Түгендеу комиссиялары түгендеуді белгіленген тәртіп пен уақьптылы жүргізуді сақтау

0
206

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында Ел Президенті Қазақстан – 2030.
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
арттыру атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қойылған халықтын
тұтынатын әртүрлі тауарларға халықтың күнделікті сұраныстарын толық
қанағаттандыру және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын одан әрі
көтеру талаптарын орындауда сауда ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты
сауда мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары мен мамандарына үлкен
жауапкершілік жүктеледі. Сатып алушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеруде,
халықтың халық тұтынатын тауарларға сұраныстарын қаншалықты толық
қанағаттандыруға туындайтын күнделікті мәселелерді негізгі дәрежеде шешу
олардың жұмыс сапасына , біліміне , тәжірибесіне , жұмылдыруына ,шапшаңдығы
және шығармашылықпен істің ыңғайын білуімен тығыз байланысты. Бұл жерде
сауда қызметкерлерінің жан-жақты және бәрінен бұрын экономикалық
дайындықтарына , олардың материалдық, еңбек және қаржы шығындардың ең
аз мөлшерінде жақсы көрсеткіштерге жету іскерліктеріне көп байланысты .
Қазіргі сауда , ешқашанда болмағандай өндіріспен байланысында икемді
әдістемелі ұстауға тиіс, оған тек қана халыққа керекті тауарларды шығаруды
ұсынвды , керекті жабдықтаушыны іздейді және рынокты (базарды) ұйымдастыра
білу керек . Осыған байланысты оқырмандарға ұсынып отырған монографияда
туындыгер еліміздің экономикасының қазіргі өсу кезеңіндегі мемлекетіміздің
әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы сауданың рөлін жан-жақты
және ғылыми негізде көрсетеді.
Тауарлық массаның орасан зор бөлігі сауда кәсіпорындары арқылы
өтетін белгілі . Тауарлардың өндіріс саласынан тұтыну саласына барлық
жеткізусатысында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін тауарлардың түсуі ,
сақталуы және сатуы жөнінде бастапқы құжаттарды дұрыс ұйымдастыруарқылы
тауарлық-материалдық қорлардың қозғалысына мұқият және үзіліссіз бақылау
қою керек. Тауарлық операцияларды құжаттауды дұрыс ұйымдастыру тауарлық-
материалдық қорлардың сақталуына ғана мүмкіндік туғыздайды , сонымен бірге
бухалтерлік есептін бақылаулық-сараптаулық және ақпараттық функцияларының
күшейтілуіне , сондай-ақ оның саудадағы тауарлардың белгіленген мөлшерден
тыс ысырапталуын уақытылы ескертудегі ролін атқаруға да мүмкіндік
туғызады .Сондықтан бұл жұмыста тауарларды темір жол
бекетінде,орталықтандырып жәнеайналмалы тасымалдау кезінде, жабдықтаушылар
мен сатып алушылардың қоймаларында қабылдаукезден бастап жеткізіп салу,
сатып алу-сату,комиссиялық және консигнацялық келісім-шарттары және қолма-
қол ақшалай есептесу бойынша соңғы сатып алушыға сату сәтіне дейіңгі
олардың қозғалысын құжаттау мәселелері жан-жақты қаралады. Кітаптың жеке
тараулары тауарлардың ысырапталуына, ыдыстардың салмақ айырмашылығына және
туарларды қайта бағалауды құжаттау тәртібіне, тауарлар мен ыдыстардың
сақталу орыңдарында талдау есебін және материалдық жауапты тұлғалардың есеп
беруін ұйымдастыру, тауарлар мен ыдстарды түгендеу әдістері мен оның
нәтижелерін құжаттау мәселелеріне арналған.
Сонымен қатар, бұл жымыста сауда мекемелерің сыртқы экономикалық
қызмет көрсету кезінде туындайтын шет елдерге тауарларды шығару, шет
елдерден тауарларды әкелу операцияларын құжаттау тәртібін жан-жақты
қаралады.
Кітапты жазу барысында туындыгер мәтінде шартты мысалдар
негізінде толтырлған бастапқы құжаттардың , материялдық жауапты тұлғалардың
есеп беру және есептік құжаттардың негізгі түрлерін мысал ретінде келтіре
отырып, сауда мекемелері мен кәсіпорындары-ның тауарлық операцияларын
құжаттауды мүмкін болғанша егжей-тежейлі қарауға тырысты.
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын пайдалануыны
тауарлық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібінің
өзгергенің ескере отырып, бұл жұмыста материалдық жауапты тұлғалардың
тауарлық есеп берудің жаңа үлгісі жасалып ұсынылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

ТАУАРЛЫҚ-МАТИРИАЛДЫҚ ҚОРДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ

1.1 Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің мақсаты , міндеттері және түрлері.

Сауда кәсіпорнындағы бар тауарлар мен ыдыстар туралы есептік
деректердің нақтылығын анықтау және тексерудің маңызды әдісі түгендеу
болады.
