Ұстаз-ұлы есім
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ұстаз-ұлы есім
Автор: Нарымбаева Мереке Жәнібекқызы
Бағыты: Басқа Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-21
Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады. І жүргізушіҰстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып, Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік!. І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі» — деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды. ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде? І жүргізуші: Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді. ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың – деп оқушысы І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын. ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін. І жүргізуші: ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз. ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, . Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зорІ жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай жақсы шын бақытын тапса адам –ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, Тамырлары сан тарапқа тараған. І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімімен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз. І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Қ.Жазықов атындағы орта мектеп
Тақырыбы: «Ұстаз –мектеп жүрегі»(Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты мерекелік шара)
2017-2018 оқу жылы
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.