«Жолаушы терезеден ұшып кетті»: Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото) — новости Казахстана

0

Алматыда Audi 100 маркалы, бірдей түсті екі көлік жол апатына тап болды. Жол-көлік оқиғасында бір жолаушы қатты жарақаттанды. Ол алдынғы терезеден ұшып кетіп, көліктің капотына бір-ақ құлаған деп жазады zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жол апаты қаңтардың 25-і кешкі уақытта, Жансүгіров даңғылы мен Арзамасская көшесінің қиылысында орын алған. Екі көлік те солтүстікке қарай жүріп бара жатқан.

Бірінші Audi бұрылмақшы болған сәтінде, оны артынан екінші көлік келіп соққан. Нәтижесінде алдынғы көлік жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетеді. Абырой болғанда темір тұлпар қарсы бағытта келе жатқан бірде-бір көлікке соғылмаған.

Ал екінші Audi Жансүгіров даңғылымен келе жатқанымен, Арзамасская көшесінен бір-ақ шыққан.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жантүршігерлік жол апатында бір жолаушы аса ауыр жарақаттар алды. Екінші көлікте отырған ол, алдынғы терезеден ұшып кеткен. Жолаушы қауіпсіздік белбеуін тақпаған болуы мүмкін. Оны жедел түрде ауруханаға алып кетті.

Жол апатының басқа қатысушыларына дәрігерлердің оқиға орнында жасаған тексерісінен кейін көмек қажет болмады.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz