Жыныс мүшесінің зақымданулары | туралы қазақша

0

Жыныс мүшесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері себепті жарақаттаушы агент үшін бұл органға жету біршама қиын болады. Жыныс мүшесінің зақымдалулары әдетте ол эрекцияланған күйде болған кезде кездеседі. Жыныс мүшесі зақымдануын қадағалаулардың көпшілігі оның ашық жарақаттануларына қатысты.

Жыныс мүшесінің зақымданулары жарақаттың типі мен сипаты жөнінен және бұл органда болатын анатомиялық өзгерістердің түрлері жөнінен барынша әр алуан сипатта болады. Жыныс мүшесі зақымдануларының сан қилы түрлерін анықтау және жүйелеу үшін әр түрлі классификациялар ұсынылған.

Мына классификация пайдаланылады.

  1. Зақымданудың шоғырлануы бойынша: күпек; жыныс мүшесініңбасы; жыныс мүшесінің денесі, жыныс мүшесінің негізі (діңі).
  2. Зақымданудың түрі бойынша: а) жабық зақымданулар: соғылу; сыну; шығып кету; жыныс мүшесін жаттекті денелердің сығуы; ә) ашық зақымданулар: күпек жүгеншесінің үзілуі; жыныс мүшесі терісінің жанама (скальптелген) жаралануы; белоктық қабық зақымдалған жанама жаралану; тұйық жаралану; кавернозды денелер зақымдалған өтпе жаралану; жыныс мүшесінің жарақаттық ампутациясы (ішінара немесе толық).

Жыныс мүшесінің соғылуы зақымданудың бұл түрі спорт снарядтарында (керме, тұтқалы ағаш ат және т.б.) жаттығулар жасағанда, күрескен кезде, ердің алдыңғы қасына соғылғанда, тиеу жұмыстары кезінде және т.б. пайда болуы мүмкін. Жарақаттанудың ауырлығына байланысты тері астындағы келтчатка, одан гөрі сиректеу болатын жағдай -жыныс мүшесінің белок қабығы мен кавернозды денелері зақымдалады, соңғы жағдайда, әдетте көп қан құйылады. Мұндай зақымданулардың диагностикасы қиын болмайды.

Жыныс мүшесінің жеңіл дәрежедегі соғылулары кезінде тыныш қалыпта болу, суық одан соң жылы басу тағайындалады, қабынуға қарсы профилактикалық емдеу жүргізіледі. Белоктық қабық пен каверноздық денелер зақымдалған, қалталанып тұрған гематома болған жағдайларда операция жасап араласу: қанұйымаларын алып тастау, қан ағуын тоқтату, белок қабығын тігу жүзеге асырылады.

Жыныс мүшесінің ауыр жарақаттануы несеп шығару өзегінің жыртылуымен, уретроррагиямен, несептің тежелуімен қабаттасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда несептің бұрып әкетілуін, несеп іркілмелерінің дренаждалуын және зақымдалған үрпінің қалпына келтірілуін қамтамасыз ету қажет.

Жыныс мүшесінің сынуы. Мұндай зақымданулар эрекцияланған жыныс мүшесінің жыныс қатынасы кезінде немесе органға сыртқы әрекет-әсерден оның күрт бүктетіліп кетуі салдарынан пайда болады. Бұл орайда жыныс мүшесінің белоктық қабығы (жыртылуы, жырылуы), ал кейде каверноздық денелері де зақымдалады. Мұндай кездерде белоктыққабықтың бүтіндігінің бұзылуына себеп болатын бір жағдай, П.М.Красиннің атап көрсетуі бойынша (1915) жыныс мүшесінің эрекциясы кезінде оның белоктық қабығының 2 ммден 0,25 мм-ге дейін жұқара бастайтыны болады. Жарақаттану кезінде науқас көбіне тән сипатты күрт ете түскенін естиді, кенет қатты ауырғанын сезінеді, эрекция тоқтайды да, жыныс мүшесі қан құйылу есебінен көлемі тез үлғая бастайды. Оның терісінің түсі көгеріп кетеді. Қан құйылу ұмаға, санға, қасаға үсті өңіріне жайылады. Каверноздық денелер зақымдалғаннан кейін несеп шығаратын өзектің тұтастығы да бұзылуы мүмкін.

Науқастың жалпы жағдайына, зақымданудың мөлшеріне және айналадағы тіндерге құйылған қанның шамасына байланысты консервативтік немесе операция жасап емдеу жүргізіледі. Кавернозды денелерден қанның келуін тоқтататын немесе азайтатын төтенше шара ретінде жыныс мүшесіне қысып тұратын таңғыш жасау -мүшені қасағаға таңып қысып бинттеу ұсынылуы мүмкін.

Жыныс мүшесінің шығып кетуі дегенде жыныс мүшесі түбінің бұтаралығының, санның, қасағаның, ұманың терісі астындағы патологиялықорын жағдайын айтады; ол lig suspensoii penis пен жыныс мүшесінің ашасын жамбас сүйектеріне фиксациялайтын тығызсіңірлердің жыртылуымен қабаттасатын жарақаттану салдарынан пайда болады. Жыныс мүшесінің зақымдануының бұл түрі ауырғаны білінумен, қан құйылумен, ісіп кететінімен сипатталады, жыныс мүшесінің түбірі өз анатомиялық орналасу орнында болмайды, несеп шығару актісінің бұзылуы қоса қабаттасуы мүмкін.

Жыныс мүшесінің тайып шығып кетуі операция жасалып емделеді. Бұл операция кезінде қасағадан төмен тіліп оның негізін жалаңаштап алады, гематома мен гемостаз эвакуацияланады, жыныс мүшесінің түбірі түзеліп өз орнына салынады да, капрон тігістермен жамбас сүйектері мен қасаға байламының алдыңғы бетіне фиксацияланады.

Жыныс мүшесінің жат текті денелермен қысылуы оны баумен, резеңке жгутпен буу салдарынан, оған сақиналар, гайкілер, металл сальниктер т.с. кигізуден пайда болады. Мұның өзі ұйқтап жатқан кезде несептің төсекке кетуіне жол бермеу мақсатында, балалардың білмей ойнағандарынан, сексуалдық пиғылдардан, психиканың бүзылуы жағдайынан жасалады. Жарақаттың бұл түрінің салдарынан жат текті денеден дисталдырақ лимфа және қан айналысы бұзылады, жыныс мүшесі ісіп кетеді, несептің тежелуі басталуы мүмкін. Жыныс мүшесі ұзақ уақыт қысылып түрған кезде жат текті дене асты сартап болып, өрбиді, ал одан периферняға қарай терінің, каверноздық денелер мен несеп шығаратын өзектің семуіне дейін жететін трофикалық өзгерістер дамиды.

