Ботагөз Уатқан | өмірбаяны

0

Ботагөз Уатқан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

Ботагөз Уатқанқызы 1956 жылы 15 мамырда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін, Партия жоғары мектебін, Экономикалық халық университетін оқып бітірген. 1978-1980 ж. Бай-Өлке аймағында орта мектептің мұғалімі, 1980-1991 ж. Моңғолия Революцияшыл Жастар Одағы Орталық Комитетінде  нұсқаушы, әдістеме кабинетінің меңгерушісі, 1992–1994 жж. Монғолия еңбек министрлігінің Қазақстандағы өкілдігінде ұйымдастырушы қызметтерін атқарған. Ботагөздің көші-қон мен қазақ диаспорасына қатысты алпыстан астам мақаласы жарық көрген. Бірнеше кітапты құрастырды, көптеген кітаптарға редакторлық, корректорлық жасады. Қазақ тілін оқып жетілдірудің компьютерлік бағдарламасын дайындады. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен II дәрежелі «Достық» орденімен, Моңғолия Президентінің жарлығымен «Шыңғыс хан» медалі және т.б. мерекелік медалдармен марапатталған. 1994 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында қызмет атқарып келеді. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз