Үшбұрыштың медианасы

Мына суретте BD кесіндісі осы үшбұрыштың B төбесінен жүргізілген үшбұрыштың медианасы болады:
Медиананың аңықтамасы
Үшбұрыштың бір төбесінен, қарсы жатқан қабырғаның қақ ортасымен қосатын кесінді, осы төбеден жүргізілген үшбұрыштың медианасы деп аталады.
D нүктесі AC кесіндісін ұзындықтары бірдей AD және DC кесінділеріне бөледі.
Үшбұрыштың үш төбесі бар, әрбір төбе арқылы медиананы жүргізсек, онда үшбұрышта үш медиана бар болады.
Пән: Геометрия