Ұстазым менің ұстазым

0

Ұстазым менің ұстазым

 

Автор: Идрисова Айжан Имангалиевна

 

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-18

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Тәрбие сағатына арналған ашық ертеңгілік «Ұстазым менің ұстазым» атты концерт. Бастауыш сынып ұстаздарына мерекелік іс-шара өткізуге көмегі бар


Ұстазым менің, Ұстазым!Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және   келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

Безендендіру: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.

  • Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,                    Бүгінгі күн ұстаздардың мерекесі.                    Құтты болсын мереке баршамызға,                    Жүріңіздер үнемі сіздер, алда!
  • Жүргізуші: Құрметті барша ұстаздар қауымы, сіздерді «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз.  Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Бастауыш сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстазым, менің Ұстазым!» атты концертімізге қош келдіңіздер.
  • Ведущий 1. Добрый день, уважаемые учителя, учащиеся, гости. Сегодня у нас праздник, профессиональный праздник – День Учителя!

Сегодня мы дарим Вам не только цветы и улыбки. Мы говорим «Спасибо» за Ваш труд, за терпение и умение, которое вы проявляете к каждому из учеников.В этот день, когда у порогаЗадышали уже холода,Школа празднует день педагога –Праздник мудрости, знаний, труда.

Құттықтау сөз мектеп төрайымы Уатаева Айкүміс Жалелқызына беріледі.Ән: хор: «Ардақты ұстазым» әні 3 «б» сынып оқушылары1 — жүргізуші:Сағыныш сазы толқытқан,Арнамақ сөздің мәйегін.Шәкірттерін оқытқан,Келіп тұр жолдап сәлемін3 «б» сынып оқушыларның тақпақтары:

  • Білімнің кәусар бұлағын,Жүресің құйып санамаБіз үшін сенсің, мұғалім,Ұстаз да, ғалым, дана да.
  • Ғұлама, білгіш ғалымнанОқушы жас жалыннан,Мархабатты ойшылдан,Мал өсірген қойшыдан,Жазушыдан, ақыннанҒарышкерден – БатырданӨнері асқан актерден,Ырыс қазған шахтерден,Мың бұралған бишіден,Ой тербеткен күйшіден,Оқыған жас-кәріденОқушының бәрінен,Ұстаздарға мың сәлем!
  • Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.Жан біткен жанарына нұр сыйлағанКүндей боп күлімдеген жарықсыздар.
  • Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,Ол болмаса, кім береді парасатты.Асылын беріп шәкірт бойларына,Ағартқан сол үшін де қара шашты.Ұстазға әркім басын ию керек,Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,Шәкіртінің биікке шыққандарын.
  • Шығарған мерей атағың,Шәкіртке ұстаз анадай.Қызықтар әрбір қадамын,Ұстазға шәкірт баладай.
  • Ұстаз ана — болашақтың анасы,ұстаз ана — ақыл-білім панасы,жүзіндегі пәк мейіріміді көргендеәр шәкірттің оянады санасы
  • Ұстаздарым биік тұлға байсалды,Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.Қуанышты жарқын тілек білдіріпҚұттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
  • Әр адамға құрметпенен қараған,Өз бойынан мол ізгілік тараған.Талап пенен тәртіпті тек ту етіпОсы өмірге мұғалім боп жаралған.
  • Ұстаз – ана, аялайтын барша жан,Ұстаз – дана, бас иетін кіл ғалам.Ұстаз – ұлы, ғалымдардың анасы,Сөнбейтін де, өшпейтін де сол адам.
  • Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы

1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан — жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

  • Жүргізуші: Ән «Ұстазым»

День учителя! Вслушайтесь сердцемВ эти звуки, что дороги намВсем, что связаны с юностью, детством,Мы обязаны, учителям!

2 «В»-4 «В» частушки

1 Жүргізуші: 4 «а» сынып биін қарсы алыңыздар

Ақыл, білім көп бердің,Анамдайсың мектебімСенде өсіп көктедім,Сенсің өмір көктемім.Хормен: Алғыстарым көп меніңАсыл анам – мектебім!ӘН «Аяулы әнім мектебім» орындалады

  • Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

4 «а» сынып көрінісДорогие наши учителя!Мы обещаем вам учиться Лишь на четыре и на пять,Чтоб нами вы могли гордиться,Чтоб всё уметь и много знать.Выступление 2 «в» класса танец «Бабушки»

  • Жүргізуші: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,Асыға сәлем жолдап жүректен біз.Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз

4 «а» сынып оқушыларының биі

  • Ведущий. Флэшмоб 2 «в» класс

1– жүргізуші: Күнде той бола бермес дәл осындай, Күн сайын өркендейміз, өзгереміз, Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз

Хор: «Ұстазым»

1-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз, Тілектермен ұлғайсын мерекеміз Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс Осымен аяқталды концертіміз. 1 – жүргізуші: Осымен «Ұстазым, менің ұстазым » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Қызылжар ауылының орта мектебі» КММ

Тақырыбы: «Ұстазым менің, Ұстазым!»

Жауапты: 3 «Б» сыныптарИдрисова А.И.

2017-2018 оқу жылы

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.