Тауарлар мен ыдыстарды түгендеу – бұл олардың кірге қайта тарту, қайта
өлшеу және санау арқылы заттай бар болуын тексеру . Тауарлар мен ыдыстарды
түгендеудін мақсаты – тауарлық-материалдық қорлардың нақты барын есептік
деректермен салыстыру арқылы бухалтерлік есеп деректерінің нақтылығын
анықтау. Тауарлар мен ыдыстарды мерзімдік түгендеу қажет, себебі нақты
қалдықтары мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында әртүрлі себептермен
айырмашылықтары болуы мүмкін: тауарлардың табиғи кемуі ; тауарлардың
жетіспеушілігі немесе артықшылығын өлшеуіш және таразы аспаптарының
бұзылуының ; бастапқы құжаттарды рәсімдеу кезіндегі есептеуде жіберілген
арифметикалық қателер;әдейі теріс пайдаланушылық ( жұмсап қою, қымқыру,
тікелей меншіктену және
т.б. ) нетижесінде.
Көтерме базалар мен өндіріс тауарлар қоймаларында тауарлар мен
ыдыстарды мерзімдік түгендеулер жылына кем дегенде бір рет, азық –түлік
тауарларын , сондай-ақ дүкендерде және басқа бөлшек сауда кәсіпорындарында
– жылына кем дегенде екі рет ( мұздатқышта мен мұзкомбинаттарында ет және
кітап дүкендерде – жылына кем дегенде бір рет )жүргізілуге тиіс. Тауарлық –
материалдық қорларды түгендеу мерзімділігі сауда мекемесінің ( кәсіпорынның
) есеп саясатында көрсетіледі .
Мерзімдіктен басқа, түгендеу міндетті түрде жылдық қаржылық есеп беруді
жасаудың алдында ;тауарлық – материалдық қорларды бір материалдың жауапты
тұлғаның басқаға (ауысқанда ) беруі; тауарларды қайта бағалау; қымқыру
және басқа әдейі теріс пайдалану фактілеріне анықтаған кезде, сондай-ақ
тауарлық-материалдық қорлардың бұзылуы;аппатық (өрт, су тасқыны, жер
сілкіну және т. б. ), ұрлық, тонау, және форсмажорлық жағдайлардан болған
төтенше ситуациялардан кейін: соттық-тергеу органдарының талабы; сондай-ақ
жоғарғы мекеме немесе кәсіпорынның жетекшісінің нұсқауымен , мекемені
(кәсіпорнын ) тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде тарату немесе бөлу
теңгерімін ( балансын ) жасау және Қазақстан Республикасының
заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі.
Тауарлар мен ыдыстарды түгендеудің негізгі міндеттері:

• бухгалтерлік есеп деректерінің нақтылығы мен тауарлық
материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында
оларды есептік деректкрмен салыстыру арқылы тауарлық-материалдық
қорлрдың нақты бар болуы мен жай-күйін толық
және тура көрсетуін бақылау:
• тауарлық-материалдық қорлар бойынша есептік деректердің
дұрыстығын олардың сауда мекемесінің (кәсіпорынның ) теңгерімінде (
балансында ) нақтылы көрсетілуін тексеру;
• аз өтетін, сапасы толық емес , жатып қалған және тіпті пайдалануға
жарамсыз тауарларды , сондай-ақ үлгілері мен моделдерді
ескірген тауарлар , өзінің бастапқы сапасын жоғалтқан тауарларды
анықтау бұл мөлшерлерден (нормативтерден) тыс тауар қорларын
жою бойынша шаралар қолдану үшін өте маңызды ;
• тауарлық – материалдық қорларының сақталу ережесі мен
жағдайларын сақталуын тексеру:

• құндылықтар үшін материалдық жауапкершілікті ұйымдастыру
ережелерінің сақталуын тексеру.
Бригадалық материалдық жауапкершілік кезінде түгендеуді жүргізу
міндетті , егер бір бригада тауарлық – материалдық қорларды басқа
бригадаға тауарлық – материалдық қорларды басқа бригадаға берсе және ,
егер бригадир немесе бригаданың жартысынан көп мүшелері жұмыстан
босатылса немесе уақытша шығарылса ( демалыс, ұзақ ауыру және т. б.),
сондай-ақ бригаданың бір немесе бірнеше мүшелері талаптары бойынша.
Бригаданың барлық мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша оның бір
мүшесін ( бригадирден басқасы )жұмыстан босату түгендеу жүргізбей
жүргізіледі . Түгендеу жүргізілмеуі мүмкін , егер бригаданы жаңа
қабылданған мүшесі бригаданың есебіндегі тауарлық-материалдық қорлар
үшін материалдық жауапкершілікті өзіне алатыны жөніндегі қолхат берсе.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу өзінін мәжесі мен мақсаты
бойынша жоспарлы және жоспардан тыс деп бөлінеді. Жоспарды түгендеуге
есеп беру жылының басында сауда мекемесінің ( кәсіпорынның ) бас
бухгалтері алдын ала жасаған және жетекшінің бекіткен оларды жүргізу
кестесін сәйкес мерзімде жүргізіледі. Оларды сондай-ақ мерзімділік деп
атайды.Бекітілген кестелер бас бухгалтерде сақталуы керек және ешкім
білуге тиіс емес.
