Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Микробтық паразитизмнің эволюциясы және патогенді микроорганизмдердің шығу тегі.
Жоспары:
oo ———————————— ———————————— ———-
Кіріспе
oo ———————————— ———————————— ———-
Негізгі бөлім
oo ———————————— ———————————— ———-
Патогенді микроорганизмдердің таралуы.
oo ———————————— ———————————— ———-
Паразитизм.
oo ———————————— ———————————— ———-
Қорытынды
oo ———————————— ———————————— ———-
Пайдаланылған әдебиеттер
oo ———————————— ———————————— ———-
Бағалау парағы
———————————— ———————————— ———-
2.1 Патогенді микроорганизмдердің таралуы
———————————— ———————————— ———-
Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыыыстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар аркылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал.
Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысыктан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз.
Сібір жарасы — біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан қасиетті от, яғни Сибирь жарасы туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бүл ауру әуелі Италияда етек алып, содаы кейін Европаға ауысты. Шығыс елдерінде оны Парсы оты деп те атаған. Сибирь жарасы жүққан мал бір-екі күн ғана ауырып өледі. Сібір жарасын коздырғыш бациллус антрахис, ірітаяқшалар, қозғалмайды, ауалы жерде спора түзеді.
———————————— ———————————— ———-
———————————— ———————————— ———-
———————————— ———————————— ———-
Сондықтан оларды бацилдарға жатқызады. Клеткаларын қоршап түратын капсулалары бар. Грам әдісімен оялады. Бацилдар бір немесе осқостан, көбіне қысқа шын-жырша тәрізденіп орналасады.
XVIII — XIX ғасырларда Орта Азия елдерінде оба ауруы етек алды. Тіпті сол XIX ғасырдың езінде Россияда, соның ішінде Волга жағалауында, Ставрапольеде, Одессада, Қырымда обадан бірқатар адамдар қүрбан болды. 1894 жылы Гонконг қаласында ете зор оба эпидемиясы байкалады. Дәрігерлер обадан өлген адам денесін тексергенде, онда оба ауруын коздырушы өте үсақ микробтарды байқаған болатын.
Бұл микробты бактериум пестис деп атайды.
———————————— ———————————— ———-
Ауру әдетте организмнің өлуімен аяқталады. Адам, кемірушілер және түйе обасының бәрінің де қоздырушысы біреу. Оба бактериясы — қысқа таяқшалар, кейде бір-бірден, кейде тіркесіп, ұзынша шынжыр тәрізденіп орналасады. Қоректік ортада олар капсула түзеді, спора түзбейді, қозғалмайды. Олар пастерелла туысына жатады. Оба микробы аэроб, әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі, қолайлы температура +28, +30°. Маннит, салицил, глюкоза, мальтоза және араби-ноза углеводтарын ыдырата алады. Аурудың инкубациялык кезеңі 1 — 5 күн шамасында. Әдетте ауырған адамдар мен малдардың барлығы дерлік өледі. Обаны таратушылар кемірушілер және олардың паразиттері — бүргелер. Әдетте бөртпе обамен ауырғандардың 40-тан 90%-ке дейіні қаза болса, өкпе обасынан іс жүзінде адам тірі қалмайды. Қазір оба вакцинасы әлсіретілген оба микробынан жасалады және адамға міндетті түрде егіледі. Осының нәтижесінде обаның жеңіл түрімен адам ауырып тұрады да, онда иммунитет пайда болып, ол екінші рет ауырмайтын болады.
———————————— ———————————— ———-
———————————— ———————————— ———-
———————————— ———————————— ———-
Азиялық холера (тырысқақ). Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары. Сондықтан оны Азия тырысқағы деп те атап кеткен. Әдетте адамдар тырысқак микробы таралған су арқылы зақымдалады. Бүл аурудың нағыз қоздырушысы — тырысқақ микробы, яғни холера вибрионы екені 1880 жылдары белгілі болды. Оның пішіні кәдімгі үтір тәріздес (вибрио — латынша үтір деген сөз. Алғаш рет оны 1883 жылы Р. Кох тапкан болатын. Ол Египеттегі осы тырысқақ ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттеген. Ауру тым ауыр өтеді, кейде 40 — 50%-ке дейін аурулар қаза табады. Ауру тек адамнан жүғады. Табиғи жағдайда ешбір тірі организм бүнымен ауырмайды. Лаборатория жағдайында жануарларға тырысқақ жүқтыру аса қиынға соғады. Тырысқақ үтіршесі қозғалғыш, шеттерінде жіпшелері бар, спорада, капсула да түзбейді. Көбінесе екі-екіден … жалғасы