Емдеу шаралары ауырғанды басатын ем тағайындап, жыныс мүшесін сығылудан мүмкіндігінше ертерек босатып алуға саяды. Бауды, резеңке жгутты іскен тіндердің тереңінде қалса да қиып жіберу біршама оңай. Жыныс мүшесінен металл жат текті денелерді алу анағұрлым киын. Жұқа металл сақинаны алу үшін Hartmann жыныс мүшесін перифериядан орталыққа қарай жұқа таспамен тығыз орауды ұсынады. Бұл орайда ісіктегі сұйық қысып тұрған сақинаның сыртына қарай ауысады. Таспаның ұшын тұқыл инемен сақинаның астынан өткізіп алады да, осыдан соң таспаны кері бағытта тарқатып, жыныс мүшесін біртіндеп босатып алады.

Металл сақиналар мен жұмсақметалл сым тістеуікпен қиып жіберуге келеді немесе сақинаның астына науа бітімдес зонд сүққанан кейін Джигли арасымен кесуге болады. Тығыз металдардан (шойын, лигирленген болат) жасалған сақиналар, гайкілер және басқа заттар тиісті мамандардың қатысуымен слесарлық аспаптар қолданылып алынады. Мұндай араласулар жалпы ауыру басатын амал жасалып барып жүргізіледі. Тіндердің іскенін азайту үшін және жат текті денеге қатысты манипуляцияларға ыңғайлы болу үшін күпекте және тіпті жыныс мүшесінде кетіктер ойып, тіндерден ісік сүйығын сығып шығаруға тура келеді. Егер жат текті дене алынып тасталғаннан кейін үрпінің өткізгіштігі қалпына келмейтін болса, қуықты капиллярлық пукциялау жүргізіледі, ал несеп жүрмей қала беретін болса, қасаға үстіне қуық жыланкөзін салады. Наукасқа антибиотиктер мен физиотерапевтік емдеу тағайындалады. Қабыну құбылыстары басылғаннан кейін несеп шығару өзегінің өткізгіштігі де қалпына келеді. Тым асқынып кеткен жағдайларда, жыныс мүшесінің бөгде денеден дисталдырақ жақ бөлігі некроздалған кезде бұл бөлікті кесіп алып, одан соң операция жасайды.

Ашық зақымданулар

Жыныс мүшесінің ашық зақымдануларының барлық түрлерін практикалықтұрғыда топтастырып, жыртылып-соғылған, шаншылып-кесілген жаралар және оқ пен жарықшақтан болған жаралар деп саралауға болады.

Жыртылып-соғылған жаралар. Мұндай тектегі жарақаттың біршама жиі болатын түрі жыныс мүшесі жүгеншесінің жыртылуы мен үзілуі болып табылады. Жыныстық қатынас уақытында пайда болатын мұндай зақымданулардан кейде едәуір қан кетеді. Оны не жараға көлденең бағытта тігіс салып төқтатуға болады, немесе диатермокоагуляцияның немесе термокоагуляцияның көмегімен тоқтатуға келеді.

Жыныс мүшесінің өрескел жарақаттануы (тікелей жарақаттану, айналып тұрған механизмдердің киімді және сыртқы жыныс органдарын іліп әкетуі) кезінде бұл органның терісінің жыртылған жаралары, кейде елеулі ақауы бар жаралар пайда болады. Бірқатар жағдайларда жыныс мүшесінің терісімен бірге ұманың терісі де жұлынып кетеді.

Жыртылған-соғылған жаралардың бір түрі қабу-тістеуден болған жаралар болып келеді. Әдетте олар өте жарақатты болады және түкірікпен инфекцияланады. Тістеу-қабу жараларынан кейін жыныс мүшесін ішінара не толық ампутациялауға тура келуі мүмкін.

Шаншылған-кесілген жаралар. Жыныс мүшесінің ұзына бой тілінген жаралары мүшенің серпілмелілігі салдарынан шеттерінің едәуір алшақтауымен сипатталады, ал жара көлденеңінен орналасқан жағдайда лимфалық жолдар бұзылып, бөлшектеніп қалатын болғандықтан жыныс мүшесінің айқын білінген ісінуімен ұштасады.

Шаншылған жаралар, соның ішінде каверноздық денелерді тесіп өткен жаралар әдетте ауыр зақымдану болмайды. Олардың хирургиялық араласуды талап ететіндері некен-саяқ; қан ағуын тоқтату үшін көпшілік жағдайда қысып тұратын таңғыш салу жеткілікті болады.

Жыныс мүшесінің ауыр зақымдануларының қатарына пышақпен немесе ұстарамен кесілген тілік жаралар жатады; бұлар каверноздықденелердіңқалың қабатына тереңдеп кетеді де, жыныс мүшесініңтолық немесе ішінара ампутациясына ұласады.

И.А.Штейнгаз (1903), Исмаилов (1937) күпекті кесетін сүндеттеу кезінде жыныс мүшесінің ампутациясы болған жағдайды сипаттап жазады. Мұндай зақымданулар circumcisio операциясын техникалық тұрғыдан дұрыс орындамаған жағдайда да болуы мүмкін.

Каверноздықденелердің жараланулары мен жыныс мүшесін жарақаттық ампутациялау кезінде едәуір қан кету жағдайы болады, қан әсіресе жыныс мүшесі эрекция қалпында жарақаттанған болса көп кетеді.

Жыныс мүшесінің каверноздық денелердің бүтіндігі бұзылған кесілген жараларының көпшілігі үрпінің зақымдалуымен ұштасады; мұндайда үрпі қиылғаннан кейін қысқарады да, жараның тереңіне қарай кетеді; мұның өзі тиісті клиника мен өту барысына себепші болады (несеп шығарудың бұзылуы, несеп іркілмелерініңдамуы).

Жыныс мүшесінің оқтан, жарыкшақтан жараланулары соғыстағы жарақаттанудың біршама жиі кездесетін түрі болып табылады.

Оқтар мен алуан түрлі снарядтардың жарықшақтары жыныс мүшесінің әр түрлі органдарына тиіп, оның терісін, белок қабығын, каверноздықденелерін, үрпіні зақымдауы мүмкін. Жараланулар көбіне тесіп өткен сипатта болады. Үлкен жарықшактар, ірі калибрлі оқтар мен бұзып-жарып әрекет ететін оқтар жыныс мүшесін едәуір бұзып кетеді.

Клиникалық көрініс. Жыныс мүшесінің жараланулары кезінде қан ағады, ол каверноздық денелер кең көлемде бұзылған жағдайда ғана едәуір мөлшерде болуы мүмкін; несеп шығару қиындап, ауыртады және мұның өзі үрпі зақымдалған кезде ерекше анық білінеді. Мұндай жағдайларда несеп инфильтрациясының дамуы мүмкін. Мұның үстіне, жарақаттанудан кейін көп ұзамай жедел шектелген немесе жайылған кавернит пайда болуы мүмкін. Кейін кешігіп барып болатын асқынулар қатарына терінің тыртықтанып бітулері жатады, мұның салдары-жыныс мүшесі дұрыс бекімей бітуі мүмкін, ал каверноздық денедегі тыртықтанған өзгерістер салдарынан жыныс мүшесі деформацияланып, оның эрекциясы қабілетін бұзуы мүмкін.

Жыныс мүшесінің ашық зақымдануларының диагностикасы тексеріп қараудың деректеріне (шоғырлануы, жараның сипаты, жара арнасының проекциясы, шығар тесіктің болуы), пальпация деректеріне (каверноздықденедегі ақаулар, жат текті дене) және шолу рентгенографиясының деректеріне (жат текті денелердің болуы мен шоғырлануын анықтау үшін) негізделеді.

Жыныс мүшесінің ашық зақымдануларын емдеу. Жыныс мүшесінің ашық зақымданулары кезіндегі алғашқы медициналық шаралардың қатарына мыналар жатады: қорғаныштық, ал қажет болған кезде қысып тұратын танғыштар салу антибиотиктер, ауруды басатын препараттар және сіреспеге қарсы профилактика жасау.

Жараны бастапқы хирургиялықөңдеу кезінде жара антисептиктермен жуылады, бөгде денелер алынып тасталады, гемостаз жүргізіледі, жараның шеттерін антибиотиктер ертіндісімен инфильтрациялайды да, барынша үнемдеп, өлі тіндерді алып тастайды. Егертері жарасының шеттерін керіп созбай жымдастыруға келетін болса сирек тігістер салады. Жараның тыныш қалыпта болуы үшін науқасқа эрекцияның алдын алатын препараттар тағайындайды.

Терінің жара ақаулары өте үлкен болса және жыныс мүшесінің скальпіленген жаралары болғандай жағдайда терісіз қалған өңірлер тері пластикасымен қалпына келтіріледі. Күпегі сақталған жаралыларға Диттель әдісі бойынша пластика қолданылады. Операция күпектің сыртқы жапырақшасын ішкі жапыракшадан ажыратып алуға саяды; осылайша екі есе ұлғайтылған тері қиығы жараның бетіне керіледі де қалған терінің шеттеріне фиксацияланады.

Жыныс мүшесінің терісі мүлдем қалмаған жағдайда Рейх әдісі бойынша пластикалау қолданылады -ақау ұманың терісімен жабылады.

Жыныс мүшесін пластикалау үшін ұманың терісін пайдалануға мүмкіндік болмағандай жағдайда, жыныс мүшесініңтері ақауы қасаға мен іштің төменгі жартысының терісінен қиып алынатын (Беллел -Ганген әдісі) немесе санның ішкі беттерінің терісінен қиып алынатын (Л.Б.Загорский әдісі) көпіртәрізді тері қиығымен қалпына келтіріледі.

Жыныс мүшесінің терісі ақауларының пластикасын бос тері киықтарын пайдаланып жүргізуге де болады.

Неғұрлым тереңдеген, белоктық қабықтың бүтіндігі бұзылған зақымданулар кезінде бұл қабыққа торапты кетгут тігістер салынады, бұл орайда каверноздық денені сығып тастамауға тырысукерек болады.

Мұнымен бір мезгілде үрпі зақымдалған кезде оның тұтастығы бастапқы тігіс арқылы қалпына келтіріледі; мұның өзін тамыр тігетін аппаратпен ойдағыдай орындауға болады (Ю.Г.Марченко, 1967, 1968). Осымен бір мезгілде қасаға үстіндегі қуықтық жыланкөз жасалады.

Жыныс мүшесінің перифериялық бөлімі езіліп кеткен, каверноздық денелер, үрпі және тамырлық магистральдар үзіліп кеткен жағдайларда, тіндердің семуі анық білінген кезде жыныс мүшесінің бұл бөлігін ампутациялау жүргізіледі.

Жоғары және төмен температураның әсерінен болатын зақымданулар

Организмге жоғары және төмен температуралардың әрекет етуі салдарынан жыныс мүшесінің алуан түрлі күюлері мен үсулері осы термикалық зақымдануларға жатады. Жыныс мүшесінің өзі оқшау үсіп кетуі мүмкін, мұндай жағдай дұрыстап жылы киінбеген, ұзақ уақыт суық желге қарсы жүруге тура келген шаңғышыларда болуы мүмкін.

Жыныс мүшесінің термикалық зақымдануларын емдеу жалпы ортақ принциптер бойынша жүргізіледі. Препуциялдық қапшык өңіріне шоғырланған, айқын білінген өзгерістер жағдайында, оны айналдыра кесіп тастау жүргізіледі.

Спортшыларда жыныс мүшесінің үсулерін профилактикалау мақсатында олармен тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілуге тиіс, ал көпшілік қатысатын жарыстардың ұйымдастырылуына жауапты адамдар шаңғышылардың қажетті киіммен камтамасыз етілулерін қадағалап, бақылауға міндетті.

Ұма мен оның органдарының зақымданулары

Ұма мен оның органдарының зақымданулары жабық және ашық зақымданулар болып бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы да оқшауланған немесе өзге органдар мен тіндердің зақымдануларымен ұштасқан болулары мүмкін.

Ұма мен оның органдарының жабық жарақаттанулары соққы тиген, қатты заттарға құлаған кездерде, ұма қысылып қалған жағдайларда және т.б. пайда болады. Олар кебіне бейбіт уақытта кездеседі де, несеп-жыныс органдарының барлық зақымдануларының 13 процентінежуығын кұрады (Г.С.Гребенщиков және И.А.Криворотое, 1966; ВЛ.Ямпольскиц, 1966). Жағдайлардың төрттен үш бөлігінен астамында тек ұма ғана зақымдалады (соғылу, қысылып қалу). Ұмамен бірге бір мезгілде бір немесе екі жағынан оның органдарының жарақаттануы едәуір сирек кездеседі. Бұл орайда ен мен оның сағақтарыныңсоғылуы, ен мен сағактың тері астында жыртылулары, еннің тайып шығып кетуі, ұрық бауының соғылулары болуы мүмкін. Ұма органдарының бір оздерінің ғана зақымданулары неғұрлым сирек кездеседі.

