Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

0

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайдыStan.kzақпарат агенттігі.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:

— Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптарда балалар саны 15 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

— 2021 жылғы 1 наурыздан бастап мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта, 1- ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде-1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын;

— бітіру сыныптары үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 – сынып-1-кабинет» қағидаты бойынша оқыту, cанитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау);

— білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта жеке оқытылуы;»

Қаулы 2021 жылғы 9 наурыздан бастап 00.00-ден бастап күшіне енеді.