Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Менің отбасым»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Менің отбасым»
Автор: Қыдырова Меруерт Жанатқызы
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-26
Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбишеі мамандарға
Ортаңғы «Күншуақ» тобыТақырыбы:Менің отбасымБілім беру саласы:Әлеуметтік орта”Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыруМақсаты:Балаларды өзінің отбасылары,сүйіктілері,олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру.Отбасы бұл бірге тұратын,бірін-бірі сүйетін,бір-біріне қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру.Өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.Билингвистикалық компоненттер:Ата-дедушка,әже-бабушка,әке-отец,ана-матьҚажетті құрал-жабдықтар:”Отбасы”суреттері,слайдМотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері :Бас бармағым-әкем, Балан үйрек-апам. Ортан терек-ағам; Шылдыр шүмек-мен. Кішкене бөбек-сен— Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті слайдтан корсету)— Бұл суретті қалай атаймыз? (Отбасы) — Отбасында неше адам? Атам,әжем,әкем,анам,мен,қарындасым.— Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады? —Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамынЖұмбақ:1.Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ертегі айтып береді. —Бұл кім? (әже)бабушка2.Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, немерелеріне таттілер алып береді.— Кім бұл? (ата)дедушкаОл сен үшін ең қымбат адам.Үнемі үй тірлігімен айналысады, —Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)мать—Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).— Және соңғы жұмбақ..Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.—Бұл кім? (әке)—отец—Дұрыс — Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,…) —Бәрекелді,балалар жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Сендер ақылды,білімді балалар болып осіп келе жатыр екенсіңдер балалар,жарайсыңдар.Қане,балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайықСергіту сәті: Жел соқты гу-гу, Жаңбыр жауды тырс-тырс; Жаңбыр басталды, Күн ашылды.— Қане,балалар отбасы мүшелерінің суреттерін ілейікші. –Ой,жарайсыңдар балалар.Енді ойын ойнап бір сергіп алайық « Кім жоқ»-дидактикалық ойын: Тақтада отбасы мүшелерінің суреттері ілулі тұрады.Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашып,мұқият қарап шығып,кімнің суреті жоқ екенін айтады. -Жарайсыңдар балалар,есте сақтау қабілеттерің өте жақсы дамыған екен.
Күтілетін нәтиже: Білу керек:Ата,әже,әке,ана-отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек. Түсінуге тиіс: Ата,әже,әке,ана,ұл,қыз-бәрін отбасы дейміз. Істей білу керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.