Астанада жоғалып кеткен қыз табылды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

220 0 0

Екі тәулік бойы ізім-ғайым жоғалып кеткен қыз ауруханадан табылған

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Астанада туыстары екі тәулік бойы іздеген Сабина Жүнісбекова табылды, деп хабарлайды елорданың полиция департаменті баспасөз қызметі.

26 жастағы қыз Қостанай облысы Денисов ауданының тұрғыны екен.

 

«16 қаңтарда полицияға Бөкейхан көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жанында сырт киімі жоқ, мінез-құлқы біртүрлі қыз жүргені туралы хабарланған. Тексеру барысында 16 қаңтарда үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы Жүнісбекова Сабина екені анықталған. Туыстары полицияға арыз беріпті», — делінген хабарламада.

Қыз белгісіз заттан улану белгілерімен Астана қаласының қалалық ауруханасына жеткізіліпті. Бұған дейін жол апатына ұшырағаны туралы мәліметті полиция растамады. Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тексеру жүріп жатыр.

Қазір Сабина Жүнісбекованың жағдайы бірқалыпты, дене жарақатын алмаған, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер мен туыстарының бақылауында.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/