Home Денсаулық және сұлулық Памперс киген бала БЕЛСІЗ болуы мүмкін бе?

Памперс киген бала БЕЛСІЗ болуы мүмкін бе?

0
308

Кейде апа-әжелеріміздің: «Қараң қалғыр, қазіргі жастарға жақсы болды. Баласына «памперс» дегенді кигізеді де жүре береді. Ал біз ше? Кезінде бала-шағамыздың жаялықтары мен шалбарларын дорбаға салып арқалап жүретін едік» дегенін жиі естиміз. Ал жақында үйге келген бір апайым мына бір әңгімені айтқан еді.
«Ол кезде «памперс» деген жоқ кез, – дейді ол.

– Бір күні баламды алып қалаға келдім. Бірақ автобустан енді түсе бергенімде балам «кіш» етіп қойса бола ма? Не істерімді білмей қатты састым. Сосын амалсыздан сөмкемнен жаялықтың бірін алып жерге төседім де үстіне баламды жатқызып, «ползункиін» ауыстырып алдым.

Баламның шалбарын ауыстырамын деп байқамаппын. Бір кезде жан-жағыма қарасам, жұрттың бәрі маған қарап тұр. Біреулер: «Мұнысы несі?» дегендей көзқараспен қараса, енді бірінен «Қайтсін ендіні» байқадым. Сондағы бір қатты ұялғаным-ай. Бірақ олай етпеске басқа амалым жоқ еді».

Қазір ондай заман өтіп кеткен. Қазір кейбір жалқау келіндерге рахат болды. Баласына «памперсті» кигізеді де күні бойы өз шаруасын атқара береді. Бала «бүлдіріп» қойса да бәрібір, оны жуып тазалаған соң тағы біреуін кигізе салады. Міне, «памперстің» пайдасы осы.

Кейінгі кезде теледидардан берілетін жарнаманың арқасында «памперс» қолданатын әйелдердің саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Дегенмен көпшілігі оны қалай қолдану керектігі жөнінде толық біле бермейді. Негізінде, «памперсті» күніне 10, ал бала есейе бастағанда 4-5 рет ауыстыру керек. Яғни оны тамақтанардың алдында немесе соңында, ұйқы алдында, бала оянғаннан кейін және серуенге шығар алдында ауыстыру керек. Оны балаға көп кигізуге болмайды. Себебі ұзақ қолданған жағдайда ол баланың нәзік терісін қажап, қызартады. Сосын денесіне нәжіс жабысып, уы тері арқылы денеге сіңеді. Сондықтан тек қонаққа барар алдында немесе серуендегенде ғана кигізген пайдалы. Қалған кезде жаялықты пайдаланған жөн. Себебі, «памперске» үйренген бала «горшокқа» кеш үйренеді.

Ал енді оның қандай зияны бар? Сәбидің дене қызуы көтерілген уақытта ағзада болатын қалыпты температураға ол кері әсерін тигізеді екен. Яғни дененің 1/3 бөлігін жауып тұратын «памперс» компресс қызметін де қоса атқарады. Ал сәбидің іші өткенде бөлінген зәр онда қалады да, денеде тітіркену тудырады. Сондай-ақ «памперсті» жиі кисе, жылу алмасу бұзылады, аталық ұрық безі қозуы мүмкін. Ал бұл кейін белсіздікке немесе ұрпақ өрбіту мүмкіндігінен айыруы ықтимал.

Ерте кезде адамдар өгізді қансыз-ақ тарттыратын болған. Ол үшін өгізге әдейілеп тігілген тері шалбар кигізген. Сонда біраз уақыттан соң бейшара өгіз өзінің еркектің қабілетінен айрылатын болған.

Бұл мысал ойдан шығарылған жоқ. Ол тарихта болған. Осындайда адам қай-қайдағыны ойлайды екен. Кейде «Осылардың бәрі халыққа әдейі қастандықпен жасалған емес пе екен» деген ой келеді. Мынадай заманда ол да мүмкін шығар, кім біледі? Ендеше, жас ана, сіз де ойланыңыз, сізге ұрпағыңыздың көбейгені керек пе әлде… Таңдау еркіңізде.

Қ. ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ.

«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

памперс зиян ба зияны туралы қазақша