу үшін аяққа толық жүктемені 6 айға дейін түсіруге тиым салынған. Еңбекке жарамдылық 6-8 айдан кейін орнына келеді.

Ұршықты сынықтардың емі. Ұршық сынықтары сан сүйегі мойнының сынықтарына қарағанда жақсы қанмен қамтамасыз етілуіне және сынықшалардың бір-бәрәмен жақсы жанасып жатқандығынан емге жақсы көнеді. Сан мойнындағы сынықтардағы қиындықтармен ұршық сынықтарында кездеспейді. 2.5-3.5 айдан кейін жақсы бітеді: жалған буын пайда болмайды. Бірақ, кәрі адамдарда емдеу принциптері консервативті де жүргізіледі, себебі жасына байланысты көп жатқаннан пайда болатын тромбоэмболияардың алдын алу үшін.

Жас науқастарда ығысусыз сынықтарында кейде емді коксидтік гипс арқылы жүргізуге болады. Ол 2.5-3.5 айға салынады. Аяққа күш түсіру 1.5-2 айдан кейін рұқсат етіледі.

Көп жағдайларда, әсіресе ығысумен болған сынықтарда, үлкен сан сүйегінің төмпешігінен тұрақты қаңқадан тарту жүргізу кереек немесе сан айдаршықтарынан Белер шинасымен тарту қажет (жүк 16 дене салмағынан).

Қаңқадан тартумен емдеген кезде келесі ережелерді сақтаған жөн: ұршықты сынық аймағындағы варусты деформация неғұрлым үлкен болса, тартуда соғұрлым аяққа әкетілген жағдай жасау керек. Егер, варусты деформация болмаса тартуда аяқты әкетпейді. Қаңқадан тартуды 6-8 аптадан соң алып тастайды. Ары қарай емді функциональды түрде жүргізеді.

Функциональды емді арнайы шина немесе Белер шинасы көмегімен жүргізеді.Тізе және жамбассан буынында алдымен пассивті, артынан активті қозғалыстар жасайды. Балдақшалармен аяққа жүруге рұқсат беріледі, 2.5-3.0 айдан кейін аяққа толық жүктеме түсіріп жүруге болады. Функциональды емнің артықшылығы ол басқа емдерге қарағанда сынық консолидациясына дейін буындардағы қозғалыстар толығымен қалпына келеді, ал гипстік таңумен салыстырғанда бұлшықеттер атрофиясы аз дәрежеде байқалады.

Егде жастағы адамдарды қаңқадан тартумен емдеу оларды мәжбүрлік жағдайда отыруымен және гиподинамиясына әкеледі. Бұндай науқастарды оперативті жолмен емдеу керек немесе оперативті жолмен емдеуге қарсы көрсеткіштер болса,ерте иммобилизация әдісін қолданған жөн. Осы әдісте науқасты төсекке жатқызады, тізе астына сыртқы ротацияны шектеу үшін валик қойылады.

Бірінші күндерден бастап, науқастарды төсекте отырғызады, балдақпен аяққа жүктеме салып жүргізеді. Сүйек ығысқан күйде бітісді, яғни аяқтың қысқаруымен жүреді және сыртқы ротациясына әкеледі. Алайда, осы әдістің арқасында егде жастағы адамдар арасында өлім азаюда.

Ұршық сынықтарын хирургиялық жолмен емдеу тиімдірек, себебі ерте реабилитация жүргізп, науқасты активизациялауға болады. Қазіргі кезде сынықтың осы түрін фиксациялайтын көптеген құралдар бар.Сонымен қатар, бұл фиксаторлар сан сүйегі мойнының сынықтарында да қолданылуы мүмкін.

Сан сүйегі сынықтарының емі

Сан сүйегі мойнына операция кезінде сынықшаларды бекітіту үшін екі немесе үш пластты шеге енгізіледі, ал конструкцияның мықтылығы үшін үлкен диафизарлы накладкалар салады. Емдеу мерзімдері және еңбекке жарамдылық  консервативті емдегі сияқты.

Аталған операциялардан кейін қосымша сыртқы иммобилизацияны гипстік таңумен жасамайды.

Операциядан кейінгі уақытта асқынулардың алдын алу қажет ( пневмония, ойықтар, тромбоэмболиялар және т.б.). 2-3 күннен соң науқастр балдақпен жүре бастайды, еңбекке жарамдылық ұршық сынықтарында 3-6 айдан кейін қалпына келеді.

 

 

 

Асқынулар. Буыннан тыс (ұршық) сынықтары әрдайым бітіседі, алайда функциональды ем кезінде немесе жарақаттанған аяққа жүктемені ерте түсіргенде бітісу қысқарумен және деформациямен болуы мүмкін. Буынішілік (мойындық) сынықтардың кш асқынуларына ұзақ уақыт бітіспеуі, сан сүйегі мойнының жалған буыны, сан сүйегі басының асептикалақ некрозы және жамбассан буынының посттравмалық артрозы жатады. Сан сүйегі мойнының жалған буыны және жамбассан буынының посттравмалық артрозы кезінде Мак-Муррей бойынша ұршықаралық медиализдеуші остеотомия остеосинтез операциясын жасауға болады. Алайда 70 жастан асқан науқастардажалған буын және сан сүйегі басының асептикалық некрозы кезінде бірполюсті эндопротездеу операциясы көрсетілген, ал жас науқастарда тотальды эндопротез операциясы тиімдірек.

 

 

Дереккөз: KazMedic