әйел шалбарын пішу, І өлшемге дайындау және өткізу

0

Өндірістік оқыту сабағы

Тақырып: «Әйел шалбарын пішу. І өлшемге әзірлеу. І өлшем өткізу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға әйел шалбарын пішу, І өлшемге дайындау және өткізу мақсатында кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көз – дәлдіктерін дамыту.
Тәрбиелік Тазалыққа, ұқыптылыққа, тігін өндірісіне тән жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың техникалық жабдықталуы: АҚТ

Көрнекіліктер: Нұсқау карталар, үлгілер, оқушылардың жеке құралдары, шеберхана жабдықтары.
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, Мататану, Жабдық, Технология.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі 3 – 5мин.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе бөлім.
Өткен сабақты қайталау.
Сұраққа – жауап (слайд)
1. Шалбар пішуге қандай өлшемдер керек?
2. Ст мен От өлшемдері немен ерекшеленеді?
3. Шалбардың сызбасын құрастыру үшін, қандай қосымшалар алынады
4. Вс өлшемі қалай алынады?
5. Шалбардың ұзындығы қалай өлшенеді және қалай белгіленеді?
6. Шалбардың сызбасының торын қалай тұрғызамыз?
7. ЯЯ2 нүктесі қалай анықталады?
8. ЯЯ 3 нүктесін қалай табамыз?
9. Т1 Т11қанша болады және неге байланысты?
10. Бант сызығын қалай сызамыз?
11. Артқы бойдағы Т4 нүктесін шалбардың балансын қанша аламыз?
12. Б2Б4 нүктесін қалай табамыз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Әйел шалбарын пішу. І өлшемге әзірлеу. І өлшем өткізу
Жаңа тақырыпты игеру мақсатында пішуге қойылатын талаптарды қайталау.
Пішім сапасын жақсарту үшін бұйымдарды пішу кезінде қойылатын талаптарды сақтау қажет.
• Үлгілерді матаға орналастырғанда үлгілер арасындағы ара қашықтары үлкен болмауы керек.
• Ең бірінші матаға үлкен негізгі үлгілерді орналастырады, кейін араларына ұсақ бөлшектерді жайғастырады.
• Пішетін матаны жиегін пішушіге қаратып жаю керек.
• Үлгілерді матаға орналастырғанда барқыт, вельвет, түкті маталарды міндетті түрде түктері төменнен жоғарыға қарай қарау керек. Ал үлбір
және түкті шұға маталарының түктері жоғарыдан төмен қаратып салу керек.
• Үлкен суретті маталарды пішер алдында матадағы суреттерді өңдеу барысында бір бірімен қиюластыруын ескеру.
• Егер матада ақаулары болса (тесік, дақтар, талшықтың үзінділері, жіптің ұштары) байқалса онда оларды бормен айналдырып белгілеп алады және үлгілерді орналастырғанда ақаулардың үстеріне салмауын қадағалау.
• Үлгілерді бастыру барысында бақылау белгілерін салу (бел сызығы, тізе сызығы, жең түбін, жағаның ортасын, мойын ойындысының ортасын, бүкпе ендері).
• Бордың сызу жіңішкелігі 0, 1 см болу қажет.
Әйел шалбарын пішу тәсілін көрсету (видиотаспа)

Матаның өң бетін анықтау. Матаның өң беті, сол жақ бетіне қарағанда суреттері анық, түстері ашық болады, ал қазіргі өңдейін деп жатқан матамыздың оң жағы мен теріс жағын айыру қиын сондықтанда матаның өң бетін жиек арқылы анықталады, жиек тесіктері теріс бетінен оң жақ бетіне қарай бағытталған.

Декатерлеу. Матаны пішер алдында отырғызып, декатерлейді. Маталарды декатерлеу кезінде ұзыннан және сәл енінен отырады, соған байланысты бұйымның өлшемі және пішімі өзгереді. Сондықтанда пішпестен бұрын. Декатерлеуді үтік арқылы булау, ылғалдандыру және кептіру жолымен жасалады. Кейін декатерленген матаны табиғи жолмен кептіріледі. Декатерлеу немесе булау матаның бір қалыпты болуына және бояудың өзгермеуі үшін бірегей болуына қажет.
Шалбарды пішу. Пішудің алдында матаны ұзына бойына, өң бетін ішіне қаратып, арқау жібін негізгі жіпке перпендикуляр болып түсуін қадағалап, және екі жағының жиектерін теңестіріп, ұзыннан екіге бүктеп, жиегін пішушіге қаратып үстел үстіне жайылады. Ең әуелі матаға симетриялық болып келетін негізгі бөлшектердің үлгілерін (шалбардың алдыңғы және артқы бөліктері орналастырылады, сонан соң өлшемнен кейін бел қиығы анықталған соң белдігі пішіледі) Үлгідегі негізгі жіп бағытын матаның жиегіне параллельді болу қажет, үлгілерді матаға мұқият түйрейді. Үлгілерді үшкір бормен (ені 0, 1 см) айналдырып, сызып бастырылады. Бастырылып болған соң тігіс еніне қалдырып екінші рет айналдырып сызылады.
Бүйір қиығына – 1, 5 – 2 см
Адым қиығына – 1, 5 – 2 см
Балақтың қайыру сызығына – 3 – 4 см
Алдыңғы бөліктің орта қиығына – 1 – 1, 5 см
Артқы бөліктің орта қиығына – жоғарғы қиығына – 2, 5 см,
ал төменгі қиығына – 1 – 1, 5 см
Үлгілерді бастырып болғаннан кейін, бақылау белгілерін салу. Бастырылған бөлшектерді тексеру қажет.
Матаны қимастан бұрын түйреуішпен түйрейді. Тігіс еніне қалдырылған (екінші) сызық бойынша қиып пішіледі, пішу барысында қайшыны матамен бірге үстелден көтермей қияды және бөлшектерді пішіп болғанша матаны орнынан қозғауға болмайды. Пішім бөлшектерін тексеріледі.

І өлшемге әзірлеу тәсілдерін көрсету (слайд)
Шалбар бөлшектерін жинау.
• Бүкпелерді бір бөлшектен екінші бөлшекке көшіру.
• Бүкпелерді көктеу.
• Бүйір және адым қиықтарын көктеу.
• Орта қиықтарын көктеу.
• Балағын бүгіп көктеу.
• Бел қиығына жиекті қосып көктеу.
І өлшем өткізу тәсілдерін көрсету (слайд)
• Көктелген бұйымды тұлғаға кигізіп түймелігін түйреу.
• Өлшемді бұйым балансының тексеруден бастайды, бұйымның тұлғаға қонымды болуына, бел және мықын сызықтары бойынша тұлғаға қалай қыналатынына назар аудару.
• Бүкпелердің ұзындығын және өзара симметриялығын тексеру.
• Шалбар балағының кең – тарлығын және ұзындығын анықтау (егер шалбар балағы кең болса, бүйір және адым қиықтарынан тарылтып түйрейді, ал егер тар болса жіберетін жерлерін бормен сызып белгіленеді).
І өлшемді тапсырыс берушінің оң жағынан өткізеді.

Жаңа сабақты бекіту
1. Декатерлеуді не үшін жасайды?
2. І өлшемді қалай өткізесің?
3. Шалбарды І өлшемге қалай дайындайсың?
4. Бүйір және адым қиықтарын неше см көктейміз?
5. Бұйымның бөлшектерін көтергенде бұйым қиығы қай жаққа қарап жатады?
6. І өлшемді тапсырыс берушінің қай жағынан өткізіледі?
7. Матаны пішерде жиегін қай жаққа қаратып жаяды?
8. Шалбардың бел қиығына мата жиегін не үшін көктейді?

Қауіпсіздік ережесін қайталау.
1. Тігін машинасының қауіпті жерлерін ата.
2. Пішушінің жұмыс киімін сипаттап бер.
3. Үтік температурасын өзгертеді, қандай жағдайда?
4. Диэлектрикалық кілемшені не үшін және қай жерге төсейді?
5. Механик пен электриктің атқаратын жұмыстары.
6. Пішушінің қажетті құралдарын ата?
7. Машинаның инесі сынған кезде не істеу керек?
8. Үтіктің қауіпті жерлерін ата
9. Инемен жұмыс жасаған кезде не істеуге болмайды?
Инемен көздің арақашықтығы.
10. Зардап шеккендерге қандай алғашқы көмек көрсетесің?
11. Үтіктің қызғанын қалай тексересің?
ІІІ. Ағымды нұсқау.
Оқушылар өз беттерімен жұмыстарын орындайды.
Шебердің көрсеткені бойынша өздерінің декатерленген маталарын жайып шалбардың үлгілерін орналастырып, пішіп қияды. Қиылған бөлшектерді жинап, І өлшемге әзірлейді және бір біріне І өлшем өткізеді.

Жұмыс орнын қарап өткенде:
– Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау.
– Технологиялық процесін орындалуын бақылау.
– Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау.
– Оқушылардың өзара бақылауларын қадағалау.

ІV. Қорытынды нұсқау.
1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету. 2. Қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту.
3. Бағаларын жариялау.
4. Шеберхананы жинастыру.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз