Ұжымдық оқытудың шығу тегі | туралы қазақша

0

Кез келген қоғамдық кұбылыс сияқты оқытудың да өзіндік тарихы бар. Зерттелетін пән туралы толық мағлұмат алу үшін, бізге ретроспективтік тұрғыдан карау керек, яғни оның шығуын, дамуының негізгі кезендерін, ерекшеліктері мен өзгешіліктерін, келешекте оның қозғалысын анықтау үшін, берілген пәннің қазіргі жағдайын, жылжу бағытын анықтау. Сондықтан, ұжымдық окытудың дамуының шығу тегін аныктауға тырысамыз.

Ұжымдық оқыту мен тәрбие идеясы алдыңғы қатарлы ойшылдар мен педагогтардың назарын ежелден аударып келген. Мектепте балалардың бір бағытта оқуына мән берген орта ғасырлық шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Синаның (Авиценна) өзінің «Тадбири Манзел» («Отбасындағы шаруашылық») деген кітабында балалардың достасуы мен бірін-бірі сыйлауында оқу бірлестігінің ықпалы зор екендігін арнайы бөлімде келтіреді; балалар тек жарысып қана қоймайды, оку материалын меңгеруде бір-біріне көмектеседі, олар оны мақтан етеді, бір-бірінің жақсы қылықтарына үйренеді. Оның есептеуінше біріккен окыту балаларды бір-бірінен қалыспауға және зерігу мен жалкаулықтан сактандырады деп есептеген. Өзара қарым-қатынас жасай отырып, бір-біріне кітаптардан, үлкендерден алған қызықты оқиғаларымен алмасады.

Қазақ халкының даналығында ұжымдық ой қызметінің жетістіктерін дәлелдейтін көптеген деректерді көреміз: «Ақылдасып тігілген тон — келте болмас», «Егер ат сатып алатын болсаң туысыңмен ақылдас» және т.с.с. Адам киын кезеңдерде ауыр тағдырларды жеңу үшін көптеген мақал-мәтелдерді пайдаланады: «Көппен көрген — ұлы той», «Бірлік бар жерде — тірлік бар», «Кең көйлек тозбайды, біріккен халық өлмейді» және т.с.с. Бұлардың әрқайсысында бірлік, қиындыкты жеңуде, табыска жетуде, бір-біріне көмек көрсетуі, адамдардың ұйымшылдылығы кең философиялық ой болып беріледі.

Ұжымшылдық — барлық халықтарға тән қасиет. Сондықтан әр жылдар мен кезеңдерде ынтымақтастық идеясын оқу орындарында жүзеге асыруға ұмтылды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа жәие кейбір Қазақ даласындагы (XIX ғ. 2-ші жартысы) мектептерде оқытудың мониторлы жүйесі кең түрде таратылады, бұны кейде педагогикалык әдебиетте «өзара оқытудың жүйесі» деп атайды. Бұл жүйені жасаушы дін қызметкері А.Белл мен мұғалім Д.Ланкастер еді. Оның мәні төмендегідей. Түске дейін мұғалім жоғарғы сыныптардың жаксы оқитын топ оқушыларын окыткан, ал олар ары қарай мұғалімнің қызметін атқарған. Өзге оқушылар түстен кейін окыған.

Оларды топқа бөліп,- әр топты бір монитор оқытты. Окушылар жас ерекшелігіне және дайындық деңгейіне байланысты топталды. Мониторлардың жұмысы жеңіл және қолайлы болу үшін, топтағы оқушылардың саны 50-60 емес, 10 болған. Бұл топтар «ондықтар» деп аталды. Әр топ — шағын сынып, ал әр сабақ — кәдімгі сабақ, бірақ әдістемелік тұрғыдан ете төмен деңгейде өтетін, өйткені монитордың жұмысын бакылаушы ғана болып табылады. Бұл С.П.Барановқа белл-ланкастер жүйесін «сынып-сабақтық жүйенің өзгеше түрі», — деп айтуға негіз болды.

Қазақстанда төңкеріске дейінгі кезеңдегі көрнекті ағартушы, педагог Ы.Алтынсариннің ықыласы бойынша ашылған мектептерде ұжымдық оқыту жүйесі болмады. Бастауыш және орта оку орындарында (гимназия, қалалык училищелер, мен гимназиялары, казақ-орыс аралас мектептер, алғашқы сауат ашу мектептері т.б.), кәсіптік мектептер (ауылшаруашылық, фельдшерлік, қолөнер) педагогика тарихында талдау көрсеткендей (К.Б.Біржанов, Г.М.Храпченков т.б.), оқыту-сынып-сабақтық жүйемен жүрді, онда окытудың ұйымдастырудың үш формасы: жеке-дара, жұптық, топтық (фронтальды) қолданылды.

Сол кездегі мектеп (бастауыш мектеп) және медреседе (жоғарғы мектеп) оқыту ортағасырлық әдіспен құралған — жұптық- жекелік (жеке дара) әдістеме еді. Осыдан кейін окушыларға өздік жұмыс беріледі.

Көптеген медреселерде оку бөлмелерінің жетіспеуіне байланысты Қазакстанның дала аймақтарында окушьшардың саны жетпіске жуық болды. Сондықган кей-кезде оқу сабақтарында топпен жұмыс істеу тәжірибесі енді. Оқытудың жеке түрі басым болғандыктан, оқыту курсы 3-тен 5-ке дейін, кей кезде 10 жылға созылды. Сабак жұма күннен баска күндері күнделікті сағат 7-ден 11-ге дейін, одан 13 сағаттан 10 сағатқа дейін жүргізілді. Сөйтіп, кеңес кезеңіне дейін республика мектептерінде ұжымдық оқыту болмады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін максатқа бағытталған қаркынды ұжымшылдық идеясы қолға алынып, мектеп өмірінің барлық жағын қамтыды. Дәл осы кезенде ұжымдық оқыту мен тәрбиенің негіздері тәжірибеде жүзеге асырылды.

П.П.Блонский, П.Н.Лепешинский, А.С.Макаренко, А.П.Линкевич, М.М.Пистрак, С.Т.Шацкий және т.б еңбектері мен қызметтерінде бірлестік мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді. Олар ұжымшылдық — қоғаммен жеке адамның қызығушылықтарының үйлесімділігі адамның жан-жақты дамуына, ұжымның орасан зор маңыздылығын көрсетті. Сол жылдары педагогика ғылымының алдында ұжымдык негізде оқытудың жекелеу мәселесі тұрды. Осы талаптарға сай ұйымдастыру жүйесінде бірнеше әрекеттер жасалды. Осындай әрекеттің бірі — бригада-лабораторияльтқ тәсіл, кеңестік түрі, оны 1911 жылы американ педагогы Е.Паркхерстің бастамасының негізінде жасалған Дальтон жоспары болды. Американ жобасынан айырмашылығы оқушылардың жеке дара оку қызметінің шама бағытына, бригада-лабораториялық тәсіл оқу сабақтарында ұжымдық форма болуы керек еді. Бұл әдіс өзіне 1) топтық, яғни жалпы-сыныптық және бригада-звенолық, 2) жеке-дара түрге бөлінді. Бұл жұмыста жұппен кезектесу болмады.

#Ұжымдық #оқытудың #шығу #тегі

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз