Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген.

Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.

Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы-кредит институттарында Қазақстан Ұлттық банкісінің мүддесі ескеріледі.

Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.

Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды.

Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.

Ұлттық банк алтын валюта резервін құрып, олармен операциялар жасайды.

Ол статистикалық валюталық операцияларды және басқа да құжаттардың біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды, әрі валюталық операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады.

Ұлттық банк валюталық құндылықтармен төмендегідей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

  • шетел валютасын сату және сатып алу;
  • қазыналық вексельдер мен және т.б. шетел үкіметтерімен кепілдендірілген немесе халықаралық қаржы ұйымдарымен, шығарылған бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге немесе оларды сату, сатып алуға;
  • алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл тастарды қабылдауға, сақтауға, өңдеуді қамтамасыз етуге;
  • алтынды және басқа да қымбат бағалы металдардың құймасы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өңделген және өңделмеген түрінде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген валюталық реттеу және валюталық бақылау аясында басқа да қызметті атқаруға Ұлттық банкінің құқығы бар.

Ұлттық банк мынадай алтын валюталық резервтерді құру мен басқаруға тікелей қатысады:

  • алтын және басқа да қымбат бағалы металдар;
  • шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк қаражаттары түріндегі шетел валютасы;
  • Ұлттық банкіде сақталатын валюталық құндылықтар;
  • кез келген халықаралық деңгейдегі белгілі резервтік активтер;
  • аудармалы вексельдер, жай және қазыналық вексельдер, яғни оларды шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендіргені бойынша;
  • басқа да активтер, егер ол активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және ондай резервтердің төлем қабілеттілігі сақтандырылғанда;

Алтын мен қымбат бағалы металдарды сатып алу қуатын қамтамасыз ету барысында және халықаралық төлемдердің кепілі ретінде сақтандыру қоры пайдаланылады. Бұдан да басқа Ұлттық банк валюталық нарықтағы интервенция көмегімен өз валютамыздың сыртқы бағамын қолдау үшін шетел валюталық қорларды сақтайды.

Ұлттық банк міндетті түрде активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігін және сыртқы валюта резервтерінің төлем қабілеттілігінің сақталуын ескереді. Ол сыртқы валюталық резервтерде қажетті деңгейде, Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және айырбас бағамын қолдау үшін, сондай-ақ республиканың халықаралық келісімшарттарды жасау тәртібін сақтауы қажет. 12 ай ішінде сыртқы валюталық резервтердің 15%-дан төмендемеуі үшін Ұлттық банк керекті шараларды үкіметпен келісіп жасайды.

Ұлттық банкінің халықаралық, телекоммуникациялық жүйелерге «REUTER» және «SWIFT» жүйесіне қосылуы, сондай-ақ Ұлттық банкінің мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің өсуіне байланысты халықаралық тәжірибеде қолданылған қаржылық құралдарды пайдалану, валюта активтерін диверсификациялауды жоспарлы түрде жүргізуге, алтын валюта резервтерін тиімді реттеуге және оларды орналастырудан түскен табыс деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік жасайды. Бұл шаралар негізінде валютаның, бағалы металдардың әлемдік нарықтағы коньюнктурасының және оған тікелей қатынасуының ағымдағы мониторинг қызметінің үнемі жүргізіліп отыруын талап етеді. Сондай-ақ, жасалған келісімдерді жедел қамтамасыз ету барысында оларға қызмет көрсету шаралары да жүзеге асырылады.

Алтын валюталық резервтермен жүргізетін операциялардан түсетін табыстың негізгі көздерінің бірі — банкаралық депозиттер.

Егер 1994 жылы «REUTER» жүйесінде 37 депозиттік операциялар жүргізілген болса, ал 1995 жылы — 399-ға жетті.

«REUTER» жүйесінде жүргізілген депозиттік операциялар бойынша, негізінен, бірінші кластық шетел банктері болды. Ұлттық банкінің 1995 жылы бағалы қағаздармен жүргізген операциялары тек қана АҚШ-тың қазыналық вексельдеріне инвестиция жасаудан және «РЕПО» келісімдерінен құралды. Бұл операциялар АҚШ үкіметінің бағалы қағаздарын автоматты түрде инвестициялау бағдарламасын жасасқан Федералдық Резерв банкісі (Нью-Йорк) арқылы жүзеге асады.

1995 жылы наурыз айында қымбат металдар жөніндегі Лондондық Ассоциация өткізген аттестация нәтижесінде (LРМА). Өскемен мырыш — цинк комбинатында өндірілетін Қазақстан күмісі Лондонның сапалы жабдықтау «GOOD DELIVERY» мәртебесіне ие болды. Бұл қазақстандық өндірушілердің дүниежүзілік қымбат металдар нарығында танылғандығын білдіреді және де күмістен жасалатын операциялардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Алтын бойынша нақ осындай жұмыс 1996 жылы жасалынды.

Халықаралық валюталық қордың стандарттарына сәйкес күмістің орталық банктердің алтын валюталық резервінің құрамына кірмейтінін ескере отырып, Ұлттық банк 1994-1995 жылдары өз металдық шоттарынан шетел банктеріне анағүрлым тиімді бағаммен шығарылған күмісті бірте-бірте сату тактикасын ұстанды.

Жалпы алғанда, Ұлттық банк алтын қорларын басқару бойынша консервативті көзқарас ұстанады. Негізінен Қазақстанда алтын қорының заттай көлемін ұлғайту процесі жүргізіледі, ал дүниежүзілік нарықта алтынмен жүргізілетін операциялар депозиттерге орналастырумен шектеледі.