Жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайы туралы қазақша

0
62

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық гүлдену, əлеуметтік əл-ауқат пен қазақстандық қоғамның қалыптасуының бірден бір шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы əзірленді, онда жергілікті «өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті жерлердің дамуы мəселесін шешуге азаматтардың қатысуын ұлғайтудың маңыздылығы» ескерілді.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылуы жергілікті тұрғындардың өміріне тікелей əзер ететін мемлекеттілік институты мен азаматтық қоғамның дамуымен, елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, басқа да факторлар мен талаптармен байланысты көпкезеңді жəне динамикалық үрдіс. Əлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңмен құрылған, жəне бұл үрдіс тарихи ұзақ сипатқа ие болғаны белгілі. Қазақстанда сонымен қатар, біздің елдің жағдайы жəне шындығымен сəйкес келетін жергілікті өзін-өзі проблемаларын шешу тəсілдері пысықталуда. «Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылу жəне даму үрдісі салыстырмалы тұрғыдан алғанда жақында ғана басталды. Заңнамалық базаны қайта қарау бойынша жəне тұрғындардың менталитетін қайта бағыттау бойынша алда үлкен жұмыс күтіп тұр».

Қазіргі заманғы əлемде мемлекеттің əл-ауқаты жалпы алғанда ұлттың потенциалын жəне жеке азаматтардың қабілетін тиімді пайдаланумен белгіленеді. Сондықтан көптеген дамыған елдерде жергілікті өзін-өзі басқару модельдерін жетілдіруге ұмтылады. Биліктің бұл деңгейі тұрғындарға көбірек жақын, олардан қалыптасады, оның бақылауында жəне тұрғындардың басты өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша мəселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұтымды құру кезінде жергілікті қор оңтайлы ғана жұмсалмайды, сонымен бірге тұрғындардың билікке деген сенімі байқарлықтай жоғарылайды.

Мемлекет дамуының осы кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігінің артуы жергілікті қоғамдастықтардың өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін бірқатар функцияларды жергілікті өзін- өзі басқаруды реттеу аймағына беру жолымен іске асырылады.

2007 жылы Конституцияға толықтырулар енгізілгені белгілі, олармен жергілікті өзін-өзі басқарудың тікелей халықпен, сонымен қатар мəслихаттар жəне басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жүзеге асырылатыны белгіленді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару жəне өзін-өзі басқару туралы Заңда (2001 ж., 23 қаңтар) əкімнің мемлекеттік басқару функцияларымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын да жүзеге асыраты белгіленген, ал жергілікті маңыздағы мəселелерді талқылау үшін тікелей ерік білдіру арқылы жергілікті қауымдастықтардың жиналыстары (жиындар) өткізілуі мүмкін.

2011 жылы ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын ауылдардың (селолар), кенттердің, аудандық маңыздағы қалалардың, сонымен қатар қалалардағы аудандардың əкімдерінің аппараттары (бұдан əрі – төмен деңгейдегі басқару əкімдер) құрылды.

Сонымен бірге, олар əзірше жеке бюджетті иеленбейді, бірақ бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі болып табылады. Бұл шығындар ауданның (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінде қарастырылады жəне тиісті мəслихаттармен бекітіледі. Аталған шығындар мектепке дейінгі тəрбиені жүзеге асыруға жəне оқытуға, мұқтаж азаматтарға үйлеріне барып əлеуметтік көмек көрсетуге, елді мекендерді абаттандыру жəне көгалдандыруға, шаруашылық есептерін жүргізуге жəне т.б. бағыталған.

Ауылдардың (селолар), ауылдық округтер (селолық), кенттердің əкімдеріне əзірге толық қаржымен қамтамасыз етілмеген функциялар бекітілген. Нəтижесінде əкімдер жергілікті маңыздағы мəселелерді толығымен тиімді шеше алмайды. Бұл проблеманы шешу үшін бірінші кезеңде 2012 жылдан бастап, «Өңірлердің дамуы» бағдарламасының аясында жергілікті маңыздағы өзекті мəселелерді шешуге үшін өңірлерді қаржылай қолдау тетігі іске асырыла бастады. Осы тетіктің маңызды түйіні бөлінген қаржыны бөлу жəне шараларды іріктеуге тұрғындардың қатысуы болып табылады.

Қазіргі уақытта жергілікті басқарудың ең төмен деңгейінде жеке бюджетті құру аудандық бюджеттің көп бөлігінің субвенциялық болуы салдарынан тежелуде. Басқарудың ең төмен деңгейінің бюджеті олардың қалыптасуы жағдайында субвенциялық болу мүмкіндігін күтуге болады (мəселен: Ақмлола облысында барлық 17 аудан субвенцияны облыстық бюджеттен алып отыр, Қарағанды облысында 9 ауданның 8-і субвенциялық болып табылады).

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей жүзеге асыруда бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Қолданыстағы заңнамамен, жиналыстарды (жиындар) өткізу тəртібі мен шешімдерді қабылдау облыстардың, республикалық маңыздағы қалалар жəне астананың мəслихаттарымен белгіленетіні қарастырылған, сонымен бірге əрқайсысы жиындарды өткізудің өзіндік тəртібін қабылдау қажет. Алайда бүгінгі күні жиналыстарда (жиындарда) жергілікті маңыздағы мəселелерді талқылауға азаматтардың қатысуы бойынша заңнамамен қарастырылған нормалар тəжірибеде қолданылмайды. Заңнамамен жиналыстардың (жиындар) өкілеттігі, қалыптастырылуы жəне жүргізілу тəртібі реттелмеген. Сонымен қатар ауылдық деңгейдегі əкімнің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруда еркіндіктің жетіспеушілігін белгілейтін негізгі проблемалық сəттердің бірі жеке қаржы ресурстарын, мүлікті жəне басқа да ресурсты мүмкіндіктерді иемдену мен билік етуде шектеу қойылғандығы болып табылады.

Сонымен бірге, кезеңмен ауылдық əкімдердің шаруашылық жəне əлеуметтік салалардағы мəселелерді шешуде, қолда бар жергілікті қорды — жерді, мүлікті пайдалану, кіші жəне орта бизнестің өсуіне іс жүзінде ықпал етуде өкілеттіктері кеңейюде.

Басқарудың төмен деңгейінде елді мекеннің кешенді əлеуметтік- экономикалық нық дамуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ауданның (облыстық маңызы бар қалалар) даму бағдарламасына жергілікті қауымдастықтың өмір сүруін қамтамасыз ету бойынша бюджет бағдарламаларын қалыптастыруға негіз болатын сол аумақ тұрғындарының бірінші кезектегі мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бейнеленетін қосымша тармақ қосу қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі көп жағдайда өзін-өзі басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық жəне экономикалық негіздерін қамтамасыз ететін барлық қажетті заңдар кешенінің болуымен ғана емес, жергілікті өзін-өзі басқаруды шынында да іске асыра алу мүмкіншілігіне, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде тұрғындардың өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіне білуіне де байланысты.

Тұрғындардың ағымдағы құқықтық сауаттылық жағдайын ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін, əсіресе ауылда жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдағы жəне мемлекеттегі рөлін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат қызметін жандандыру қажет. Əлемдік тəжірибе жергілікті өзін-өзі басқарудың адам тығыз орналасқан төмен деңгейдегі əкімшілік-аумақтық бірліктерде тиімді əрекет жасап отырғанын көрсетті. Қазақстанда – бұл ауыл, ауылдық округ, кент, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілеттіктер беруді кезеңмен іске асырған жөн, кері жағдайда өзін-өзі басқару органдары өздеріне қойылған міндеттерді орындай алмауы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік институттар тарапынан да, азаматтар тарапынан да сенім білдіру тек олардың жұмыстарының барысында көрініс табатын болады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында саяси жүйені бұдан əрі жаңғыртудың, оның ішінде жергілікті өзін- өзі басқарудың даму басымдықтары айқындалған. 2020 жылы Қазақстанда билік өкілдерінің маңызы өседі, үздік халықаралық стандарттарға сай жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылады деп күтілуде.

#Жергілікті #мемлекеттік #басқару #мен #жергілікті #өзінөзі #басқарудың #қазіргі #жағдайы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз