Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз

0

Тәрбие сағат тақырыбы : «Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз»

 

Жүргізуші: «Ұстаз» сөзі күн нұрына бара-бар,

                      Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.

                      Ізгілік пен мейірімге толы ол,

                      Шуақ болып жүректерге таралар.

      Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Ол диқан сияқты адам жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап өсіреді. «Ұстаз» ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, «білім» атты кемеге отырғызып, болащаққа жол көрсететін анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

      Армысыздар, құрметті ұстаздар және де ата-аналар. Бүгінгі  «Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

                     Сән-салтанат жасайық,

                     Күй сандықты ашайық.

                     Бұл мереке, бұл тойға,

                     Әннен шашу шашайық.

«Жігіттер» квартетінің орындауында «Анашым әні»

      Тәрбие сағаты топтық жұмыс бойынша жүргізіледі. Топтарымызды таныстыра кетейік.

I топ: «Ұлағат» тобы

II  топ: «Ұлан» тобы

    Тәрбие сағатының жүрісі мынадай турлардан тұрады.

  • Ұстазым менің ұстазым (мәнерлеп оқу)
  • Қызықты кезеңдер (сұрақ-жауап)
  • Кім көп ән біледі?
  • Ұстазыма ұқсағым келеді (шығарма)
  • Ұстаздарға мың алғыс.

    Енді осы тәрбие сағатымызға қонақтар шақырған едік. Таныстыра кететін болсам:

  1. Абыроймен өтеп ұстаз парызын,

Ұжымына шашқан жүрек жалынын

Дариға апа йәрбір сөзі тағылым

Маманы ол математика пәнінің.

  1. Биязы мінезі де, қылығы да,

Тәртіпті шәкірттері, сыныбы да.

Марияш апай білімді, іскерлі де,

Сусындатқан білімнің тұнығына.

  1. Таңғы шықтай мөлдіреген тұп-тұнық,

Шәкірт үшін қызмет еткен тік тұрып.

Қансұлу апай мәртебесі биікте,

Ұлт тарихын ұрпақтарға ұқтырып.

  1. Көзіне елестетер таңғы гүлді,

Жарасқан өн бойына әр қылығы.

Баулыған шәкірттерін тәрбиеге,

Алмаш апайға жарасар әр қылығы.

  1. Ұстаз болып енші алған бұл өмірден,

Сабағына әр күн сайын күле кірген.

Орыс тілін үйреткен шәкірттерге,

Зәуреш апайдың іскерлігін білемін мен.

    Жақсы олай болса келген қонақтарымызбен таныс болдық, енді 1-турымызға көшейік. Үш топтан бір-бір оқушыдан «ұстазға» байланысты мәнер сөз оқу.

2-тур. Бұл турда келген қонақтарымызға оқушылар сұрақтарын қояды.

3-тур. Бірінші топ әннің бірінші шумағын бастайды, ал қалған топ сол әннің жалғасын айтады.

4-тур. Әр топтан бір оқушыдан шығып, шығарма оқу.

5-тур. Ұстаздарға мың алғыс. Ұстаздарға арналған өлеңдерін, тақпақтарын айту.

Ән: Анашым,орындайтын Бекенова Дариға

                 Ән әлдилер көңілдерді тасыған,

                 Көңілдерге нұр құяды асыл ән.

                 Ән жолдаймыз ұстаздарға ардақты,

                  Мектептегі шәкірттердің атынан.

Ән: «Ұстазым менің» орындайтын Дариға мен Абзал

Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс»

Үйреткен адалдық,

Ұсынғаны адамдық.

Текті мінез даналық,

Бар ұстазға тілейміз.

Бәрі қосылып: Бақыт, табыс, амандық.

Қорытынды: Біліммен жетіледі кісінің лебі,

 Үйренген үйрете алар кісілерді, — деп ақын Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, мектептен, ұстаздардан алған  білімімізді іске асыра білуіміз керек. Ендеше, Мектеп білім орласы, Ұстаз – мектеп тұлғасы, — дей отырып кешімізді аяқтаймыз.

                           

                

        

                      

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!