Қарағандыда көлік ішінде отырған арыстан желі оқырмандарын таңдандырды (видео)

0
116

Желі оқырмандары түсірген видеода арыстан көліктің ішінде, терезеден басын шығарып отырғаны байқалады. Сондай-ақ бұл оқиға Қарағандыда болғанын айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Видео кадрларында аң патшасы арыстан табандарын көліктің терезесіне іліп отырғаны көрінеді.

«Қарағандыда Лео көлікпен жүреді», – делінген желіде жарияланған жазбада.

Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл фактіні жануарлар дүниесі жөніндегі облыстық инспекция зерделейтінін хабарлады.

«Соңғы уақытта елде жабайы жануарларды үйде ұстау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ақылға қонымсыз дүние. Жабайы жануарлар адамдармен бірге  үйде тұра алмайды. Бір жағынан аңдарға деген қатігездік және басқа адамдардың өміріне қауіпті. Мұндай фактілерді заңнамалық түрде болдырмайтын уақыт келді. Экзотикалық жануарларды ұстайтын адамдарға, сондай-ақ бұл үшін жағдай жасайтындарға қатаң жауапкершілік шараларын анықтау қажет. Біз осындай фактілерді жан-жақты зерттеп, жолын кесуге ниеттіміз», – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.