Қара қойдың өкпесі ағзадағы суықтан арылтады екен

0
104

Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды. Яғни ауыр зат көтерсем, кенеттен кілт қозғалыс жасай қалғанда тайқып кете береді. Абайсыздықты ұмытқан сайын ауырсынып, сынықты іздеген кезім көп.

Бір күні жігіттер отырыс жасадық деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қызды-қыздымен түрлі ойындар ойнап жатқанбыз. Құрдасымды көтеріп, айналдыра жығамын деп жатқанда шынтағым тағы да тақып кетті. Әуресін әбден көрген соң шаршағаным бар, ауырсынуға бойым үйреніп кеткен, оның үстіне жақсы отырысты қимай, сол күні сынықшы іздемедім. Ал ертеңіне күнделікті күйбең тіршілік деп тағы бір күнге кешіктім. Осы аралықта қолым қатты сыздап, мазаны ала бастады. Тіпті ісіп те кетті. Сонда да шаруамды аяқтайын деп кешке дейін жүріп қалдым. Ал сынықшыға барғанымда ол шыққан жерге сары су жиналып қалғанын айтты. Жанымды көзіме көрсете сыздатып жатқан да сол болды.

«Мына сары судан арылып, шынтағыңның тайқып кете беретінінен де түбегейі құтылғың келсе кешке қарай жаңа сойылған қойдың өкпесін жылы күйінде шыққан жеріңе орап таста. Ал таңертең орнына жұмыртқаның сарысын жақ деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Үш күн осылай етсең жетеді», – деді маған Әлимаш апа. Оның айтуы бойынша қойдың шикі өкпесін алдырттық. Өкпені жұқалап кескен соң шынтағымды айналдыра орап тастадым. Таңертең қарасам әлгі өкпенің түсі өзгеріп кетіпті. Ал иісі адам төзгісіздей. Дегенмен ісігі қайтайын депті. Үш күн осылай еткенде бұрын кілт қозғалтсам шың етіп шаншып шыға келетін шынтағымның шынында да жазыла бастағанын сездім. Одан бері жарты жылдай уақыт өтті, қазір қолыма алаңдап, ауыр көтермейтін әдетімді қойдым.

Әлима ападан білгенім, жаңа сойылған қойдың жылы күйіндегі өкпесін талай ауруға ем ретінде қолдануға болады екен. Оны бас сақинасында, буынға сары су жиналғанда, суықтан сүйек қақсағанда ауырған жерге таңып қойса ауруды сылып түсіретін көрінеді. Әсіресе қара қойдың өкпесінің пайдасы зор дейді сынықшы. Нағашы атамның буындары сырқырап ауыратын. Әсіресе тізесін баса алмайтын. Сынықшы үйреткен тәсілмен қара қойдың өкпесін тізесіне таңу арқылы бұл ауруынан құлан-таза айықты. Ендеше мұндай қарапайым да оңай халық емдерін біле жүргеніміз жөн ғой.

Дәрмен МАҚҰЛБЕК.
Созақ ауданы.

«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.