Жоспардан тыс түгендеулер ерекше кажетті жағдайларда және түгендеуді
жүргізудің бекітілген кестесінде ( жоспарда ) қарастырылған барлық
қалған жағдайларда жоғарғы тұрған мекеменін жетекшісінің әкімі бойынша
кестеден ( жоспардан ) тыс жүргізіледі.
Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорларды тексеруді қамту
толықтығына байланысты толық және жарым-жартылай деп бөлінеді. Толық
түгендеу – бұл сол сауда кәсіпорында болған барлық тауарлық –
материалдық қорларды түгелімен ( шып- шырғасын шығармай ) – тауарлар,
ыдыстар, бірнеше рет қайта-қайта пайдаланатын құралдар ( бұрынғы құны
аз және тез тозатын құралдар деп аталатын ) – тексеру. Ол міндетті түрде
жылдық қаржы есеп беруді жасау алдында , материалдық жауапты тұлғалар (
бригада немесе бригадир ) ауысқанда, сол немесе өзге материалдық
қорларды жауапты тұлға немесе бригаданың есеп беруіндегі болған
тауарлар мен басқа құндылықтарды , қайта бағалауға жатпйтындарын
қосқанда, үштен бірінен көбін ( сомасы бойынша ) қайта бағалғанда,
апаттық және сауда кәсіпорнында бар барлық тауарлық-материалдық
қорлардың қолдықтарын білудін қажеттілігін тудыратын басқа да
жағдайларда жүргізіледі.
Жарым-жартылай түгендеу тауарлық – материалдық қорлардың тек бір
бөлігін немесе жеке түрлерін тексеру болып көрінеді.Мысалы, сол және
өзге материалдық жауапты тұлғалардағы немесе бригададағы тауарларды
сомасы бойынша үштен бір бөлігінен кемді қайта бағалау кезіңде
жоғарғы тұрған мекеменің рұқсатымен қайта бағалауға жататын
тауарларды ғана түгендеу жүргізуге рұқсат етіледі.

Тауарлық-материалдық қорларды тексеруімен қамту дәрежесін
байланысты түгендеулер жаппай және таңдап түгендеулер болып бөлінеді.
Жаппай түгендеу – бұл сауда мекемесінің барлық кәсіпорындағы және
кәсіпорындағы құрылымдылық бөлімшелеріндегі ( бөлімдер, секция ) және
сол кәсіпорынның филиалдарындағы , сондай-ақ оған бекітілген шағын
бөлшек сауда жүйелеріндегі ( киоскілер , ларектар және с. с. ) тауарлық-
материалдық қорларды бір мезгілде тексеру.
Таңдап түгендеу – бұл сауда кәсіпорындағы бір тауарлардың
жекеленген атауларын тексеру, бұл- жарым-жартылай түгендеудің бір
түрі . Таңдап түгендеу тауарлық-материалдық қорларды заттай-құндық есеп
жүргізетін көтерме базарлар мен қоймалар , көмекші бөлмелерде
түгендеу мерзімі аралығында кем дегенде 1-2 рет жүргізу ұсынылады.
Таңдап тексеруге бәрінен бұрын өте бағалы және үлкен сұраныспен
пайдалыналынатын ( тапшы ) тауарлар, сондай-ақ мөлшерден (
нормативтерден ) тыс жиналған қорларды немесе көп уақыт олардың
қозғалысы ( түсіну немесе шығу ) болмаған тауарлар тартылады. Егер
таңдап түгендеулерде бухгалтерлік есеп деректерінің айырмашылықтары
анықталған болса, онда сауда кәсіпорындарында бар тауарлық-материалдық
қорларды кезектен тыс жаппай түгендеу жүргізілуі керек . Тауарлық-
материалдық қорларды кезектен тыс толық ( жаппай ) түгендеу немесе
жарым-жартылай ( таңдап ) ең алдымен материалдық жауаптылығы бар
лауазымға жаңадан қабылдаған тұлғаларға , сондай-ақ тауарларды
мөлшерден ( нормативтерден ) тыс көбейетін қорларының жиналғанда ,
сондай-ақ тауарларды қабылдау , босату, жөнелту және сату ережелерін
бұзу фактілері, еңбек демалыстарың уақытылы пайдаланбағанда және т. б.
жөніңде хабар түскенде жүргізу керек.

2. Тауарлар мен ыдыстарды түгендеуді
жүргізу тәртібі.

Түгендеу жүргізуді ұйымдастыру ( жүргізу ) туралы жалпы
ережелер. Тауарлық – материалдық қорларды түгендеуді жүргізудің жалпы
ережелері, тәртібі және мерзімі Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру атты
24 бухгалтерлік есеп стандарты және оған берілген әдістемелік
нұсқауларға, Республиканың Қаржы министірлігі бекіткен Түгендеу
жөніндегі негізгі ережелер және Қазақстан Республикасынң бұрынғы Сауда
министірлігінің тиісті нұсқауларға сәйкес белгіленеді және жүзеге
асырылады.
Көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес сауда мекемесінің
(кәсіпорынның) жетекшісі мен бас бухгалтері түгендеуді жүргізуге жалпы
басшылық және бакылау жасайды да, оның дұрыс және уакытылы жүргізілуіне
жауапты. Олар тауарлық-материалдық қорлардың нақты барын қысқа мерзім
ішінде толық және дәлме-дәл тексеруді жүргізу үшін қажетті жағдайлар (жұмыс
күші мен тауарлық-материалдық қорларды қайта өлшеу және орынын ауыстыру
үшін тиеу-түсіру техникасымен, салмақ өлшейтін техникалык түзу құралдармен
және т.б. қамтамасыз ету) жасауға міндетті. Бас бухгалтер сауда мекемесінің
(кәсіпорынның) және олардың құрылымдық бөлімшесінің жетекшілерімен біргс
түгендеуді өткізу ережелерін сақтауға тиянақты бақылау жасауға, оның
нәтижелерін уақытында және дұрыс шығарып, оларды бухгалтерлік есепте
көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда мекемесінің (кәсіпорынның) жетекшісі және бас бухгалтері түгендеуді
дұрыс және уақытында жүргізуге жауапты тұлғалар ретінде, өздері түгендеу
комиссиясының мүшелерін іріктеумен шұғылданулары және олармен жан-жақты
нұсқау жүргізулері керек. Комиссияның кұрамына тексерілген, адал ниетті
және тәжірбиелі толық сенімге ие тұлғаларға, түгендеуге жататын тауарлық-
материалдық қорларды бастапқы есепті, бағалар көрсеткіштерін (сатып алу
немесе сату бағаларының қалыптасу тәртібін), түгендеуді жүргізу және
ресімдеу тәртібін жақсы білетін тұлғалар енгізіледі. Бұл жұмысқа
менеджерлер, тауар жүргізушілер, бухгалтер, аудиторлар, экономистер, сауда
кәсіпорындарының жетекшілері (дүкеннің директоры немесе меңгерушісі) және
материалдық жауапты тұлғалар немесе оның орынбасарлары жұмылдырылады.
Түгендеу жұмыстарының тиімділігін арттыру және түгендеу нәтижелерінің
ақиқаттығын және әділдігін қамтамасыз ету үшін сауда мекемелерінде
(кәсіпорындарында) тұрақты жұмыс істейтін орталық түгендеу комиссияларын
құрады, олар сауда кәсіпорындарының директорлары мен бухгалтерлеріне
түгендеуді ұйымдастыру мен жүргізуге көмектеседі. Комиссияны мекеме
(кәсіпорын) жетекшісі және оның орынбасары басқара-ды, оның құрамына бас
бухгалтер, құрылымдық бөлімшелердің (кызметтердің) бастықтары, коғамдық
өкілдер енгізіледі. Бұл комиссиялардың кұрамы және олардың жұмыс тәртібі
сауда мекемесінің (кәсіпорынның) жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі.
Тұрақты жұмыс ісейтін орталық түгендеу комиссиялары тауарлық-
материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде сақтандыратын жұмыс
жүргізеді, түгендеу жүргізеді ұйымдастырады, жұмысшы түгендеу
комиссияларының мүшелерімен ңұсқаулар жүргізеді, түгендеу жүргізу барысына
және оның нәтижелерін дұрыс шығаруға, сақтау орындарындағы құндылықтардың
сорттарының алмасып кету бойынша есепке жатқызу ұсыныстарының негізділігіне
бақылау жасайды, түгендеу нәтижелерін қарауға қатынасады, сондай-ақ ірі
жетіспеушілік және басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда сауда
мекемесінің (кәсіпорынның) жетекшісінің тапсырысы бойынша қайталанған
жаппай түгендеу жүргізеді, құндылыктардын жетіспеушілігіне немесе
бұзылуына. сондай-ақ басқа да бұзушылықтарға жол берген тұлғалардан алынған
түсініктемелерді карайды және осылар бойынша қортынды және кұндылықтардың
толық сақтануын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық-материалдық қорларды
қабылдап алу, сақтау және босату, оларды есепке алу мен бақылау жасауды
ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар береді.

Схеме
Тауарлық-материалдык қорлар мен басқа құндылықтарды сақталу орындары және
әрбір материалдық жауапты тұлғалар бойынша жеке түгендеуді тікелей жүргізу
үшін сауда мекемесі (кәсіпорын) жетекшісінің бұйрығымен жұмыс түгегдеу
комиссиялары құрылады. Оның құрамына кәсіпорын әкімшілігінің өкілі
(комиссия төрағасы), жетекші және тәжірбиелі мамандар, менеджерлер, тауар
жүргізушілер, бухгалтерлік кызметтің өкілдері, маркетологтар, аудиторлар
және т.б. енгізіледі.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерінің әділдігін және
нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бір және сол материалдық жауапты
тұлғаларға жұмыс түгендеу комиссиясының төрағасы қылып қайтадан бір және
сол тұлғаны тағайындауға тыйым салынады. Түгендеу комиссиясының құрамына
осы мекеменің басқа кәсіпорыннан материалдық жауапты тұлғаларды
тағайындауғада тыйым салынады.
