Облыстық прокурорды өлтіріп кетті | КТК

0
144
Облыстық прокурорды өлтіріп кетті


Қырғызстанның Баткен өңірінде облыстық прокурор Анарбай Масажақыповты өлтіріп кетті. 

18-қарашаға қараған түні денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылды.  Бұл туралы Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі өкілі Карима Аманқұлова хабарлайды.

«Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді өкіл.

Қазіргі таңда аталған іске қатысы бар күдікті қамауға алынған. Бірақ оның аты мен фамилиясы жарияланбай отыр. Ішкі істер министрлігі ұсталған азаматқа қатысты шұғыл-тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтады.