Жүктілік және артериялық қан қысымы слайд,презентация — Биология
Жүктілік және артериялық қан қысымы слайд,презентация
Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын гипертензиялық бұзылыстар 4-6 сағаттық үзіліспен 2 реттен кем емес, өлшегенде систолалық (сАҚ ) 140-тан жоғары, диастолалық (дАҚ) АҚ с.б. 90мм жоғары көтерілуі. Барлық жүктілер арасында гипертензиялық бұзылыстар (ГБ) 4-8% -де кездеседі жəне ана өлім-жітімінің құрамында 2-3 орын алады.
Жіктемесі
1. Жүктілікті, босануды жəне босанғаннан кейінгі кезеңді ауырлататын бұрыннан бар гипертензия (артериялық сүле гипертензия- АСГ) – жүктілікке дейін болған немесе осы жүктіліктің 20 аптасына дейінгі мерзімде анықталған, босанғаннан кейін де сақталған гипертензия.
— маңызды (эссенциалдық);
— кардиоваскулярлық;
— бүйректік;
— екіншілік (салдарлық)
2. Преэклампсия (кешеуілді уыттану) – жүктілікке тəн белгілер, бұл жүктіліктің 20 аптасынан кейін (немесе трофобластикалық ауру кезінде одан да ерте) пайда болатын гипертензия, бұған протеинурия қосылады да (HELLP белгілерінің көріністері кіреді), босанғаннан кейін кері даму жүреді.
А. Ауырлығы орта дəрежелі уыттану:
— 6 сағаттық демалыстан кейін екі рет өлшегенде АҚ тура 140/90 немесе одан жоғары, бірақ с.б.б.160/110 мм-ден төмен;
— бастапқы АҚ – мен салыстырғанда систолалық АҚ с.б.б.30 мм жоғары, ал диастолалық АҚ с.б.б. 15 мм-ден жоғары болуы;
— бет пен қол ісінуінің қосылуы;
— тəуліктік протеинурия 0,3 – 5,0 г/тəул.