Тауарлық-материалдык қорларды бір материалдық жауапты тұлғадан екіншіге
өткізгенде жұмыс түгендеу комиссиясының құрамына құндылықтарды өткізуші мен
оларды қабылдаушы тұлғалар енгізіледі.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу материалдық жауапты тұлғалар жоқ
болғанда (ауыр, өлім және с.с.), сондай-ақ ұрлық және тонаудан кейін
жүргізілген жағдайда, жұмыс түгендеу комиссиясының құрамына
өкілеттіліктерін растайтын құжаттары (куәліктері) бар жергілікті үкімет
немесе полиция өкілі шақырылады, бұл туралы түгендеу тізімінде белгі
жасалады.
Түгендеу аппаттардан (су тасқыны, өрт және с.с.) кейін жүргізілгенде
түгендеу комиссиясының кұрамына сақтандыру органдарының өкілдері
шақырылады.
Жұмыс түгендеу комиссиясын (әрі қарай – түгендеу комиссиясы) тағайындау
сауда мекемесі (кәсіпорыны) жетекшісі жазбаша өкімімен (бұйрығымен)
ресімделеді (нысаны төменде келтірілген). Онда комиссиянын жеке құрамы
көрсетіледі; кұндылықтардын қай түрлері түгендеуге жатады; түгендеуді
жүргізудің негізі (жоспарлы, материалдық жауапты тұлғаладың ауысуы, қайта
бағалау және т.б.) түрі және көлемі; түгендеудін басталу және аяқталу күні
мен уакыты; бухгалтерияға түгендеу құжаттарын өткізу мерзімі. Өкімге
(бұйрыққа) сауда мекемесі (кәсіпорын) жетекшісі мен бас бухгалтер кол.
қояды, және бухгалтер оны түгендсуді өткізу туралы өкімдердің
(бұйрықтардың) орындалуына бақылау кітабына тіркейді.
Түгендеу комиссиялары түгендеуді белгіленген тәртіп пен уақьптылы жүргізуді
сақтау; тексерілген тауарлық-материалдық қорлардың заттай нақты қалдықтары
туралы түгендеу тізімінде жазылған деректердің толық және дұрыстығына;
түгендеу тізімінде көрсетілген тауарлардың ерекшелік белгілерінің (баға
көрсеткіштердегі реттік нөмірі, артикул, сорт, мөлшері және т.б.)
дұрыстығын; және оларды сауда мекемесінің кәсіпорнының бухгалтериясына дер
кезінде өткізу үшін жауапты болады.
Тауарлар мен басқа құлдылықтардың жетіспеушіліктер мен ысыраптарды немесе
артықшылықтарды жасыру мақсатында тауарлық-материалдық қорлардың нақты
қалдықтары туралы біле тұра дұрыс емес деректерді түгендеу тізіміне
енгізгені үшін тергеу комиссиясының мүшелері заңмен белгіленген тәртіппен
жауапкершілікке тартылады.
Құндылықтардың нақты қалдықтарын олардың барлық сақтау орындарында
анықтауды тездету мақсатында ірі көтерме (базалар мен қоймалар) және бөлшек
сауда кәсіпорындарында (универсамдар. тастрономдар) бірнеше шағын
комиссиялар құрылуы мүмкін, олар түгендеу комиссиясы төрағасының
жетекшілігімен жұмыс істейді. Әрбір шағын комиссиясының құрамына әкімшілік
өкілі (шағын комиссия торағасы), бухгалтерлік кызметтің өкілі және
материалдық жауапты тұлғалар (кәсіпорындардың, бөлімдердің меңгерушілері
және олардың орынбасарлары) немесе материалдық жауапты тұлғалар
бригадасының бір немесе бірнеше мүшелері кіреді. Түгендеу комиссиясының
төрағасы шағын комиссиянын жұмысын ұйымдастырады, кәсіпорын бойынша
бүтіндей түгендеу жүргізуді камтамасыз етеді.
Комиссия торағасы мен материалдық жауапты тұлға шағын комиссиялар
жасаған барлық түгендеу тізімдерінін жиынтық деректері бойынша барлық
кәсіпорындарындағы тауарлық-материалдық қорлардың бары туралы жинақ кесімін
ресімдейді де, олар қол қояды.
Түгендеу нәтижелерінің әділдігі мен нақтылығын қамтамасыз ету үшін
олардың кенеттілігінің үлкен маңызы бар.
Сондықтан кәсіпорынның тұлғаларына түгендеу жүргізуді орындау тапсырылған
түгендеу комиссиясының келгеннен ерте белгіленген түгендеу мерзімі туралы
хабарды жеткізу үзілді-кесілді тыйым салынады.
Түгендеу туралы өкімді сауда мекемесі (кәсіпорын) жетекшісі түтендеу
комиссиясы төрағасына түгендеудің тікелей басталу алдында ғана тапсырады.
Комиссия төрағасына сондай-ақ бақылау пломбирі тапсырылады. Бұнымен бірге
бір уақытта мекеме жетекшісі бас бухгалтердің қатысуымен түгендеуді өткізу
тәртібі туралы нұсқау береді.
Түгендеуді жургізуге дайындык жэне техникасы. Тауарлық-материалдық
қорларды түгендеуді жүргізу туралы өкімге (бұйрықта) қатал көрсетілген
мерзімде басталуға және түгендеуді тағайындаған кезіндегі сауда мекемесі
(кәсіпорын) жетекшісі белгіленген тығыз және қатал шектелген мерзімде
жургізілуге тиіс. Тауарлардың сақталу жай күйлері мен жағ-дайлары негізінде
әрбір түгендеудің ұзақтығы қатал белгіленген мерзімдері құндылыктардың
нақты бар болуы мен жай күйлерін тексеруде мақсатқа бағытталған жұмысты
ұйымдастыруды, бұндай ауыр және жауапты жұмыстың қарқынын әлсіретуге жол
бермеуге және түгендеуді тез аяқтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл тауар оралымының келеміне теріс ықпалын тигізетін сауда
кәсіпорындарының жұмысындағы үзілістерді мүмкіндігі барынша көп қысқарту
үшін қажет.
Түгендеуді бастау алдында сауда кәсіпорынның бөлмелерін (жайларын)
жауып, тауарлық-материалдық қорлармсн жасалатын операцияларды тоқтату
кажет. Бірақ сауда кәсіпорнындағы болған сатып алушыларға түгендеу
комиссиясы жұмысының басталуына дейін кызмет көрсетуге тиіс. Сатып
алушыларды бірінші қажетті тауарлармен үзіліссіз камтамасыз ету және оларға
кызмет көрсетуді жақсарту үшін сауда кәсіпорынның басшылығы комиссия
төрағасының келісуі бойынша тугендеу басталғанға дейін бұл тауарларды
лотоктар және басқа шағын сауда жүйелерінен сатуды ұйымдастыру үшін оларды
босатуларына болады. Құндылықтарды түгендеу кезінде оларды босатуға рұксат
етілмейді.
Түгендеу комиссиясы нақты барды тексеруге кірісуден бұрын кемекші
бөлмелер, төлелер және бөтен адамдардың
кіргізбеу мақсатында жеке кіретін және шығатын есіктері бар тауарларлық-
материалдық қорлардың басқа сақталу орындарын пломбалау керек, және көшеге
шығатын есікке болашақ түгендеуді, оның жүргізу мерзімі туралы және осы
тауарлармен сауда жасайтын дүкендердің мекен-жайын көрсетіп хабарландыру
ілінеді.
Тауарлық-материалдық қорлардың барын тексеруді бастау алдында түгендеу
комиссиясы кассирлер мен басқа материалдық жауапты тұлғалардан (дүкен,
қойма, бөлім, секция және т.б. меңгерушілерінен) кұндылықтардың түсуі мен
шығу жөніндегі кіріс және шығыс кұжаттары тіркелген және түгендеу мерзіміне
калған ақшалар, тауарлар мен ыдыстардың қалдықтары шығарылған соңғы
кассалық және тауарлық (тауарлық-акшалай) есеп берулерін немесе кіріс және
шығыс кұжаттарының тізімдерін алуға тиіс. Есеп берулер үш данадан жасалады
да, біріншісін түгендеу комиссиясы төрағасы сауда мекемесінің
(кәсіпорынның) бухгалтериясына береді, екіншісі – комиссия төрағасында,
үшініші дана материалдық жауапты тұлғаларда қалады.
Түгендеу комиссиясы есеп берулер мен бірге материалдық жауапты
тұлғалардан түгендеу басында түскен және шыққан тауарлар жөніндегі барлық
кіріс және шығыс құжаттары соңғы есеп беруге (тізімге) енгізілді немесе
түгендеу комиссиясына берілді және түгендеу комиссиясына көрсетілмеген
ешкандай кұжаттар мен салт ақшалар оларда қалған жоқ деген қолхат алуға
міндетті. Қолхат сондай-ақ тауарлар мен ыдыстардың түскені толық қабылданып
алынғаны, шыққандары шығысқа (есептен) шығарылған және қалған қалдықтары
жөнінде көрсетіледі. Қолхат түгендеу тізімінің басында келтірілген.
Түгендеу тізімінің нысаны төменде келтірілген.
Тауарлық-материалдық қорлардың түсу мен шығу жөніндегі қандай да
болсын кұжаттардың жауапты тұлғалардың қолында қалуға тыйым салынады.
Комиссия алынған кассалық және тауарлық (тауарлық-акшалай) есеп
берулерді, сондай-ақ оларға тіркелген барлық кіріс және шығыс құжаттарын
мұкият тексереді. Мұнда есеп берулерге құндылықтарды басқа кәсіпорындарға
(филиалдар, бөлімдер, секцияларға) ішкі жіберуге жазылган тауарлық
кұжаттарға, осындай ішкі жіберуге мекеме жетекшісі мен бас бухгалтердің
рұқсатының бар болуына ерекше көңіл аудару қажет. Мұндай тексеру
жетіспеушілікті жасыру үшін тауарсыз құжаттарды көрсетуі мүмкін жағдайларды
аныктау мақсатында жүргізіледі. Тексеруден кейін комиссия төрағасы барлық
кіріс және шығыс құжаттарына бұрыштама кояды, ал бөлшек сауда кәсіпорындары
бойынша, бұдан баска, есеп берудегі көрсетілген тауарлар мен ьдыстар
қалдықтарының сомасын тексереді. Мұнда әрбір құжатқа, кассалык және
тауарлык (тауарлық -ақшалай) есеп берулеріне түгендеу комиссиясы
төрағасының кол таңбасымен мөртабан (немесе қолдан жазылады) Түгендеуге
дейін …(күні) басылады. Құжаттардағы, кассалық және тауарлық (тауарлық –
ақшалай) есеп берулеріндегі бұл жазулар бухгалтерия үшін есеп деректері
бойынша тергеу басындағы тауарлық-материалдық қорларды анықтауға негіз
болады.
Алынған соңғы кассалық және тауарлық (тауарлық-ақшалай) есеп берулер
негізіндегі бухгалтерия түгендеу, басына барлык кіріс және шығыс құжаттарды
тексеру мен өндеуді аяқтауға, талдамалы шоттарға таратып жазуға, тугендеу
мерзіміне құндылықтардың әрбір атаулары бойынша қалдықтарды анықтауға
міндетті. Осы уакытқа қойма есебінің регистрлеріне (кәртішкелер немесе
тауарлық кітаптарға) құндылыктардың түсуі және шығуы жөнінде жазулар
аякталуы және түгендеу мерзіміне олардың қалдықтары есептеліп шығарылуы
тиіс.
Түгендеу нәтижелерінің дәлдігін (дұрыстығын) қамтамасыз ету үшін
комисся барлық бар салмак өлшеу аспаптарының. бакылау-кассалык
мәшінкелердің таңбалау мерзімінің сакталуын, түзулігі мен көрсеткіштерінің
дәлдігі, және Мемлекеттік стандарттау органдарының тексеру жүргізілген
күнін тексереді де, бұл туралы кесім жасайды.
Бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарлық-материалдық қорлардың түгендеуі
бар болған салт ақшалардың қалдықтарын алу және кассирлер мен сатушылардағы
ағымдағы күннін сауда түсімін аныктаудан басталады. Бакылау-касса
мәшінелері және кассирлер лауазымдары бар бөлшек сауда кәсіпоындарында
кассадағы нақты барды тексергенде тугендеу комиссиясы кассирлер көрсеткен
акша белгілерінің жеке тұрлері бойынша.
Мекеме «Дина и К» ЖШС
Кәсіпорын №1 дүкен

№ 1дүкендегі касса калдықтарын алу келсімі 20хх жылғы 5наурыз

Дина и К» ЖШС өкілі Ахметов Т.О.
Дүкен директоры Аманова_К.С. Бас бухгалтер Суркова Т.В.
Кассир Омарова Л.С. қатысуымен кассир Л.С. Омарованың
жауапты сақталуындағы кассалық барлықтарды тексеру
жүргізілді:
а) салт ақшалар 560 тенге -тиын
б) пошта маркалары – тенге – тиын
в) касса төлеген кұжаттар -тенге -тиын
Жиынтығы 560_теңге-тиын
Бес жүз алпыс теңге – тиын
(жазбаша)
Касса аппараты санауыштарының көрсетулері
№3691 Теңге 323400 №3543 Теңге 348701
ЖШС өкілі.
(кол таңба)
Дүкен директоры.
(қол таңба)
Бас бухгалтер
( қол таңба)
Кассир
(қол таңба)

тауарлармен қамтамасыз етілмеген тауарлық чектерді, пошта маркалары, бағалы
қағаздарын санап шығарады. Кассаны тексеру нәтижесі төменде келтірілген
нысанадағы арнайы кесіммен ресімделген.
Кассирлер лауазымы жоқ бөлшек сауда кәсіпорындарында салт ақшаларға жеке
кесім жасалмайды. Бірақ нақты болған салт ақшалар сомасы түгендеу тізімінің
бірінші бетінде жазылады.
Тауарлар, ыдыстар және басқа құлдылықтарды түгендеуді әрбір материадық
жауапты тұлға (бригада) және тауарлық-материалдық қорлардың тұрған орындары
бойынша міндетті түрде материалдык жауапты тұлғалардың (кассирлер, қойма,
магазин, бөлім меңгерушілерінің және т.б.) қатысуымен жүргізіледі де,
түгендеу тізімдері әрбір материалдық жауапты тұлға (бригада) бойынша
толтырылады.
Егер бір материалдық жауапты тұлғада тауарлар әртүрлі бөлек бөлмелерде
(жайларда) сақталса, онда түгендеу сақталу орындары бойынша бір ізділікпен
жүргізіледі де, жеке түгендеу тізімімен ресімделінеді, одан кейін
бөлмеге кіретін есік пломбаланады да, комиссия жұмыс үшін
келесі бөлмеге ауысады. Түстік тамаққа үзіліс кезінде немесе
тауарлық-материалдық қорларды түгендеу бір күнде бітпеген кезде
түгендеуге қатысқан тұлғалар бөлмеден бір уакытга шығады. Бөлмені жауып,
пломбалайды немесе мөрлейді, кұлыптың кілті тауарлық-материалдық қорларға
жауапты тұлғада қалады, ал пломбир (кішкене мөртаңба) түгендеу кезенінде
түгендеу комиссиясы төреағасында болады. Түгендеу тізімдері бұл жағдайда
жабық бөлмеде қалдыруға және сейфте немесе шкафта сақталуға тиіс.
Түгендеуге жататын барлық тауарлық-материалдық қорлар заттай
тексеруге ыңғайлы болу үшін (атаулары, сорттары, мөлшерлері, бағалары жэне
с.с.) бойынша жіктелуі керек, бір және сол тауар әртүрлі орындарда
болмағаны және қалдықтарын алғанда қалып қойған немесе оларды қайта санау
болмағаны керек.
Тауарлық-материалдық қорларын түгендеу олардың сол бөлмеде орналасу
ретіне карай жүгізілуге тиіс. Түгендеу барысында тауарлық-материалдық
қорлардың бір түрінен екіншісіне ретсіз ауысуға рұқсат етілмейді.
Буып-түюден шешілген тауарлардың нақты қалдықтары кайта санау,
таразыға тарту және өлшеу арқылы анықталады. Таразыға тартатын тауарлар
соны көп болғанда, өлшеу нәтижелері бір уакытта материалдық жауапты тұлға
мен комиссияның бір мүшесі жүргізетін өлшеулер ведомосттарына жазылады.
Жұмыс күні соңында немесе таразыға тарту аякталғанына карай ведомосттардағы
жазулар салыстырылады да жалпы жиынтық түгендеу тізімінде көрсетіледі.
Үйіліп сақталатын тауарлардың салмағы мен көлемін аумағын өлшеу мен
техникалық есептеу негізінде анықтайды да, арнайы кесім жасалады, онын
негізінде түгендеу тізіміне тиісті жазу жүргізіледі. Өлшеулер ведомосттары
мен өлшеу келісімдері тізімдерге тіркеледі.
Көтерме базалар. қоймалар және мұздатқыштарда,. ыдыстардағы тауарлар
ашылуға тиіс емес және бүтін (бұзылмаған) және немірленген киптар, жәшіктер
мен бөшкелердегі сол немесе өзге тауарларды қайта таразыға тарту немесе
санау максатсыз екені айқын болғаңда түгендеу тізіміне спецификациялар
немесе ыдыстағы таңбалау негізінде енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда
түгендеу комиссиясы міндетті түрде керсетілген кұндылыктарды іріктеу аркылы
жекелеген орындарды ашып, тексеру жүргізеді де, бұл жөнінде түгендеу
тізімдерінде тиісті ескерту жасалады, міндетті іріктеуі тексеруге ашылмаған
орындардың 10% кем емес бөлігі тартылуға тиіс, ашқан кезде олардың бұзылуы
немесе сапасының түсуі мүмкін тауарларды қоспағанда. Егер іріктеп тексеру
нәтижесінде нақты бар тауарлар мен спецификация немесе таңбалау
деректерінің арасындағы айырмашылық белгілі болса, онда түгендеу
комиссиясы тауарлардың барлық орындарын және олардың бар болуына толық
тексеру жүргізуге міндетті. Түгендеу тізіміне спецификация (кұжат) немесе
материалдық жауапты тұлғаның сөзінен олардың бар екенін тексермей енгізуге
тыйым салынады. Қатар – қатар сақталған тауарлардың әрбір ыдыстағы
орындарының ішіндегісін тексеру үшін олар еркін кіріп көретіндей орналасуы
керек.
Бөлшек сауда орындарында тауарларды түгендеуді көмекші қойма
бөлмелерден бастау ұсынылады да, бұл кезде сауда залында тауарларды
дайындау керек. Барлық тауарлар түгендеуге түгендеу комиссиясының
қатысуымек дайындалуға тиіс. Мұнда барлық ашылмаған ыдыстардағы (жәшіктер,
бөшкелер) тауарлар ашылуға және саны бойынша қалай, сапасы бойынша да солай
тексеруге тиіс. Орындар санын (бөшкелер, жәшіктер және с.с.) олардың
ішіндегісін мұқият тексермей санаумен шектелуге тыйым салынады.
Ыдыстағы тауарларды ашуға және тауарларды ашу оларды бұзылуға немесе
сапасының төмендеуіне әкелетін жағдайларда және буып-түйілген тауарлар
жабдықтаушының пломбаларымен бұзылмаған ыдыстарда сақталса, олар іріктеліп
тексеріледі. Бұл жағдайларда тауарларды ашу және тексеру іріктеу арқылы
жүргізу көтерме базарлары мен қоймаларындағыдай, бұл туралы жоғарыда
айтылды.Ашылмаған тауарлардың салмағы және саны ыдыстағы таңбалау
(трафарет) бойынша анықталады.
Көтерме сауда кәсіпорындарында тауарларды түгендеуді өткізуді тездету
және түгендеу тізімдерін дербес компьютерлердің көмегімен толтыру үшін
материалдық жауапты тұлғалардың тауардың … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz