Жақсыдан үйрен жаманнан жирен, үлкенге құрмет

0

Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге және өмірде қолдана білуге үйрету.
Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір — бірімен достық қарым — қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!

Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп аталады.
— Біз бүгін “Жақсы” деген не?”, “Жаман деген не?” сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз. Адам бойында жақсы — жаман қасиеттер болады.

Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады.

Сөзжұмбақ шешу
Оқушылардың тақпақтары
ЖАҚСЫ ДЕГЕН НЕ?
Биязы мінез тіл алғыш,,
Бал — бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол -?

Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол -?

Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай.
Ақылды болсаң сол -?

ЖАМАН ДЕГЕН НЕ?
Беті — қолың кір — кір боп,
Берекесіз ыржақтап
Бейбастық өссең сол -?

Ұшып — қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол -?

Ата – ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол -?

ЖАҚСЫ

АДАЛДЫҚ
МЕЙіРіМДІЛІК
ҚАМҚОРЛЫҚ
КӨМЕК
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

ЖАМАН

МАҚТАНШАҚ
ӨТІРІКШІ
ӘДЕПСІЗ
САРАҢ
ЕРІНШЕК

Жалғасын тап
Жақсыдан үйрен,
Жаман шайқап сөйлер,
Жамандықты ұмыт,
Әдепті бала — арлы бала,

«Ойнайық та, ойлайық»
Үлкендердің алдынан…
Кішкентай баланы жылатуға….
Құстарды атуға…
Сабақтан…
Есікті керуге….
Ауызды ашып есінеуге…
Үйге жүгіріп кіруге…

Не деу керек?
Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен слайд жүктеу