ЖИТС ашық сабақ
ЖИТС ашық сабақ
Автор: Ауезова Сауле Абдірахман
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 10 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-30
Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
- Топқа жаңадан оқушы келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші 1. Ауырып ем іздегенше, (Ауырмайтын жол ізде) 2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.) 3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады) 4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді.) 5. Жасында темекісін будақтатқан, (Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан) 6. Арақ— ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі) 7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.) 8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған)
1-Жүргізуші: ПеризатҚұрбанова Аружан, Айдын Жанат «Арақтың зияны»Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр. Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат бередіКөрініс: «Жын мен Періште» Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап. Арақ: — Ей адамзат неге жүрсің серіксіз? Наша: — Танысайық, жақындашы сен бізге. Темекі: — Біз достыққа әрқашан да берікпіз. Жігіт: — Бұрын көрген секілдімін бір жерден. Кімсің өзің, жүзің неге түнерген? (Жігітті айналып жүреді) Арақ: Менің даңқым көп тараған кең жерде, Ізім жатыр қырқаларда, белдерде. Мен – Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең, Шақырмай – ақ жетіп келем сендерге. Темекі: Жас өмірің атқан кезде таң болып, Есіңде ме, менде саған жолыққам. Талай – талай бірге жүрдік серк боп, Содан кейін бір күні әкең өлгенде, Наша қалмай меніменен еріп кеп, Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде Наша: Иә, мұнан кейін бір күннен соң бр күннен Есігіңді жиі қағып тұрдым мен. Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым, Кей күндері бірге жүрген досыңның, Баянсызын сезінгеде жолықтым. (Өзімен бірге жігітті ертіпкете береді. «…………») Періште: -Ей, ақымақ, ақымақ, Жақын болма жаманға! Жалыныңды сөндіріп, Жастығыңды күйдіріп, Сезіміңді қорлатасың оларға. Жігіт: Денсаулықтың басшысы, Жан – тәнімді өз қолыңа беремін. Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы, Айтқаныңа көнемін. Періште: Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,Кезің келді қоғам жүгін арқалар Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп, Айта алмаймын ертеңінесенем деп. Талап: Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үніТентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген, Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен Ақыл: Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?Темекі мен арқ, наша бүкіл елге танылар. Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді, Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді. Періште: Ана сүті арамдықты суарса, Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп. Темекіден түтн сорсаң улайсың, Өзіңді — өзің жіпсіз байлап шрмайсың. Ақылды болсаң жас жігіт, Сөзімді менің тыңдайсың! Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым: Тек жүзіңді төмен салма, Нашақорға жаман болма. Тек көзіңді жасуаратпа, Сенің көзің заман үшін бағалы. Сенің әніңасқақ шықса, Қоғам даңқы жоғары. (Осыдан кейін, бәрі бірге шығып, қол ұстасып, басын иеді). «СПИД жойылсын» 2-Жүргізуші: АзаматЖойылсын жалғыз сөз СПИД деген Жойылсын мәңгілік жойылсын. Вируспен ауырған адамдарға Ем – дәрі тезірек табылсын. Теміралиева Перизат «Уақыт»
1-Жүргізуші: ПеризатЕліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900-ге жетті. Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны-25 тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны-38.СПИД құрбаны (монолог) Құрбанова Аружан, Орынбасар Мадина«Ғасыр уы» СПИД деген – ғаыср уы, зобалаңы, Сан адамға жазылмас жара салды. Сан адамды өмірден алып кетті, Мамандар да бір емін таба алмады. Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба! Өлмейсің сен үміт пен сенім барда! Салауаттылық – жарқын өмір кепілі, Көтер басты тағы айтамын, мұңайма! Сонымен оқушылар бүгінгі тәр бие сағатымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.