“Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі”
Тірі ағзалар
Эукариоттар
Прокариоттар
Анциттер
Сабақтың мақсаты: Вирустардың ашылу тарихы мен құрылысын, жұқпалы аурулар түрлерін оқып, меңгеру.
Мағынаны тану:
Түрлі түсті конверттегі тапсырмалар.
Қызыл түсті конверт: Вирустың ашылу тарихы.Жасыл түсті конверт: Вирустардың типтері. Сары түсті конверт: Вирустардың құрылысы.
Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол ХІХ ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақтарды жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.
ХІХ ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді. Вирус (латынша «virus» — у) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан — капсидтерден тұрады. У.Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді
Сабақты бекіту:
Тест тапсырмалары
1. Олар жасушасыз тіршілік құрылымы болып табылады.а) бактериялар ә) вирустар б) саңырауқұлақтар2. ЖИТС (СПИД) ауруының қоздырғышы:а) бактерия ә) вирус б) спора3. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:а) бактериофаг ә) иммунитет б) індет4. Тұмау, сары ауру, шешек,қызылша ауруларының қоздырғышы:а) бактерия ә) вирус б) бактериофаг5. Бактерия жасушасына енген вирус:а) бактериофаг ә) спора б) бактерия6. Сыртында нәруызды қабығы бар заттардан және екі түрлі нуклеин қышқылынан құралған:а) бактерия ә) цианобактерия б) вирус7. Вирустың генетикалық материалы қандай химиялық затқа негізделген:а) көмірсуға ә) ақуызға б) нуклеин қышқылына
8. Микроорганизмдерді және актиномицеттерді зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар тобы:а) бактериофагтар ә) бактериялар б) энтеро вирустар9. Бактериофагтың көбею стадиясының ұзақтығы:а) 20-30 минут ә) 30-90 минут б) 60-90 минут10. Жасушасыз ағзалардың денесі тұрады:а) ядродан ә) ақуыз қабықшасымен оралған нуклеин қышқылынанб) рибосомадан11. Бактериофаг- бұл:а) бактериялар мен вирустардың симбиозы ә) бактерияны зақымдайтын вирус б) бактерия жасушасының бөлігі12. Вирус туғызатын ауруларды көрсетіңіз:а) іш сүзегі, сал ауруы, қызылша ә) оба, сары ауру, іш сүзегіб) сал ауруы, шешек, тұмау13.Өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігін дәлелдеген кім?а) Д.И.Ивановский ә) Ф.Туорт б)У.Стенли 14. Латынша «у» деген мағына береді?а)бактерия ә)вирус б)гармогония
Жауаптары
1 ә) 8 а)2 ә) 9 ә)3 ә) 10 ә)4 ә) 11 ә)5 а) 12 б)6 б) 13 а)7 б) 14 ә)