Ұманың жабық зақымданулары. Мұндай жарақаттанулар үшін тез дамитын кең жайылған қан құйылулар тән сипат болады және мұның өзі ұманың молынан васкуляризациялануына, ұманың шеңберінде ғана емес; сонымен қатар көрші өңірлерде де қопсымалы біріктіруші тіндердің болуына байланысты соғылулар мен қысылып қалулар кезінде ауыру біршама кемірек. Жарақаттану кезінде пайда болған ауыру көп ұзамай ауырсыну және керкеу сезімімен алмасады. Қан құйылуы және тез арада ісіктің пайдаболуы есебінен ұманың бір жақ жартысы не түгелдей бүкіл ұма көлемі жағынан үлкейіп, қатпарлары жазылып кетеді. Терісі қызыл-көк кейде тіпті қара деуге болатын түске келеді. Қан көп құйылған жағдайда қанның жайылуы біртіндеп жыныс мүшесіне, бұтаралығына, екі санның ішкі беттеріне, алдыңғы іш қабырғасына тарауы мүмкін.

Ұманы пальпациялау біршама ауыртады, оның тіндері қамыр тәрізді консистенцияда болады.

Қан көп ақканда гематомалар түзіледі Ұманың зақымдануларына беткі гематомалар тән, мұндайда қан қалың етті қабықта немесе осы қабық пен ортаққынаптың арасына жиналады.

Беткі гематомалардан басқа, ұмада тереңдегі гематомалар да түзілуі мүмкін.   Koher-дің   классификациясы   (1887)   бойынша   олар экстравагиналдық және интравагиналдық болып бөлінеді. Соңғысын жарақаттық гематоцеле деп атайды.

Экстравагиналдық гематомалар кезінде қан жалпы қынаптын қабық астына, ал интравагикалдық гематомалар кезінде еннің өз қабығының куысына жиналады.

Экстравагиналдық гематомалар жалпы қынаптық қабық тамырларынан не ұрықбауынан қан ағудың салдарынан пайда болады. Олар нақты шекаралары жоқ, ұманың тереңінде пальпацияланатын тығызданулар ретінде анықталады. Олардың консистенциясы мен мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайларда гематома шағын болады да, ұрық канатының шектеулі учаскесінде сипағанда білінеді, неекі қынаптық кабықтың арасында жиналған кезде ен өңірінде білінеді. Енді бір жағдайларда экстравагиналдық гематома орасан зормөлшерге жетіп еннің төменгі полюсінен шап каналының сыртқы тесігіне дейін және тіпті оның бойымен ішперде сырты клетчаткасына тарап жайылады.

Мұндай гематомалар қысылып қалған жарықпен араласуы мүмкін. Экстравагинаддықгематомалар кезінде ен көлбеу жағдайда болады да,оныісіктің төменгі полюсінде сыйпап білуге болады.

Интравагиналдық гематомалар (жарақаттық гематоцеле) енніңнемесе өзінің қынаптық қабығының зақымданулары  кезінде ұшырасады. Олар ұманың тереңінде болады, шектері анық білінген, кернеулі, алмұрт тәрізді түзілімдер болып келеді, бұларды енді сипап білуге болмайды. Формасы жөнінен олар гидроцелеге сәйкес келеді, одан айырмашылығы ауырады, сәулелену симптомы теріс болады және сусымалылығы неғұрлым сирек аңғарылады. Ұйымалардың біркелкі бөлінбеуіне байланысты гематоманың консистенциясы әртүрлі өңірде бірдей болмауы мүмкін, Интравагиналдық гематомалардың мөлшерлері экстравагиналдық гематомаларға қарама-қарсы онша үлкен болмайды.

Экстравагиналдық және интравагиналдықгематомалардың байкалуы ұрық бауының, ен мен оның сағағының жарақаттануы жоқ деу үшін себеп болғанмен, бұларды танып-білу көбіне оңай міндет болмайды. Ауыр жарақаттар салддрынан ұманың әр түрлі қабаттарында қан жиналады, осының өзінде беткі қабаттағы гематомалар мен тіндердің ісінуі қынаптық қабықтардағы экстравазаттардың болуын бүркемелейді. Соңғыларының диагностикасы ісіктің азаюына қарай жеңілдейді. Бұл орайда ұма органдары зақымдануының симптомдары ескеріледі. Қынаптық қабықтар жыртылып, гематомалар бір-бірімен жалғасатын кезде тереңдегі қан құйылуларының диагностикасы неғұрлым қиын болады.

Ендер мен олардың сағақтарының жабық зақымданулары Г.С.Гребенщиков пен И.А.Криворотовтың деректері бойынша (1966) ұмалары жарақаттанған науқастардың төрттен бірінен кемінде байқалады. Мұндай зақымданулардың біршама сирек болатын себебі ендер барынша қозғалмалы болады әрі жарақаттанған сәтте m.cremasterжиырылады, осының нәтижесінде ендер соққыға ұрына қоймайды.

Ен мен сағақ соғылған кезде жарақаттың ауырлығына байланысты жалғастырушы тіндік қабаттардағы белоктық қабық сау қалғанда еннің паренхимасы мен сағақта азды-көпті едәуір қан құйылыстары түзіледі. Ауыр жарақаттанулар паренхиматоздықтіннің езіліп кетуіне апарып соғады.

Зақымданған тамырлар тромбтануы мүмкін, ондайда ишемиялық инфактілер пайда болады. Үлбіреп тұрған паренхима тікелей жарақаттанудан, сондай-ақ гематомалардың түзілуімен, тамырлардың тромбозымен, ісінудің салдарынан тіндердің жаншылуымен байланысты қан айналысының бұзылуларынан зардап шегеді. Тіндердің жаншылуына белоктық кабықтың созылмалылығының аздығысебспші болады.

Ұманың зақымдануларынан өзгеше, ендер мен сағақтардың жарақаттанулары қатты ауыртады, екінің бірінде дерлік құсу, талықсу, сіңірлердің тартып қалу жағдайларымен қабаттасады. Қатты жарақаттану кезінде болатын естен танудан науқас тіпті өліп кетуі мүмкін. Біртіндеп бәсеңдеген ауру жарақаттанудан кейін де одан әрі мазалап, бел мен шап өңіріне иррадиацияланады.

Ен мен сағақтың (немесе бұл органдардың біреуі) көлемдері үлкейіп, тығыздалып, пальпация кезінде ауырады. Кейде жарақаттық орхит пен эпидидимиттің қосылуы салдарынан еннің өз қабығының жапырақшалары арасында жалқаяқпайда болады -ен қабығының жедел шемені дамиды. Өз қынаптық қабығында еннің зақымдануы интравагиналдыкқгематомамен асқынуы мүмкін.

Ен сағақтың зақымдануларының диагностикасын көпшілікұманың қабаттасқан зақымданулары қиындатады, өйткенікейде бұл органдарды ісік қайтқаннан кейін барып қана тексеругемүмкіндік болады. Ен зақымдалды деп күдіктенуге анамнездікдеректерді (жарақаттану кезінде қатты ауыру және жалпы жағдайдыңбұзылуы) есепке алу көмектеседі.

Еннің тері астындағы жыртылулары біршама сирек байқалады, өйткені белоктыққабықтың зақымдалуы үшін едәуір күш түсуі керек, бұл шама бір шаршы сантиметрге кемінде 50 кг болуы керек. Әдетте, мұндай жарақаттану кезінде интравагиналдық гематома түзіледі.

Патогномдық симптомдарының болмауына байланысты көптеген жағдайларда ендердің тері астындағы жыртылулары танылып-білінбей қалады да, еннің соғылуы, гематоцеле жене т.б. диагнозымен өтіп кетеді. Сондықтан қатты ауыртып, интравагиналдық гематома түзілуімен қабаттасқан ұма жарақатына тап болған науқастардың барлығы еннің тері астында жыртылуы болмады ма екен деген күдік туғызуға тиіс.

Өтесирек кездесетін бір жағдай — жарақаттану кезінде еннің тайып шығып кетуі — еннің ұмадан тері астында орын ауыстыруы. Шығып кету бір жақты және екі жақты болуы мүмкін, осының өзінде ен көпшілік жағдайда зақымданбаған болып шығады.

Шығып кету кезінде еннің орны ауысу механизмі көп жағынан анық емес. Жарақаттану кезінде m.сremaste кенеттен жедел жиырылуы (кейбір авторлар осыған маңыз береді) еннің, мысалы, бұтаралығына, сан арнасына және т.б. ауысуы сияқты орын ауыстыруын түсіндіре алмайды. Neistadt (1968) органның дислокациясын соққының күші мен бағыты ғана анықтап қоймайды, сонымен бірге даму аномалиялары да анықтайды дenесептейді.

Еннің жарақаттық шығып кетуінің негізгі симптомы оның ұмадан жоқ болып кетуі болып табылады. Ен әдетте бөгеліп тұрып қалған не эктопияланған ендер байқалатын орындарға ауысады да, сол жерде ауыратын ісік сияқты білінеді. Тексерген кездегі ауыратыны сау енді қысқан кезде сезілетін ауыруға ұқсас болады (С.М.Нейман, 1928; А.В.Николаев, 1962, және т.б.)

А.Я.Пытель (1941) жарияланған бақылауларға талдау жасай келіп, еннің шығып кетулерін сыртқы (тері астындағы) және ішкі деп 2 топқа бөлді. Біріншілеріне шаптық, қасағалық, бұтаралық, сандық шығып кетулер, еннің жыныс мүшесі терісінің астына шығып кетуі, екіншілеріне еннің шап каналына, сан каналына шығып кетулері, интраабдоминалдық, ұршықтық шығып кетулер жатады.

Басқаларынан гөрі шаптықжәне қасағалық шығып кетулер жиі кездеседі (А.Я.Пытель, 1941; Alyca, 1929, және т.б.).

Еннің шығып кетуінің жарақаттанудан кейінгі ерте мерзімдегі диаг­нозы кең жайылған ұма гематомасы еннің орын ауыстыруын бүркемелейтін жағдайлардан басқа кездерде, қиын болмайды. Көп уакыт өтіп кеткен жағдайларда еннің шығып кетуін еннің бөгелуінен немесе эктопиясынан ажыратуға мұқият жиналған анамнез (жарақат және онымен байланысты енніңорын ауыстыруы) көмектеседі.

Ұрық бауының жабық жарақаттанулары (соғылулары) оның жылжымалылығы мен тереңде орналасуы нәтижесінде сирек байқалады және әдетте ондайда экстравагиналдық гематомалар түзіледі.

Ұма мен оның органдарының жабық зақымдануларының емделуі.

Ұманың жабық жарақаттанулары жағдайларының көпшілігінде консервативтік шаралар жеткілікті болады. Науқас төсекке жатқызылады. Ұмасы биіктетілетіндей жағдай жасалады. Жарақаттанудан кейінгі алғашқы сағаттарда суық басу қолданылады. Шамадан тыс суытып алмау үшін және жарақаттану мен қан құйылуы салдарынан қоректенуі онсыз да бұзылған нәзік терініңнекрозы болмау үшін мұз салған қауақ орамалмен оралған болуға тиіс. Қан құйылу өршігендей жағдайда біршама қыспайтындай таңғыш салынады. Егер суспензорий қолданылса, ісік ұлғайған кезде оның түбірі маңында ұманың сығылуы басталып кетпеуін қадағалау керек. Гематомалардың инфекциялануының алдын алу үшін әсіресе теріде сызаттар бар болса кейде антибиотиктеренгізген жөн.

Ұманың қанмен мол жабдықталуы қан іркілмелері мен гематомалардың пайда болуына да, сондай-ақ тез сорылып кетуіне де қолайлы болып шығады. Олар дененің басқа тұстарындағыдан гөрі анағұрлым тезірек тарап кетеді. Сорылып тарауын жеделдету мақсатында жарақаттанудан 3-5-ші күннен бастап олиготермиялық мөлшерлерде УВЧ-терапияны (3-4 сеанс) және әрекет-әсер интенсивтілігі жөнінен үдемелі жылу процедуралар (қыздыратын компресстер, грелкілер, соллюкс, отырғызып түсіретін ванналар, парафин аппликациялар және т.б.) қолданылады.

Шұғыл түрде операция жасап араласу қажет болатын жағдайлар жүргізіліп жатқан консервативтік шараларға қарамастан гематоманың одан әрі тез ұлғаюы. Операция құйылған қанды алып тастау, гематома қуысын егжей-тегжейлі қарау, қан ағып тұрған тамырларды байлау, кейін жараны тігу, бірқатар жағдайларда қосымша тілік арқылы дренаждау амалдарына саяды.

Неғұрлым кешеуілдеген мерзімдерде операция жасауға себеп сіңіріп сору терапиясына бой бермеген гематомалар болып табылады. Қан ұйымалары мен сұйық қаннан тазарту емдеу мерзімін едәуір қысқартады. Уақыты өтіп кеткен жағдайларда инкапсулаланған гематомалар мүмкіндігіне қарай капсуласымен бірге кесіліп алынады.

Инфекциялану белгілері (қатты ауырту, ісіну, тіндердің кернеуі, жарақат орнындағы флюктуация, дене температурасының көтерілуі т.б.) білінген кезде гематомалар міндетті түрде ашылуы және дренаждалуы тиіс. Операцияның кешіктірілуінің салдары ұманың флегмонасы және тіпті гангренасы болып шығуы мүмкін.

Некроз немесе ұманың гангренасы жабық зақымданулардың өте сирек кездесетін асқынуы болып табылады. Олартіндер езілген кезде немесе тамырлардың тромбозы тараған кезде байқалады. Гангренаның неғұрлым ауыр формалары жарақат қауырт өршіген ұма флегмонасы мен асқынған жағдайларда болады. Гангрена болған кезде tunica dartos-ты шекіп, көптеген кең тіліктерді мүмкіндігінше ертерек жасау қажет.

Демаркациялық сызықтың анықталуына орай семген өлі тіндер кесіліп алынады, жараның шеттері бірден немесе тазартылғаннан кейін тігістермен жақындатылады. Ендерді терінің қалдықтарымен жабуға келмейтіндей болып ұманың түгелдей жансыздануы пластикалық алмастыруды не ендерді екі сан терісінің астына ауыстырып салуды талап етеді.

Еннің жабық зақымдануларын емдеу кезіндегі алғашқы көмек ша­ралары естен тану жағдайының алдын алу және оған қарсы күресу. Осы мақсатпен  наркотиктер енгізіледі, ұрық бауына новокаин блокадасы жасалады, қажет болған жағдайда естен тануға қарсы комплексті тера­пия жүргізіледі. Егер ұмаға қан көп кұйылып, тіндердібағдарлауды қиындататын болса, ұрық бауын блокадалау шап каналы шегінде орындалуы мүмкін (іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің апоневрозын тесу).

Бұдан әріде қан ағуын тоқтатуға, инфекцияның дамуының алдын алуға, гематоманың сіңіріп-сорылуына бағытталған шаралар және ұманың жабық жарақаттануларын емдеуде қолданылатын шаралар ұқсас басқа да шаралар іске асырылады. Ауырту тым қатты болғанда жағдайда наркотиктер немесе анальгетиктер қайталап тағайындалады.

Инфильтраттардың сіңіп сорылуынжеделдету және тыртықтану процестерін азайту үшін қолданылатын физиотерапевтикалық процедуралардың ішінен өзін жақсы көрсеткені: йодты калий немесе медаза электрофорезімен ұштастырып парафин аппликацияларын қолдану болды, әдетте мұның өзі жарақаттанудан кейін2-3 апта өткен соң тағайындалады. Екі процедураның екеуі де бір күнде бірінен соңбірі орындалады: парафин аппликациялардан соң ізінше электрофорез іске асырылады.

Зақымданулардың немен тынары жарақаттанудан кейінгі жақын уақытта әр кезде бірдей анықтала бермейді. Мұның өзі бірқатар факторларға: паренхиманың жарақаттанудан бұзылуы дәрежесіне, қан айналысы бұзылуларының білінуіне, инфекцияның келіп қосылуына т.б. тәуелді болады. Ен тіндерінің езілуінің, қан құйылуының, инфарктілердің, жарақаттық орхиттің салдары паренхиманың склеротикалық және атрофикалық өзгерістерінің әр түрлі дережеде білінуі болады. Атрофия дамыған ауыр жағдайларда ен бірте-бірте болмашы мөлшерге дейін кішіреюі мүмкін. Атрофия функциялық кінәраттарға апарып соғады, бұлар екі жақты процесс кезінде сперматогенездің ғайыпболуымен жәнегормоналдық бұзылулармен көрінеді.

Еннінің жыртылулары кезінде жиі байқалатын некроздық өңірлердің. инфекциялануының салдары органның іріңдеп іруі болып табылады.

Еннің тері астындағы жыртылулары кезінде операция жасалуы ке­рек. Ол неғұрлым ерте жасалса, ишемиялық некроз, абсцестену, атро­фия сияқты асқынулардың алдын алу мүмкіндігі соғұрлым көбірек болады.

Операция гематомаларды босатуға, жараға түскен еннің жансызданған тіндерін қиюға жәнебелоктық қабыққа жіңішке кетгут тігістер салуға саяды. Белоктық қабықтың ақауларын пластикалау үшін еннің өз қабығының паристалдық жапырағы пайдаланылуы мүмкін. Орхэектомия ен толық езіліп ол ұрық буынан үзіліп қалған жағдайда ғана жүргізіледі. Ішінара езілген жағдайда көрінеу өмірге қабілетсіз өңірді резекциялау орындалады. Кешеуілдеген мерзімдерде атрофияланғаненді алып тастауға айықпайтын тестолгия себеп болуы мүмкін.

Ен шығып кеткен кезде жарақат енді ғана болған дейтіндей жағдайларда қан шығармай орнына салуға әрекет жасалады. Алдын ала наркотиктер енгізіледі, ал тым қатты ауыратын жағдайларда наркоз беріледі. Ісік пен гематома әліұлғая қоймаған кезде ол ойдағыдай орнына түседі деп сенуге болады.

Егер орнына салудың орайы келмесе, бұл әрекетті бірнеше күннен кейін ісік қайтқан бойда қайталау ұсынылады. Бұл жолғы әрекеттен де ештеңе шықпаса, операция жасап түзеу ен бітісіп бекіп қалмай тұрып жүзеге асырылуы тиіс. Қысылып жаншылуы мүмкін болуына және ауыр күш түскенде жиі ауыратынына байланысты еннің шығып кеткеніне бірталай уақыт болған жағдайларда да операция жасап түсіру жүзеге асырылады. Түсірілген ен ұмада фиксацияланады.

Ұрық бауының жабық жарақаты кезінде кішігірім экстравагиналдық гематомалар түзілуі қабаттасқан жағдайда консервативтік шаралармен шектеледі. Операцияны ұлғая түскен немесе сорып-сіңіру терапиясынан нәтиже шықпаған гематомалар болған кезде жасау қажет бо­лады.

Ұма мен оның органдарының ашық жарақаттанулары (жараланулары) соғыс уақытында көп болады. Ұлы Отан соғысы кезінде олар несеп-жыныс органдары зақымдалып жараланғандардың20-25 процентінде байқалды.

Ұманың ашық зақымданулары. Ұманың жаралары шаншылған, кесіліп-тілініп кеткен, іліп жыртып кеткен, оқтан, жарықшақтан болған және т.б.  жаралар болуы мүмкін. Шаншып-тесіп кеткен жаралар ұма тіндерінің эластикалығы себепті, егер жара инфекцияланбаған болса, әдетте тез бітіп жабыладыжәне оларданкейін із қалмайды. Кесіп-тіліп кеткен жаралар кіші-гірім болғанның өзінде көп қан кетеді. Етті қабықтың бұлшық ет және эластикалық элементгерінің жиырылуына байла­нысты жараның шеттері (әсіресе жара көлденең бағытта болғанда) кең ажырап, бүктетіледі. Соғылған жаралар соққы тиген кезде немесе қатты затқа құлап түскен кезде пайда болады жене әдетте мұндай жаралар айналасына қан құйылып, дұрыс емес формада болады. Ілініп-жыртылып кеткенжаралар ұманың машинаға түсуі, қатты затқане өткір нәрсеге құлау т.б. салдарынан болады; мұндай жаралардың түрі мен көлемі барынша әр алуан болып келеді. Бұлардың бәрінің кезінде қан көп ағады.

Ұманың ең ауыр жараланулары оқ, жарықшақ тигеннен болған жа­раланулар.Ұлы Отан соғысының материалдары бойынша ұма мен оның огандарының қабаттаса жараланулары өз алдына оқшау жараланулардан едәуір жиі кездесті және әр түрлі авторлардың келтірген деректерібойынша тиісінше 62,5% және 37,5% (В.А.Семенов, 1955), 90,9% және 9,1%(И.Г.Вольпян, 1947), 87% жене 13% (Л.И.Дунаевский, 1941) болады. Көбіне ұмамен бір мезгілде сан, үрпі, жыныс мүшесі жараланады, бұдан кейін жамбас сүйектерінің, қуықтың, тік ішектің және басқа opгандардың қабаттаса жараланулары болды.

Ұманың оқ жарықшақ тиген жаралары әрқашан дерлік еннің немесе ұрық бауының жаралануымен қабаттасады (Г.И.Барадулин, 1927; ев, 194!; Н.Ф.Горкун, 1955, т.б.). Мұндай жаралардыңшеттері едәуір ажырайды, бүктетіледі және қан ағады. Терінің ақаулары олардың іс жүзіндегі аумағынан үлкен болып көрінеді.

Ұма жараланған кезде кейде еннің түсіп қалатыны байқалады, өзі бастапқыда немесе кейін келе болуы мүмкін.Бастапқыдатүсуі жараланудан кейін бірден байқалады, ал кейін келе түсуі өздігінен ажырау салдарынан немесе енді жауып тұрған, семіп жансызданған тіндердіңқиылуынан болады.

Егер қынаптық қабықтар жарақаттану салдарынан зақымдалмаған болсатүсіп қалған енді сол ұстап тұрады. Қабықтар жыртылған кезде орган ұрықбауында ілініп тұрады.

Бастапқы мерзімде еннің өз бетімен түзелетіндей ыңғайы болмайды. Бұл енді қамтыған жара шеттерінің жиырылуына, органның түсіп қалған бөлігі көлемінің ұлғаюына байланысты. Кейін еннің айналасында тез түзілетін тыртықтанған тін кейде еннің қысылып қалуына апарып соғуы мүмкін.

Ұманың жараланулары кезінде пайда болатын гематомалардың инфекцияланып іріңдеуі жиі болады.

Ендер мен олардың сағақтарынм ашық зақымданулары. Ұманыңжаралануымен бір мезгілде еннің зақымдануы болса, жараланудыңауырлығы күрт артады. Кейбір жараланғандар естерінен танып қалады,Ұлы Отан  соғысында   мұндай  жағдай  жараланғандардың  2,3процентіңде болды. Кейде ұма жарақаттанған кезде естен танып қалу ензақымдалған деп күдіктендіретіндей негізгі нышан болып табылады.

Еннің жаралары шаншылған, тіліп кеткен, оқтан, жарықшақтан болғанжаралар жене т.б. болып келеді. Бұлардың бұрын пункциялау hudroceleуақытында біршама жиі кездесетін алғашқылары (Г.И.Барадулин, 1927) қазір өте сирек кездеседі, елеулі қауіп болып саналмайды, алайда интравагиналдық гематомалардыңтүзілуімен қабаттасуы мүмкін. Кесіп-тіліп кеткеннен болған жаралардың немен тынатыны негізінен жараның көлемі мен оның инфекциялану дәрежесіне байла­нысты болады. Тілік ұзын және терең болса, еннің тіні белок қабығынан түсіп калады да, әсіресе қабыну келіп қосылған жағдайда некротизациялануы мүмкін. Соңғы жағдайда қабықтың кіші-гірімжыртылуының өзі еннің семіп бітуіне апарып соғады.

Еннің оқтан, жарықшақтан жараланулары ең ауыр жаралар болып табылады. Мұндайжараланулар көбінесе қабаттасқан жаралану болады. Еннің оқтан, жарықшақтанжаралануларының диагностнкасы зақымдалған енұманың жарасынан түсіп қалған жағдайда ғана оңай. Ұмада көлемді гематомалардын болуы енді пальпациялауды қиындатады немесе мүлдеммүмкіндік бермейді, соңдықтан мундай жағдайларда органның жаралануы ұманың жарасын хирургиялық өңдеу уақытындағана анықталады.

Ұрық бауының жараларынан бәрінен гөрі кесіліп-тілінген және оқ пенжарықшақтан болған жаралар жиі кездеседі. Ұрық бауы жаралануының ұрық капсуласы не нервтің зақымдалуымен қабаттасуы (қан кету, некроз, еннің атрофиясы) ең үлкен қауіпболып табылады.

Ұманың түбірі өңіріндегі жарадан көп қан кеткен жағдайда әрқашан ұрықартериясы жараланған деп күдіктену керек. Егер терінің жарасы үлкенболмаса, зор гематома түзіледі. Спазмның салдарынан және қан тамырлары сығылғандықтан қан ағу мен гематома болмайтынжағдайларда диагностика қиындайды. Ұрық бауының жараланғандығыныңбір нышаныұма терісініңсезімталдығы сақталған жағдайда енніңқысқанда ауырмайтыны бола алады. Кейін-келе еннің орын-жағдайы өзгеруі мүмкін (тыртықтану оны жоғары тартады) немесе тамырлзр зақымданған жағдайда еннің атрофиясы басталуы мүмкін.

Ұманың оқтан, жарықшақтан жараланулары кезінде жат текті денелердің қалып коюы мүмкіндігіне байланысты рентгенологиялық зерттеу жүргізілуі қажет.

Ұма мен оның мүшелерінің ашық зақымдануларын емдеу. Жараның шеттері қиылып, жаттекті денелер алынып тасталғаннан кейін гемостаз жүргізіліп, жара антибиотиктер қосылған новокаин ертіндісімен,жуылады; нақ сол ертіндімен жұмсақтіндер инфильтрацияланады да, бұдан соң дренаж қалдырылып жара тігіледі. Мұқият гемостазға, гематомаларды жарып ашып, оларды жақсылап дренаждауға барынша назараударылуға тиіс, өйткені ұманың жараланулары кезінде гематомалардың іріңдеуі неғұрлмм жиі болатын асқыну болып табылады. Осының өзінде ірің ағыстарының бұтаралығы мен ішперденің алдыңғы қабырғасына тарану ыңғайы болады. Түсіп қалған ен оның өмірлік қабілетін анықтаудан кейін ұмаға түзеліп салынады. Еннің зақымдалғандығы оны тиісінше өңдегеннен кейін ұмаға түзеп салынуына қарсы көрсеткіш болмайды. Ен ұма ішінде бір кетгут тігіспен фиксацияланады, қажет болған жағдайда ұманың төменгі бөлігінде контрапертура санынады да, ол арқылы дренаж енгізіледі.

Тәжірибе кешеуілдеген мерзімде де жараны хирургиялық өңдеп, оның шеттерін антибиотиктер қосылған новокаин ертіндісімен инфильтрациялағаннан кейін енді ұмаға түзеп салуға болатынын қуаттап берді. Операциядан кейін антибиотиктер тағайындалады.

Операцияны дер кезінде ұмаға түзеліп салынбағандықтан, ені жарада тыртықтармен фиксацияланған науқастарға да жасауға болады. Ен бітісу өскіндерінен босатылады, грануляциялардан тазартылады, сөйтіп ұмадағы тұйық жолмен жаңадан қалыптасқан орынға салынады. Теріге сирек тігістер салынып, жара дренаждалады.

Аумақты жыртылған жаралар мен тері ақаулары болған, ендер жалаңаштанған ұрық бауларына ілініп тұрған жағдайда қалған тері қиықтарын іске жаратып ендерді жабатындай етіп тігістермен біріктіріп қою керек. Егер ендерді тұтас жабуға келмейтін болса, бірақұма терісінің бір бөлігі сақталған болса, жараға таңғыш салынады. М. cremaster-дің қысқаруы салдарынан жоғары көтерілген ендер тері киықтарымен жапсарластырылады.Ұма терісі барынша созылмалы болғандықтан 2-3 аптадан кейін олар ұмаға батырылған болып шығады, оныңтөменгі бөлігінде ғана ендермен жапсарлас кіші-гірім тыртық қалыптасады. Егер ұма түгел жұлынып кеткен болса (үма ампутациясы) әрбір ен екі санның жара жақтағы алдыңғы ішкі беттерінде жасалған тері астындағы қалтаға батырылуы мүмкін. Қалтаның төменгі бөлігінде дренаждауға арналған контрапертура жасалады. Кейін келе осы қалталар үстіндегі сан терісінен ұма қалыптастырылуы мүмкін. Ендердің жарақаттануы мүмкіндігіне және жүргенде ыңғайсыз болатындығына байланысты ендерді сандардың медиальдық бетінің терісі астына орналастырған дұрыс болмайды.

Ендермен олардыңсағақтарының ашық зақымдануларын емдеу естентаныпқалуға қарсы шаралар мен қан ағуына қарсы күрестен басталады. Енніңтінініңбелоктыққабықтан түсіп кету жағдайы болмаса, еннің кіші-гірім жаралары антибиотиктер ертіндісімен жуылғаннан кейін жіңішке кетгут тігістермен жамалады. Өз кынаптық қабығын жамамаған жөн, Бергманныңне Винкельманның үлгісімен операция жасап, дренаж қалдыру керек. Енніңжаралары үлкен болып, оның тіні түсетін жағдайда жара антибиотиктер қосылған жылы новокаин ертіндісімен жуылады, еннің өмірге қабілетті тінін белоктыққабықка түзеп салады да, оған бір-екі кетгут тігісін салады. Егер ен тінін түзеп салуға келмесе, түсіп қалған ұрық жіптерін байлап,қиып тастайды. Паренхиманың өмірге көрінеуі қабілетсіз өңірлері қиылып тасталуы тиіс. Ен сағағыныңжаралары да осы үлгімен өңделеді. Енді ұмаға батырады, ал мұның өзі әр кезде бірдей мүмкін бола бермейді. Енді түзеп салу үшін жараның бұрыштарын кертпемен қамтып жараны созады. Енді күштеп түзеп салуға әсте болмайды. Егер оны бұрынғы тілік арқылы түзеп салуға болмайтын болса,тілік ұлғайтылады.

Ендердіңбүлініп-бүзылулары көлемді болған жағдайларда барынша аялап сақтағыш хирургиялық ендеу ұсынылады. Ен бірнеше фрагментке бөлшектеніп кеткен жағдайда оларды антибиотиктер қосылған жылы новокаин ертіндісімен мұқият жуып алып сирек кетгут тігістермен жамайды (Г.СХребенщиков, И.П.Шевцов, 1970). Ен ұрық бауынан толық үзілген жағдайда ғана оны алып тастауға болады. Еннің жаралануларынан кейін антибиотиктер немее амтисептиктер міндетті түрде тағайындалады.

Ұрык бауының жараланулары кезінде жараның шеттері қиылады, тілік урықбауының бойымен жоғары қарай ұзартылады; ұрық бауын жалаңаштап алады, құйылған қанды кетіреді, қан ағып тұрған тамырларды тауып алып, жеке-жеке байлайды. Ұрық артериясы мен ұрық нервісін қамту мүмкіндігіне байланысты an mass таңғышы кауіпті. Соңғысы еннің атрофиясына, невралгиялық ауыруға әкеліп соғуы мүмкін. D, deferens таңғышы да келуі мүмкін. Операция дренаж енгізумен және тігістер салумен тәмамдалады.

Ұрық әкетуші өзектің зақымдануы кезінде оны біршама ұзындық бойында ажыратып алады да, қиылған ұштарын жамайды. Зақымдалған тұстан орталыққақарайлау өзек қабырғасын тесу ұсынылады. Пункциялықтесік арқылы өзектің саңылауына диаметрі 0,5-1,0 ммкапрон жіпті үзілген жерге дейін енгізеді, бұдан соңол өзектің перифериялық бөлігіне 2-3 см-ге өткізіледі. Өзек каркастағы сияқты тігіледі де, одан соң жіпті алып тастайды.

#Жыныс #мүшесінің #зақымданулары