жапсыра тігу жабық түрі, қосып бастырып екі рет тігу, түйістіре тігу

0

Сабақтың тақырыбы: Шеткі тігістерді орындау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі Шеткі тігістерді үйрету. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін қайталау. Оқушылардың жүйелі ойлау әрі тігу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп, тігу қабілеттерін дамыту. Мамандықтары бойынша құзыреттіліктерін, икемдіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік Еңбек етуге, ұқыпты тігуге және теориядан алған білімдерін практика жүзінде көрсете отырып, сабақта белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Негізделген технология: Интерактивтік технология.
Көрнекілік құралдар: Үлгілер, мультимедиялық тақта, нұсқау карталар,
оқушылардың жеке құралдары, шеберхана жабдықтары.

Пәнаралық байланыс: Технология, Мататану, Жабдық.
I. Ұйымдастыру бөлімі 3 – 5 мин.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Кіріспе бөлім.
Өткен сабақты қайталау. Слайд. Мультимедиялық тақтада қосатын тігістердің суретін көрсетіп, жасырылған тігіс атауларын табу және қайда қолданылатынын айту.

1. Сырып тігу айыра үтіктеу.
2. Сырып тігу жатқыза үтіктеу.
3. Айыра тігу ашық түрі.
4. Айыра тігу жабық түрі.
5. Бастыра тігу ашық түрі.
6. Бастыра тігу жабық түрі.
7. Жапсыра тігу ашық түрі.
8. Жапсыра тігу жабық түрі.
9. Қосып бастырып екі рет тігу.
10. Түйістіре тігу.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау. Оқушылар өткен сабақты есімізге түсірсек, тігістердің үш түрге бөлінетіні айтылды. Қосатын тігістер, шеткі тігістер және безендіргіш тігістер. Қосатын тігістерді өткен сабақта өттік және де бүгін қайталадық. Келесі бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Шеткі тігістер.
Бүгін біздер шеткі тігістердің түрлерімен танысамыз. Қайда қолданатынын білеміз және өңдеу технологиясын үйренеміз.
Қайырып тігудің екі түрі бар: ашық түрі және жабық түрі.
1. Қайырып тігудің ашық түрі (видиоролик) бұйым
етектерінде, жең ауыздарында, шалбар балақтарында өңдеуде кездеседі. Бұл тігіс көбінесе қалың маталарда өңделеді.
Өңдеу жолы: Матаның (оң жағынан) шетінен қайыру сызығын белгілейді 0, 5 — 4, 0см. Матаның теріс жағына бүгіп, көктеу. Үстінен бастырып тігіледі, тігіс ені 0, 5 — 3, 0 см.
2. Қайырып тігу жабық түрі (видиоролик) де қайырып
тігу ашық түрі сияқты бұйымның етектерінде, жең аузында, шалбар балақтарында және кез келген заттың шетін өңдеуде кездеседі, бірақта жұқа маталарда өңделеді.
Өңдеу жолы: Матаның (оң жағынан) шетінен екі рет қайыру сызығын белгілейді. 0, 5 см ден 4 см ге дейін қайыруға болады. Теріс жағынан екі рет бүгіп көктеу. Үстінен бастырып тігу, тігіс ені 0, 1 – 0, 2 см.
3. Жөрмеп тігу шеттік шығару. (видиоролик) Барлық бұйымдарда да жөрмеп тігу
көп кездеседі: өңірді өңір астымен қосып өңдегенде, қаттаманы өңдегенде. қақпақшаны астар матасымен өңдегенде, әдіпті мойын ойындысына және қолтық ойындысына қосып өңдегенде т. б.
Өңдеу жолы: екі бөлшектің оң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіріп 0, 5 – 0, 7 см. айналдыра көктеу. Жөрмеп тігу 0, 5 -, 07 см. (матаға байланысты, егер мата жұқа, сетінегіш болып келсе онда 0, 7 см жөрмеп тігіледі, ал егер мата сетінемейтін болса онда 0, 5 см жөрмеп тігіледі). Көктеу жібін суырады. Оң жағына аударып, 0, 1 – 0, 2 см шеттік шығарылады, баса үтіктеледі.
Жиектеу. Жиектеудің де екі түрі бар: жиектеудің ашық түрі және жиектеудің жабық түрі.
4. Жиектеудің ашық түрін (видиоролик) бұйымның шеткі
қиықтарында қолданылады, бұйым етектерінде, жең аузында, мойын ойындысында, қолтық ойындысында, желбіршек шетінде т. б.
Өңдеу жолы: жиек қиғаш 45˚ бағытта пішіледі және ені 2 см болу керек. Жиек пен бөлшектің оң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіріп 0, 5 см сырып тігіледі, жиектің екінші жақ қиығын бөлшектің теріс жағына қарай айналдырып көктеу, Тігістен 0, 1 см бастыра тігіледі, баса үтіктеледі.
5. Жиектеудің жабық түрінде (видиоролик) жиектеудің ашық
түрі сияқты бұйымның шеткі қиықтарында қолданады, бұйым етектерінде, жең аузында, мойын және қолтық ойындысында, жаға, қақпақша, қаттама шеттерін безендіру ретінде қолданылады.
Өңдеу жолы: 45˚ бағытта пішіледі және ені 2, 5 — 3, 5 см болу керек. Жиек пен бөлшектің оң жақтарын беттестіріп, қиықтарын теңестіріп 0, 5 см сырып тігіледі, жиектің екінші жақ қиығын 0, 5 см бүгіп, бөлшектің теріс жағына қарай айналдырып көтеп, 0, 1 см бастырып тігіледі.
Қауіпсіздік ережесін қайталау.
1. Тігін машинасының қауіпті жерлерін ата.
2. Пішушінің жұмыс киімін сипаттап бер.
3. Үтік температурасын өзгертеді, қандай жағдайда?
4. Диэлектрикалық кілемшені не үшін және қай жерге төсейді?
5. Механик пен электриктің атқаратын жұмыстары.
6. Пішушінің қажетті құралдарын ата?
7. Машинаның инесі сынған кезде не істеу керек?
8. Үтіктің қауіпті жерлерін ата
9. Инемен жұмыс жасаған кезде не істеуге болмайды?
Инемен көздің арақашықтығы.
10. Зардап шеккендерге қандай алғашқы көмек көрсетесің?
11. Үтіктің қызғанын қалай тексересің?
12. Өрт шығудың негізгі себептерін ата.

III Ағымды нұсқау.
Оқушылар өз беттерімен жұмыстарын орындайды.
Жұмыс орнын қарап өткенде:
— Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру.
— Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау.
— Технологиялық процесін орындалуын бақылау.
— Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау.
— Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау.

IY Қорытынды нұсқау.
1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету.
2. Қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту.
3. Бағаларын жариялау.
4. Шеберхананы жинастыру.

БҚО. Орал қаласы. МКҚК «Технологиялық колледж»
М. Б. Имангалиева өндірістік оқыту шебері

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!