Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін қамтамасыз ету туралы қазақша
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясы қағидаларынан біздің еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің негізгі тұжырымдамалық бағыты айқындалады. Жоғарыда аталған өзекті мəселелерді ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу бойынша шаралар қолданылады: 1) жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындар) арқылы жергілікті маңыздағы мəселелерді шешуге тұрғындардың қатысуын, қызығушылығын жəне жауапкершілігін ынталандыру жолымен ауылдар (селолар), кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде басқарушылық шешімдерді қабылдауда тұрғындардың рөлін бірте-бірте жоғарылату; 2) тұрғындарды толғандыратын ең маңызды мəселелерді шешу үшін қалалардың деңгейінде жергілікті басқарушылық шешімдерді шешу үрдісіне тұрғындардың белсенді бөлігін тарту тетігін енгізу; 3) аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтерде, ауылдық округтерге кірмейтін ауылдарда əкімдерді тағайындау немесе сайлау кезінде мəслихаттардың рөлін арттыру; 4) жергілікті маңыздағы мəселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейінің қаржылық жəне экономикалық дербестігін кеңейту
Қабылданатын шаралардың нəтижесі: 1) жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыруда азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруы, оның ішінде жиналыстар мен жиындар арқылы тұрғындардың өз еркін білдіруі қамтамасыз етіледі; 2) 2013 жылы аудандардың (қалалардың) мəслихаттармен сайлау арқылы ауылдық округтердің құрамына кірмейтін аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде, ауылдарда əкімдерді сайлау енгізілді; 3) басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысу арқылы тұрғындардың рөлі, олардың елді мекендерді абаттандыру мəселелерін сапалы шешуге қатысуы арта түсті, тұрғындардың сапалы тұрғын үй-комунналдық қызметті алуда қызығушылығы артты, санитарлық жағдай, қоғамдық тəртіп жақсарды; 4) жергілікті мəселелерді шешуде қала халқы қызығушылық таныта бастады.
Бұдан əрі келесі шараларды жүзеге асыру қажет: 1) жергілікті тұрғындарды жергілікті маңыздағы мəселелерді шешуге бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану мониторингіне қатыстыру; 2) жергілікті маңыздағы өзекті мəселелерді шешуде əкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары ретінде кезең-кезеңмен жəне дəйекті түрде дербестігін нығайту; 3) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамның тіршілік əрекетіндегі маңызды мəселелерді шешуде қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін арттыру.
Осындай жолмен Қазақстанда бірте-бірте белгілі экономикалық жəне қаржылық дербестікке ие, əлеуметтік-экономикалық қайта құруды жүргізуде мемлекетке көмек көрсете алатын жəне жергілікті маңыздағы əртүрлі мəселелерді шешетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді жүйесі құрылатын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының маңызын анықтауда негізгі көрсеткіш олардың қызметіне тұрғындардың тікелей қатысатындығы болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің тиімділігін жəне тұрғындардың өмір сүру бейімділігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары таяу арада тиісті материалдық-қаржылық қорлардың мөлшерін иемденеді. 2017 жылғы сəуірде 1066 ауылдық округтің жеке бюджетке ие болатындығы хабарланды.
Бұл елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына жəне толыққанды азаматтық қоғамның қалыптасуына жаңа серпін береді, конституционалдық нормаларды жүзеге асыруға, жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін жəне заңнамалық негіздерін ұйымдастыруды құруға, билікті демократизациялау саласында нақты реформалар жүргізуге, жергілікті маңыздағы мəселелерді шешуде тұрғындардың рөлін арттыруға, мемлекеттік басқаруға тұрғындардың тікелей қатысуына жағдай жасауға, бюрократизм мен жемқорлық деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Ақыр соңында осы шаралардың нəтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару саясатының дамуы жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде тұрғындардың, жергілікті өзін-өзі басқарудың жəне мемлекеттік биліктің өзара əрекеттесу жүйесінің құрылуына алып келеді, мұның тиімді қызмет етуі: 1) тұрғындар рөлінің, оның жергілікті маңыздағы мəселерді сапалы шешуге қатысуының өсуін; 2) əрбір елді мекенде тұрғындардың өмір сүру деңгейінің көтерілуін; 3) өңірде жəне жалпы мемлекетте саяси тұрақтылықтың артуын қамтамасыз етеді. Көпшілікке танылған муниципалдық демократия жəне муниципалдық басқару, оның ішінде 1985 жылғы 15 қазанда Жергілікті өзін-өзі басқарудың европалық хартиясымен бекітілген құндылықтар жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеу үшін теоретикалық база болып табылады, бұл келесіні белгілейді: 1) жергілікті өзін-өзі басқару демократиялық құрылым негіздерінің бірін құрайды; 2) мемлекетті басқаруда азаматтардың қатысу құқығы нақ жергілікті деңгейде тікелей іске асырылуы мүмкін; 3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нақты өкілеттіліктерінің болуы бір мезгілде тиімді жəне азаматтарға жақын басқаруды қамтамасыз етеді; 4) демократиялық жолмен құрылатын өзін-өзі басқару органдары өзінің құзіреттілігі бойынша дербестікті, оны жүзеге асыру тəртібін жəне бұған қажетті қорды иеленуі тиіс.
Жергілікті өзін-өзін басқару принціпі əлемнің көптеген елдерінің муниципалдық заңнамасының құқықтық негізі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың европалық хартиясы жергілікті өзін-өзі басқару онсыз іске асырылмайтын төрт басты белгіні бөледі: — қолданыстағы заңмен белгіленген билік, — жергілікті өзін-өзі басқарудың қорды жеке пайдалану құқығын иеленуі; — айқын қызметі белгіленген мемлекеттегі билік; — сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы Өзін-өзі басқару жүйесі тиісті экономикалық талаптардың, мемлекеттік орган мен жергілікті өзін-өзі басқару органы арасындағы қатынасты ажырататын айқын құқықтық базаның, бұқаралық сананың, құқықтық мəдениет пен адамдар əрекетінің сапалы өзге деңгейде болуын қажет етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы бойынша жинақталған тəжірибеден қорытынды шығаруға болады, Қазақстанның ірі қалаларында: Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкентте аудандар, облыстық маңызы бар басқа қалаларда – орталықтандырылған басқармалар құрылды. Қалаларда, ауданның деңгейінде жеке бюджеті бар басқару органдарының құрылуын мақсатқа сай деп есептейміз.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың жүріп өткен жолы ақырындап біздің елімізде қазіргі кезеңде тиімді əрекет етіп отырған Қазақстан үшін ең ұтымды, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ұйымдық, қаржылық, кадрлық жүйесін қамтамасыз етудің, сонымен қатар мемлекеттік органдармен өзара байланысы механизмінің қалыптасып келе жатқандығын көрсетіп отыр, елдің мемлекеттік құрылысының құрылымы, өңірлік ерекшелік (үлкен территория, тұрғындар тығыздығының төмендігі, ықшам топпен орналасқан тұрғындардың арасындағы елеулі арақашықтық), жергілікті дəстүр жəне мəдениет, экономикалық жəне басқа да талаптар ескеріледі.
#Жергілікті #өзінөзі #басқарудың #қызметін #қамтамасыз #ету
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз