Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

0

Кейбір заттар тез қызады, ал кейбір заттар баяу қызады. Мысалы кішкентай кесек қорғасынды отқа жақындатсаныз ол тез қызып балқып кетеді, ал шойыннан не мыстан жасалған заттар бұлай тез қызбайды, балқып кетпейді. Бұның себебі неде? Бұған себеп заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталатын шамада.


Заттың бір килограмының температурасын бір градусқа жылыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері, осы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады. Және Дж/кг 0С-мен өлшенеді.


Мысалы бір килограмм суды бір градусқа қыздыру үшін 4200 Джоуль жылу жұмсау қажет, яғни судын жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг 0С. Бұл өте үлкен шама! Мысалы алтындікі бар жоғы 130 Дж/кг 0С. Яғни отыз екі еседей аз.


Осы себептен суды жылыту жүйелерінде пайдаланады:


Жылыту радиаторлары


Өйткені су көп жылуды өз бойында «сыйғыза» алады. Су көп жылуды ыстық пештен сіздің үйініздегі радиаторларға дейін тасымалдай алады.


Жылу сыйымдылығының формуласы


Жылу сыйымдылығы мына формула арқылы аңықталады:


c = Q/mΔt,


мұндағы c — заттың меншікті жылу сыйымдылығы, m — заттың массасы, Δt — заттың бастапқы және соңғы температуралар айырымы және Q — жалпы жұмсалған жылу мөлшері.


Жылу сыйымдылық кестесі


Кейбір заттардың жылу сыйымдылық мөлшері мына кестеде келтірілген:


Жылу сыйымдылығы


Жылу сыйымдылыққа есеп шығару


Шәйнектегі (2 литр) жылу (200 C) суды қайнату үшін неше жылу мөлшері қажет?


c = Q/mΔt


Q = c m Δt


Екі литр бұл екі килограмм су.


Δt = 100 — 20 = 80 (судын қайнау температурасы 1000 С).


c = 4200 Дж/кг 0С.


Q = 4200 * 2 * 80


Q = 672000 Джоуль.


Жауабы: шәйнекті қайнату үшін 6,72*105 Джоуль жылу мөлшерін жұмсау қажет.


Күмістен жасалған 5 грамдық сақинаны жиырма градусқа қыздыру үшін неше жылу мөлшері қажет?

Пән: Физика