Зәмзәм суы шипасы, Зәмзәмді ішу сүннет

0
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлімдеуінше әлемнің ең пайдалы суларынан болған зәмзәм суының көптеген сырлары, қазіргі технологияның дамыған заманның өзінде де ашыла қойған емес.

Бұлағы табылмаған судың теңізден 80 километр алыста болса да және айналасында басқа ешқандай құдықтар болмаса да ғасырлар бойы суы сарқылмай тұруы зерттеушілерді таң қалдыруда. 1, 5 метр тереңдікте болған құдықтан қажылықта миллиондаған қажылар су ішсе де, судың деңгейі еш азаймайды.

Европада лабораторияларда жасалған зерттеулер нәтижесінде зәмзәм суының құрамында өте аз мөлшерде күкірт бар екені анықталды. Ал АҚШ-та жасалған тест нәтижелері бойынша құрамында микроорганизм және бактерия жоқ су екендігі анықталды. ДДСҰ тарапынан зәмзәм суы әлемдегі ішуге болатын және денсаулыққа пайдалы ең жақсы су ретінде жарияланды.

Мүбәрәк зәмзәм суының қасиеттері:

♦ Сулардың ең жұмсағы және ең үстемі. Қасиетті зәмзәм ішкен адамды тойғызады.
♦ Шөлдегендер ішсе суға қанады.
♦ Ішкен аурулар шипаға қауышады.
♦ Пайғамбарымыздың жүрегі жуылған су.
♦ Зәмзәмді ішу сүннет.
♦ Қанғанша ішу, екі жүзділіктен сақтайды.
♦ Қандай ниетпен ішілсе де шипасын көреді.
♦ Ішетін кезде құбылаға бұрылады.
♦ Бисмилләһ айтып тойғанша тұрып ішеді.
♦ Ішер кезде үш рет дем алады.
♦ Тауафтың соңында ішу мүстаһаб.
♦ Құрамында микроб, бактерия жоқ.
♦ Құрамында күкірт өте аз.
♦ Кальций және магний тұздарының мөлшері көп. Мүктер мен паразиттер жоқ.
♦ Мыңдаған жылдар бойы қанша ішілсе де және қаншама сыртқа әкетілсе де азайған емес.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/